Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет464/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасы 
уретраның, цервикальды түтіктің, қынап 
күмбезінің, бартолиндік және парауретральдық бездердің кілегей 
қабатынан алынған
 
нативті жағындыларда (қара жазық немесе 1% 
метилиндік көк немесе Грам бойынша боялған) тікелей 
T. 
Vaginalis
-ті анықтау негізделген. Культуральды тексеру әдісі 
диагностиканың сапасын артырады (сезімталдығы 95%).
Емі.
Урогенитальды трихомониаз байқалатын ауруларды 
емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
Урогенитальды трихомониаз (асқынусыз): 
Келесі берілген препараттардың бірін қолданады: 
– метронидазол – 2,0 г бір рет ішуге немесе 500 мг әр 12 сағат 
7 күн бойна ішеді; 
– тинидазол – 2,0 г бір рет ішеді
– орнидазол – 500 мг-нан әр 12 сағат сайын 5 күн ішеді; 
Урогенитальды 
трихомониазды 
(асынған 
немесе 
қайталаған) емдеу 
үшін
 
ұсынылып отырған дәрілердің бірін 
қолданады:
– метронидазол – 2,0 г-нан тәулігіне бір рет 3-5 бойына немесе
500 мг-нан тәулігіне 3 рет 7 күн бойына ішеді; 
– орнидазол – 500 мг-нан әр 12 сағатта 10 күн бойна ішеді; 
– тинидазол – 2,0 г-нан тәулігіне 1 рет 3-5 күн бойына ішіеді.
Жергілікті әсер ететін протистоцидті препараттарды бірге 
қолдануға болады: метронидазол – 500 мг-нан (қынаптық 
таблеткалар) тәулігіне 1 рет 6 күн бойына қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет