Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


 ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛДАРМЕН ЖҰҒАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет462/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

4.3. ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛДАРМЕН ЖҰҒАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР 
 
4.3.1.
 
У
РОГЕНИТАЛЬДЫ ТРИХОМОНАДАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ
 
 
Қарапайым 
микроорганизм 
Trichomonas 
vaginalis
-пен 
шақырылатын және жыныстық жолмен жұғатын адам 
инфекциялық ауруы.
Зәр-жыныс трихомониазына көңіл бөлу
T. Vaginalis
-тің басқа 
жыныстық жолмен жұғатын инфекциялармен (ЖЖЖИ), атап 
айтсақ АИВ-пен, қарым-қатынасына байланысты арыта береді. 
Этиологиясы.
Қынаптық трихомонада 
(T. 
Vaginalis)
Trichomonas
ұрпағына жатады. 
T. Vaginalis
өзгерімпаз түрлі бір жасушалы қарапайым 
организм. Жиі алмұрт пішінді түрі кездеседі. 
Қынаптық трихомонаданың айқын қозғалғыштық қасиеті бар, 
сондықтан ол жасушалық элементтер арасында тез қозғалып жүре 
алады. Қарапайымдылар көптеген факторларға сезімтал: 60
о
С
градуста, дистиллирленген суда, Б хлораминнің 1% ертіндісінде, 
шаруашылық сабын әсерінен бірден өледі.
Әдетте, 
жыныстық жолмен 
жұғады. Инкубациялық кезең 7-
10 күнге (орта есепен 3 күннен 1 айға дейін, тіптен одан көп 
уақытқа) созылуы мүмкін.
Балалардың инфекциялануы
анасының туылу жолынан 
өткенде, тікелей жыныстық қатынаста, сирек – балалар күтімінің 
және жеке гигиенасының ережелерін сақатмағанда, байқалады. 
Қарапайымдылар зәр-жыныс мүшелерінің кілегей қабатына 
түскенде инокуляция болатын жерде қабыну құбылысын 


шақырады, 
содан 
соң 
уретраның, 
бездердің 
қосымша 
қуыстарының кілігей қабаттарына тарап қабынуды шақырады. 
Олардың зәр қабына, бүйрек тостағаншаларына, қуықасты безге, 
жытыр түтігіне түсіде мүмкін. Трихомонадтардың зәр-жыныс 
мүшелеріне түсуі әруақытта қабынудың дамуымен аяқталмайды –
трихомонада тасымалдаушы
да болуы мүмкін.
Зәр-жыныс жүлделерінің кілегей қабатының жағдайы қабыну 
процессінің дамуына әсер етеді. Оның дамуына басқа, әсіресе 
кілегей қабатын «жыртып тастайтын» гонококкты, инфекцияның 
болуы трихомонадалардың енуін жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет