Рефлексотерапия, акупунтураның
(инемен емдеу) емдік
әсерінің негізінде ОНЖ мен оның вегетативті жүйесін
қалыптастырып, қышынуды басатын, тіпті жоятын әсері бар
нейрорефлекторлы механизм жатыр. Осыған байланысты түрлі
дерматоздардың, әсіресе қышумен жүретін дерматоздардың
емінде инемен емдеу кеңінен қолданылады.
Қышынуға қарсы әсерде бастаушы рольге ие тері арқылы
электронейростимуляция, опиоидты және серотонинергиялық
механизм арқылы эндогенді антиноцицептивті жүйеге әсер етеді.
Нейрофармакотерапия.
Жиі кездесетін дерматоздардың көбі
қышыну, мазасыздану, қорқыныш сезімімен, ұйқысының
бұзылысымен, кейде депрессивті жағдаймен де өтеді. Сондықтан
мұндай науқастарға тыныштандыратын дәрілер қолданылады.
Психотропты дәрілер эмоциональдық жағдайы мен іс-әрекетіне,
психикалық
қызметіне
әсер
етеді.
Дерматологияда
нейроплегиялық дәрілер, транквилизаторлар, седативті дәрілер,
антидепрессанттар, аналептиктер, жандандырушы дәрілер,
ганглиоблокаторлар
мен
антиадренергиялық
препараттар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |