Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Қазақстанда дерматовенерологияның дамуы



Pdf көрінісі
бет13/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Қазақстанда дерматовенерологияның дамуы 
 
Қазақстан Республикасында дерматология бойынша ғылыми 
зерттеу жұмыстарының басталуы 1931 жылы Алматы қаласында 
Қазақ тері аурулары және венерология ғылыми зерттеу
институтының ашылуымен байланысты. Одан әрі бұндай 
зерттеулер 
медицина 
институттарының 
және 
Алматы 
дәрігерлердің 
біліктілігін 
жетілдіру 
институтының 
кафедраларында 
жүргізілді. 
Қазақстан 
жеріндегі 
емдік 
балшықтарды, минеральды және радонды суларды қолдану 


көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері анықталды, олардың 
организмге және теріге әсер механизмі ашылып, оларды тері 
ауруларында қолдану әдістері жасалды (С.А. Поплавский, Р.Г. 
Акимочкина және басқалар). Тері саңырауқұлақтық ауруларының 
эпидемиялогиясы мен клиникасы зерттелді, оларды емдеу және 
алдын алу әдістері жасалды (У.Б. Бердыбаев, Г.Р. Қарсыбекова, 
Г.А. Мулагулова және басқалар). Тихофитияның клиникасы мен 
патоморфологиясы суреттелді (У.Б. Бердыбаев). Терінің 
тамырлары мен нервтерінің оның зақымдалуына реакциясы 
анықталды, республикадағы өндірістердің жұмысшыларында
экземаның және нейродерматоздардың даму механизмі ашылды 
(Р.К. Макашева, А.И. Мартынова), лепредағы байқалатын терідегі 
өзгерістер 
зерттелді 
(Р.Х. 
Абдусаметов). 
Экземадағы, 
нейродерматоздардағы, 
псориаздағы, 
созылмалы 
пиодермиялардағы 
және 
басқалардағы 
иммундық 
және 
биохимиялық бұзылыстардың маңызы анықталды.
Қазақстан дерматовенерологиясының негізін қалаушылар: 
Бердыбаев Оңғарбай Бердыбайұлы (07.02.1911 – 28.09.1971 ж.ж.), 
медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі 
сіңген қайраткер. 1937 жылы Алматы мемлекеттік медицина 
институтын тамамдаған, 1952-1958 жылдары Қазақ ТВҒЗИ 
директоры, 1958-1971 жылдары Алматы медицина институты 
кафедрасының меңгерушісі; Макашева Раиса Каримовна Алматы 
медицина институтын 1942 жылы тамамдаған, Ұлы Отан 
соғысына қатысқан, 1971 жылдан кафедра меңгерушісі, 1978-81 
жылдары Қазақ ТВҒЗИ директоры болып қызмет атқарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет