2.1.3.
Т
ЕРІНІҢ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАРЫ
Кейбір дерматоздар адам терісіне енетін жәндіктермен
(кенелер, биттер, бүргелер) шақырылады.
2. 1.3.1. Қотыр
Қотыр
Sarcoptes scabiei (Sarcoptes hominis)
кенелерімен
шақырылатын жұқпалы паразитарлы дерт.
Әсіресе жиі жеке гигиеналық ережелерін сақтамайтын, тығыз
(тар) жағдайларда тұратын адамдар ауырады. Жұғу ауру адаммен
қатынаста болғанда (
тікелей
жұғу жолы) немесе науқастың
инфицияланған жеке құралдарын қолданғанда (
тікелей емес
жолы) жұғуы мүмкін. Қотырды жұқтыру жыныстық қатынаста,
бір төсек жабдықты, ортақ сүлгі, мочалка немесе киім
қолданғанда, жұғуы мүмкін. Қотырмен ауыратын науқастардың
көбі – балалар және 29 жасқа дейінгі жастар.
Қотыр кенесінің көлемдері үлкен емес (0,25–0,35 мм) және
нашар көрінеді. Кенелер дөңгелек формалы және сыртқы кескіні
тасбақаға ұқсас келеді
(36-сурет).
Қотырлық жолдан бөлінген
кене әйел жыныстыларының өмір сүру қабілеттілігі 5–15 күн
бойына созылады.
Клиникасы.
Инкубациялық кезеңі
орта есеппен 8–12 күнді құрайды.
Кененің
теріге
енген
жерінде
кішкентай көпіршік пайда болады. Ең
бастысы және жиі қотырдың бірінші
белгісі қышудың күшеюі, әсіресе
бірден кешке және түнде науқас
төсегіне жатқаннан кейін пайда болуы
есептеледі.
Жұп және шашыраған нүктелі
түйінді – көпіршікті бөртпелену,
қотырлық жол (сұр түсті штрих тәрізді үзікті сызықтар (пунктирлі
линиялар) және теріні қасығаннан сызаттардың пайда болуы.
Қотырдың орналасуы саусақаралық терінің қыртыстары, қол
саусақтарының бүйір беткейі, кәріжілік-білезік буындарының
бүгілу беткейі, білектің жазылу беткейі, шынтақ буыны, дененің
Достарыңызбен бөлісу: |