Профилактикасы аурудың ерте диагностикасы және
науқасты белсенді анықтаудан тұрады. Қатынаста болған
адамдарды тексеруге, сонымен қатар прфилактикалық шара
ошақты қорытынды дезинфекциялауға ерекше мән беріледі.
Барлық анықталған қотырмен ауыратын науқастарға арнайы
хабарлама толтырылады. Қотырмен тиімді күресудің басты
шарты зақымдалған ошақта барлық науқастарды бір уақытты
емдеу болып табылады.
Қотырмен
ауыратын
науқастарды
емдеу
және
дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін эпидемиялық қолайсыз
жағдайда арнайы мекеме – скабиозориялар құрады. Үй
жағдайында іш киімдерді кін жуатын ұнтақ ерітіндісінде
қайнатады (қайнағаннан бастап 10–15 минуттан кем емес), ал
киімдерін булы ыстық үтікпен екі жағынан үтіктейді. Қайнатуға
немесе жууға болмайтын заттарды дезинфекциялау үшін А – ПАР
аэрозолін қолдануға болады.
Кеңес беру. Қотыр кең тараған ауру болғандықтан, дәрігер-
стоматолог оның тән клиникалық белілерін және ағымының
әртүрлі нұсқаларын білулері керек. Егер науқас стоматологиялық
ауруханада болса, диагноз қойып, ем тағайындап, жедел
хабарламамен
тері-венерологиялық
диспансерге
хабарлап,
науқасты ауруханадан шыққаннан кейін, сонда жіберу қажет.