Профилактикасы
. Науқас қолданған бұрынғы заттарды
дезинфициялайды.
Микроспориямен
ауырған
науқастың
отбасының барлық адамдарын, сонымен қатар үйінде жануарлар
болса аптасына 1 рет люминесцентті лампаның көмегімен 1,5–2
ай бойы қарайды. Ұйымдастырылған ұжымдарда балаларды жиі
тексереді (карантин 3–6 апта бойына), санитарлық шаралар
жүргізіледі. Ғимаратты екі реттік санитарлық-эпидемияға қарсы
өңдеу (біріншілік және соңғы) көрсетілген. Төсек жабдықтарына,
киімдерге дизенфекция жүргізеді.
Т
ЕРІ МЕН КІЛЕГЕЙ ҚАБАТТАРДЫҢ БЕТКЕЙ КАНДИДОЗЫ
Кандидоз
– ашытқы тәрізді
Candida
туыстығының
саңырауқұлақтарымен шақырылатын тері, клегей қабаттарының,
тырнақ пластинкаларының және ішкі мүшелердің инфекциялық
аурулары.
Қазіргі уақытта ауру және сау адамдардың арасында шартты –
патогенді ашытқы тәрізді
Candida
(Monilia)
туыстығы
саңырауқұлақтарының таралуы, сонымен қатар әртүрлі жастағы
адамдардың кандидозбен аурушаңдылығы көбеюде.
Этиологиясы.
Candida (Monilia)
туыстығының ашытқы
тәрізді
саңырауқұлақтары
–
дейтеромицеттерге
жатады.
Қоздырғыш ретінде
C. albicans
түрі көп таралған.
Candida albicans
ашытқы тәрізді саңырауқұлақтары –
салыстырмалы үлкен көлемді, овальды, дөңгелек, кейде овальды-
созылмалы болып келетін бір клеткалы микроорганизмдер. Олар
псевдомицелийлар (ұзын клеткалы жіпшелер), бластоспоралар
(псевдомицелий жалғамаларына (перетяжкаларына) отыратын
бүйрек клеткалары) және екі қабатты споралар түзеді.
Candida
туыстығының
саңырауқұлақтары
шынайы
псевдомицелий
ашытқыларынан аскоспораларының (клетка ішілік қалталардағы
споралар) жоқтығымен және биохимиялық ерекшеліктерімен
ажыратылады.
Candida
туыстығының саңырауқұлақтары жиі нәресте өмірінің
алғашқы сағаттарында немесе күндерінде, сонымен қатар
құрсақішілік кезеңде енеді. Ұрықтың құрсақішілік инфициялану
мүмкіндігі
саңырауқұлақтардың
қағанақ
суында,
бала
жолдасында, кіндік қабында анықталуы. Кейіннен жаңа туған
нәрестенің жұқтыруы босану жолдарынан өткен кезде, ауыз
қуысының кілегей қабатынан, ему кезінде емшек ұшы терісінен,
күтім кезінде қол терісінен жұғуы мүмкін. Кандидоз қоздырғышы
орта есеппен әрбір 3-ші адамнан ішектерінен, жыныс
жолдарынан,
бронхиальды
секреттен
бөлінеді.
Candida
туыстығының саңырауқұлақтары адам организміне тұрмыстық
құралдар, ыдыстар, сонымен қатар тағаммен енуі мүмкін. Осы
саңырауқұлақтар шикі етте, сүтті тағамдарда, әсіресе ірімшік,
қаймақ, сонымен бірге жеміс-жидектерде анықталады. Кандидоз
инфекциясының көзі – кандидозбен ауыратын адамдар мен
тасымалдаушылардан басқа, үй жануарлары, әсіресе бұзау,
мысық, бота, сонымен бірге үй құсы болып табылады.
Патогенез.
Барлық
Candida
туыстығы шартты-патогенді
саңырауқұлақтарға жатады, сондықтан кандидоз инфекциясының
патогенезінде
шешуші
болып
қоздырғыш
қана
емес,
макроорганизм жағдайы да маңызды. Саңырауқұлақтың
патогенділігі аурудың дамуында белгілі бір роль атқарады.
Candida
туыстығының саңырауқұлақтарының патогенділік
факторларына
протеолитикалық
ферменттер
және
гемолизиндердің секрециясы, дерматонекротикалық активтілігі
және адгезивтілігі (эпителий клеткаларына жабысу мүмкіндігі)
жатады.
Candida
albicans
штаммалары
макроорганизм
гомеостазының
әртүрлі
өзгерістерінде
өзінің
патогенді
қасиеттерін
күшейтетіндігі
анықталды.
Candida
саңырауқұлақтарының
шартты-патогенді
вируленттілігінің
белсенділігіне қоршаған орта факторлары саңырауқұлақтардың
организмге енуіне көмектесетін (экзогенді), микроорганизм
қарсылығын төмендететін эндогенді факторлар, саңырауқұлақтың
өзінің вирулентті қасиеттері, олардың патогенділігін қамтамасыз
ететін факторлары алып келеді. Қоршаған ортаның қолайсыз
факторларының арасында дене қызуы, тері мацерациясы мен
тершеңдік, теріге және кілегей қабаттарына кәсіби зиянды
әсерлер (қышқылдар, сілтілер, цемент, еріткіштер), кондитерлік
өндірістерде, ақуыз синтездейтін гидролиздейтін цехтарда ауа
құрамында саңырауқұлақ спораларының көп болуы, тері
жарақаттары, әсіресе консервалық өндірістік шикі заттарда осы
саңырауқұлақтардың болуы, тиімсіз гигиеналық режимге алып
келеді.
Кандидозға қантты заттармен және жидек шырындармен,
қымыздық, алма, лимон, сүт қышқылдары мен сілтілер тері
мацерациясына алып келетін кондитерлік және консервалық
өндірістердің жұмысшылары ауырады. Жақсы қоректік ортада
(монша,
бассейндер,
тағам
өндірісінің
жұмысшылары)
саңырауқұлақ вируленттілігі жоғарлайды. Тері мацерациясы
сонымен қатар сатушыларда да болады.
Эндогенді факторлар өте көп. Бірінші орынға иммундық
жетіспеушіліктер,
метаболизм
аурулары
(қант
диабеті,
диспротеинемия, жаралы колиттер, дисбактериоз, семіздік)
шығады. Ауруға созылмалы инфекциялық процесстер, қан жүйесі
аурулары, жаңа түзілістер, микседема, тиреотоксикоз, Иценко-
Кушинг
ауру,
жоғары
тершеңдікпен
вегетодистония,
авитаминоздар алып келеді. 1 жасқа дейінгі балалардың өмірінде
кандидоздың патогенезінде ашытқы флорасының тіршілігінің
тежелуіне, сонымен қатар сілекей бөлінудің физиологиялық
жетіспеушілігі және сілекейде ашытқыға қарсы лизоцим
активтілігінің төмендеуіне, қан сарысуындағы фунгистазының
активтілігінің төмендеуі маңызды роль атқарады. 1 жасқа дейінгі
балаларда
кандидоздың
дамуына
Candida
туыстығының
саңырауқұлақтарының өсуіне қолайлы орта болып ауыз қуысына
асқазан ішіндегі қышқылды жиі лоқсу алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |