Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет198/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Сыртқы терапия
.
Жеңіл дәрежесінде емді жергілікті әсерден 
бастау қажет. Сыртқы терапия жиі әсері жүйелі емнен кем
түспейді және жағымсыз әсері болмайды. 
Аурудың прогрессирлеуші стадиясында 1-2% салицил 
жақпамайын қолданады. Стационарлы және регрессирлеуші 
ауруларда құрамында қарамай, нафталан, кортикостероидтар бар 
белсенді жақпамайлар қолданылады. 
Псориазда құрамында таскөмірлі қарамай мен салицил 
қышқылы бар жақпамайлар жақсы әсер береді. Салицил 
қышқылы 
кератолитикалық, 
бактериостатикалық 
және 
фунгицидті әсерімен стероидтардың дерматотропты әсерін 
толықтырады. 
Бастың 
шашты 
бөліктері 
зақымдалған 
жағдайда 
кортикостероидты лосьондар (белосалик, дипросалик, локоид, 
латикорт, элоком), аэрозольды цинкті препараттар – цинк-
перитион бар аэрозольды препараттар (скин-кап) жақсы әсер 
береді. 
Басты жуу үшін құрамында қарамай (фридерм-тар), цинк 
(фридерм-цинк, скин-кап) бар емдік су сабындар қолданылады. 
Процесс тұрақтанған жағдайда санаторлы-курортты ем (Сочи, 
Мацеста, Пятигорск, Кисловодск, Талги), массаж, ЕДШ
жүргізіледі. Псориаздың барлық кезендерінде тиімді санитарлы-
гигиеналық режим ұсынылады. 
Кеңес беру. 
Науқасқа дерттің жазылмайтынын, бірақ тұрақты 
тиімді емделгенде ұзақ ремиссиялар болатынын, қайталауға 
қарсы емнің және санаторлық-курорттық емнің керектігін 
түсіндіру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет