Алдын-алу . Склеродермияның барлық түрімен ауыратын
науқастар есепке алынады. Жүйелі диспансерлік бақылау, жалпы
және жергілікті емді қамтитын қажетті ем, ЕДШ, санаториялық-
курортты ем клиникалық ремиссияның ұзаққа созылуына ықпал
етеді.
Кеңес беру. Науқастың көңіл триггерлік факторларға
(салқындау, инсоляция, дәрілік заттар және басқалар) аудару
керек. Дәрігер-стоматолог науқасты зерттеуге және мүмкін
болатын арандатушы фаторларды анықтауға көңіл бөлу керек.
2.4. МАЙ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ Май бездері өте кең таралған безеулік ауру (акне) мен себорея
ауруларында зақымдалады.
Май бездері шаш қапшықтарының эпителийінен дамып, көп
жағдайда шаш қалталарына ашылады. Қызыл ерін, сыртқы
жыныс мүшелері мен қабақтың мейбомиев бездері шаш
қалталарымен байланыспайды, бірден сыртқа ашылады. Май безі
бөлінісі – тікенекті қабатпен өндірілетін эпидермальды липид пен
өзі өндіріп шығаратын липидтердің қоспасы. Бүкіл тері беткейін
жауып жататын терілік май (“липидті мантия”), теріні жұмсақ
етеді және теріні сыртқы орта тітіркендіргіштерден, сонымен
қатар микроорганизмдер, саңырауқұлақ пен вирустардан
қорғайды. Май бездері алақан мен табаннан басқа терінің барлық
бөлігінде орналасады. Май бездері ең тығыз бетте (мұрын, ауыз-
мұрын үшбұрышы, маңдай) орналасқан, яғни 1 см²-та 400-900-ға
дейін, сондай-ақ бастың шашты бөлігі, жауырын аралығында,
кеуденің жоғарғы бөлігінде де орналасады. Бұл жерлер
себореялық (латын тілінде
sebum – сало,
rheo – ағу) деген атауға
ие.