Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет223/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
86-сурет. Ромберг бет 
гемитрофиясы 


күйге енеді, бұл өз кезегінде сөйлеу мен жұтуды қиындатады. 
Бастың шашты бөлігінде атрофиялық процесс апоневрозды қосып 
алады, ошақтағы шаш түсіп қалады. Бір уақытта құрғау
қабыршақтану, телеангиоэктазиялар, кейде ойық жаралар 
дамиды. Аурудың үш кезеңі – ісіну, тығыздалу мен атрофия – 
жүйелі және ошақты склеродермияның ұқсастығын көрсетеді. 
Дегенмен ағымының ауырлығы, ішкі мүшелердегі өзгерістер
плюригландулярлы эндокринді бұзылыстар тері зақымдалуынсыз 
немесе оның алдында дамуы мүмкін, бірақ жиі олар жайылған 
процесс фонында бір уақытта дамиды. 
Айқын висцеральді бұзылыстар анықталады: асқазан-ішек 
жолының бұзылысы (стеноздар, перистальтиканың бұзылысы, 
оиық 
жаралардың 
пайда 
болуы), 
миокардиодистрофия, 
эндоперикардит, миокардиосклероз, гипертензия, пневмосклероз, 
нефросклероз бен нефропатия, бұлшықет, сүйектер, буындардың 
және т.б. зақымдалуы. Жүйелі склеродермияның көрінісі тері 
зақымдалуынсыз немесе оның алдында дамиды. Жүйелі 
склеродермиямен ауыратын науқастардың қан сарысуынан тура 
емес 
иммунофлюоресценция 
әдісімен 
антиядролы 
және 
антицитоплазмалық факторларды анықтайды, бұл иммунитеттің 
бұзылысы туралы мәлімет болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет