Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет222/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

а
б
в
г
 
85-сурет. Склеродермия:
а – дақтық түрі; б – қатпарлық түрі; в – сызықтық түрі; г – беткей түрі 


айналасында бозкорған түстес сақина байқалады, дисхромия 
болуы мүмкін.
Кей жағдайда шеткі сақина қатпарлары склеродермиядағыдай 
көкшіл түсті болады. Кейде ошақтарда комедонды еске түсіретін 
лас-қоңыр түсті көптеген фолликулярлы қабыршақты тығындар 
болады. Сирек буллезді немесе пемфигоидты формасы кездеседі. 
Клиникалық көріністерінің көптігіне қарамастан олар шектелген 
склеродермияға жатады, бұл бірнеше формасының бір уақытта 
болуы мен олардың бір формадан екіншісіне өтуімен түсіндірі-
леді. Ажырату диагностикасын қызыл жалпақ теміреткінің 
склероатрофиялық формасымен, лейкоплакиямен жүргізеді. 
Ромбергтің бір жақты үдемелі бет атрофиясымен жүретін 
шектелген 
склеродермия 
(гемиатрофия) 
қатпарлы 
склеродермиямен қатар жүруі мүмкін. 
Гемиатрофия көбіне 20 жасқа дейін басталады, екі жыныстың 
адамдары да бірдей жиілікте ауырады. Процесс көзге жақын, 
төменгі жақ аймағында басталады. Гемиатрофияда эритематозды 
және склеротикалық сатылары болмайды, бірінші кезекте процесс 
тері асты шел майына тарап, артынан төмен жатқан қабаттарға- 
бұлшықет, сіңір мен сүйектерге өтеді, науқас қатты ауырсынады. 
Зақымдалған аймақтарда барлық тіндер атрофияға ұшырайды, 
бірінші кезекте тері асты шел майы қабаты, одан соң 
бұлшықеттер (шайнау, тіл бұлшықеттері және т.б.), сіңір мен 
сүйектер зақымдалады. Қас пен кірпіктер, кейде бастағы шаш та 
түсе бастайды, бірақ зақымдалған аймақтарда тер мен сілекей 
бөлу күшейеді. Аурудың басында болатын қатты невралгиялық 
ауру сезімін жиі тіс ауруымен шатыстырып алады. Онымен қоса 
көптеген сезімталдықтың бұзылулары болады: парестезия, гипо- 
және гиперестезиялар. Беті ассиметриялы қалыпқа енеді, 
зақымдалған бөлігі сау бөлігінен кішірек, терісі атрофиялық, 
жүлге мен қыртыстармен 
(86-сурет)
толы болып келеді. Кейде 
процесс беттің екінші жағына өтеді. 
Жүйелі (диффузды) склеродермияның екі клиникалық түрі 
бар: 
аяқ-қол 
мен 
беттің 
зақымдалуымен 
жүретін 
акросклеротикалық және жайылған. Бұған әкелетін факторларға 
жарақаттар, стресстік жағдайлар мен тоңу жатады. Продромальді 


кезеңде әлсіреу, қалтырау, бұлшықеттердегі, буындардағы 
ауырсыну, ұйқысыздық, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, 
шаршағыштық болады. Олар бет, білек пен балтырдың бозаруы 
мен мұздауымен сабақтасады. Аурудың әрі қарай дамуынан тері 
түсі ақшыл-сұрғылттан сарғышқа айналады, тығыздалуы 
күшейеді, түк тәріздес шаштар түсіп қалады. 
Саусақтар жіңішкеріп дауылпаз таяқшасына ұқсап кетеді. Тері 
жақын жатқан тіндерге бекиді, буындардағы қозғалыс 
қиындайды. Терінің ригидтілігі мен керілуі, оның бозаруы, 
мұздауы 
парестезиялармен, 
салдануымен 
асқынады, 
телеангиэктазиялар 
пайда 
болады. 
Кей 
жерлерде 
тері 
қабыршақтанады, жарықшақтар пайда болып, мутиляциялар 
дамиды. Тері жақын жатқан бұлшықет пен сіңірлермен тығыз 
қосылған, саусақтар өлген адамның саусақтарына ұқсас 
(склеродактилия) болады. Артынан бұлшықет, сіңір, сүйек пен 
тырнақтар атрофияланады, білектің спастикалық бүгулік 
контрактурасы дамиды. 
И.С. Тургеневтің “Тірі күштер” шығармасында беттің өзгерісі 
айқын сипатталған. Беттің терісі, 
тері 
асты 
шел 
майы 
мен 
бұлшықеттерінің склеротикалық 
және атрофиялық зақымдалуынан 
мұрны үшкірленеді, ауыз бұрышы 
тарылады, қатпарланады, ұрты 
солады, ерні жіңішкереді. Бет 
мимикасы жоғалады, бетперде
тәрізді болып, қола реңге енеді. 
Жиі процесске ауыз бен тілдің 
кілегей қабаты араласады. Еріннің 
қызыл жиегі ақшыл реңденіп, 
қабыршақтанады, 
жарықшақтар 
мен жаралар болуы мүмкін. Тері мен еріннің қызыл жиегінің 
ригидтілігі мен тығыздануы микростоманың қалыптасуына 
әкеледі. Ауыздың кілегей қабатының эпителийі атрофияланған, 
жұмсақ таңдайдың деформациясы байқалады. Алғашында тіл ісік 
есебінен ұлғаяды, бірақ кейін фиброзданып, солады, ригидті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет