Актиникалық хейлит үнемі күн сәлесінің әсерінде болатын
адамдардың жиі тек төмеңгі ернін зақымдайтын ауру. Ауру
көбіне көктем-жаз мезгілінде 40 жастан асқан, терінің ашық
фенотипі бар (I немесе II) бар ер адамдарда байқалады.
Актиникалық хейлит жиі терінің
басқа да ашық жерлерінің жоғары
фотосезімталдықтың
клиникалық
көріністерімен қосарланады.
Клиникалық жағынан құрғақ
және экссудативті формаларын
ажыратады.
Құрғақ формасында ерін жиегі
ұсақ
ақшыл
қабыршақтармен,
қабықтар
және
сызаттармен
қапталады
(127-сурет) . Онымен
қоса беті қабыршақтанған атрофияның бозғылт аймақтары немесе
контуры тегіс емес ақшыл түсті аймақтар болады. Мұның бәрі
эпителийдің қатерлі ісік алды трансформациясы куәсі болып