Клиникалық көрінісі аздаған
қызарудан
немесе
қабыршақтанудан одан да айқын көріністерден тұрады: ісіну,
айқын гиперемия, везикулалар, көпіршіктер, эрозиялар, қанды
немесе сарғыш қабыршақтар, кейде сулану бөліктерінің де болуы.
Ұзаққа созылған хейлитте клиникалық көрінісі созылмалы
қабынуға ұқсас келеді: іркілген гиперемия, ерін инфильтрациясы,
ауыз бұрыштарындағы тығыз іркілістер мен сызаттар пайда
болады. Екіншілік инфекцияның қосылуы микробты хейлитке
әкеледі және аурудың жиі рецидивтерін тудырады.