АИВ-инфекциясының сатылары.
1. Жұққан уақыттан бастап серопозитивтілігі пайда
болғанға дейін.
Жұғу ешқандай клиникалық белгілер бермейді.
1 ден 6 аптаға дейін созылатын жасырын кезеңнен кейін қысқа
уақытқа дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшықеттегі
ауырсыну, бас ауыруы, лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы,
астения
болуы
мүмкін.
Терілік
көріністер
АИВ-
инфекцияланғандардың тек 10-50%-ында, негізінен денесіне,
дақты немесе дақты-папулезді бөртпелер түрінде шығады. Көбіне
олар қышымайды және 6-8 күнде өздігінен кетеді. Ауыз
қуысында афтозды бөртпелер, фарингиттер, жыныс мүшелерінде
жаралар болуы мүмкін. CD4 лимфоциттерінің саны 1 мм
3
-те 500-
ден асады.
Достарыңызбен бөлісу: |