Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

ӘОЖ 82.09 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘБІШ ӘЛЕМІ 
 
Пірәлі Г.Ж. 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ҒМО-ның бас 
ғылыми қызметкері, филол.ғ.д.  
 
Аңдатпа.
  Мақалада  Әбіш  Кекілбайұлының  жалпы  әлемі  қарастырылады.  Әбіш 
шығармаларының  көркемдік  әлеміне  шолу  жасайды.  Шығармаларындағы  ішкі 
монологтардың, түс көру концепциясының қызметі қаралады.   Әдебиеттегі  психологизмнің 
шығарма көркемдігін арттыратын ерекше көркемдік тәсіл екендігіне баса назар аударылады. 
Түйінді сөздер
: Әбіш әлемі, психологизм, ішкі монолог, түс көру, қарама-қайшылықты 
образ, көркемдік әлем.  
  
Қазақ  әдебиетіндегі  көрнекті  суреткерлер  М.Әуезов,  Б.Майлин,  З.Шашкин 
шығармаларында    өрісі  кеңіп,  өз  міндетін  жаңа  сапаға  көтерген  түс  көру  тәсілі  Әбіш 
Кекілбаевтың  шығармаларында  өз  шыңына  жетіп,  көркемдік,  характерлік,  символдық, 
мифологиялық,  психоаналитикалық  қызмет  атқарар  әдіс  қана  емес,  тіпті  түгелдей  бір 
туындының тұтқасын құрайтын көркемдік тұтастыққа  ие болды . 
 Әбіш  Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” мен “Ханша-дария хикаясы” роман-повестері 
бастан-аяқ  түстен  тұрады  десе  де  болады.  Бұл  шығармалардың  идеялық,  көркемдік 
тұтастығын  құрайтын  түс-ішкі  монологтың  бір  элементі  ретінде  кейіпкердің  көңіл-күйін, 
санасында  үздіксіз  жүріп  жатқан  психологиялық  процесті  бейнелейтін  бірден-бір  тәсіл. 
Қазақ  прозасында  әдеби  түс  көруді  талдауға  соншалықты  мән  беріп,  одан  үлкен 
философиялық,  ой,  әлеуметтік-қоғамдық  мәселе  көтеретін  Әбіш  Кекілбаевтың  көркемдік 
әлемі әлі де ашылмай жатқан арал секілді. 
Ендеше,  Ә.Кекілбаевтың  шығармаларындағы  сюжетке  арқау  болған  кейіпкерлерінің  
түс  көру  эпизодтарын  еске  алып  көрелік.  “Үркердегі”  Әбілқайыр  ханның  түс  көріп,  оны 
сонша жерге ат арылтып досы Тайланға жорытуы, “Аңыздың ақырындағы” Кіші ханым мен 
Әміршінің  түстері,  “Күй”  повесіндегі  Жөнейттің,  “Ханша-дария  хикаясындағы”  Гүрбелжін 
ханымның қыз күніндегі мен ерге шыққаннан кейінгі  үнемі  кіретін бір мазмұндағы түстері 
т.б. Бұл түстердің поэтикасын талдау, мағынасын оқып-тану /прочтение смысла сна/ арқылы 
біз  көркем  шығарманың  шындығын,  кейіпкердің  бүкіл  табиғатын,  шын  бет  пердесін,  ішкі 


62 
 
иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегі құпия сырды, адам жанының психологиясына  тереңдей 
енеміз.  Біздің  ұлттық  әдебиетімізде  ежелден  қалыптасқан  түс  көру  тәсілін  талдау  туралы 
ұғым-сенім,салт-дәстүр мен жору символикалары  Ә.Кекілбаев шығармаларында жаңаша өң 
алып,  олар  үлкен  әлеуметтік,  философиялық,  ғибраттық,  психологиялық  та  қызмет 
атқаратын болды. Тіпті, жазушының көркемдік әлеміндегі әдеби түстердің  адам тағдырын, 
оның қоғамдағы орны мен азаматтық ар-абыройын да түбегейлі өзгертіп, Ақиқат алдындағы 
қиянатын мойындатуға да мәжбүр ететін бейнелеу құралы екендігіне көз жеткіземіз. 
Өмірдің  мәңгілік  құндылығы  да  осы  әдеби  түстерді  талдау  тұсында    кеңінен 
әңгімеленеді.Әдеби түстер мазмұны мына өмірдің жалғандығын, бүгінгі тақ пен мансаптың, 
байлық  пен  бақтың  өтпелілігін  тұспалдайды.  Осы  түстер  арқылы  философиялық, 
психологиялық  тереңдіктерге  бару,  бүкіл  адамзат  баласына  ортақ  “мәңгілік  құндылықтар”, 
кезең,  орта,  уақыт  таңдамайтын  мәселелер  жөнінде  ой  толғау  тек  Ә.Кекілбаев  түстеріне, 
оның қаламгерлік қуатына тән қасиет. 
Сондай-ақ, жазушы әдеби түстерді сюжет құруда және шығарманың бүкіл көркемдік-
құрылысын  ажарландыруда  бірден-бір  айшықты  бояу,бейнелеу  құралы  ретінде 
қолданылады.  
Негізі,  Ә.Кекілбаев  әдеби  түс  көруді  шығармасына  енгізу    арқылы  адамның  жан 
күйін,ішкі  сезім  құбылыстарын  қазбалай,қадағалай    зерттеуді  мұрат  тұтады.      Тіршілікте 
ешкім  елеп-ескере  қоймайтын  түс  көруді  талдау  мен  жорудың  поэтикалық  суреттемелері  
Ә.Кекілбаев  үшін  нені  меңзейді,  нені  тұспалайды?  Жазушы  кейіпкерлерінің  көрген  түстері 
оқушысын түпсіз ойларға, философиялық толғаныстарға тіреп қоятыны неліктен? 
Шынында  да  Ә.Кекілбаевтың  әрбір  шығармасында  Түс  –  Ақиқат.  Олар  оқушысына 
ақыл  айтпайды,  жол  сілтемейді.  Ол  тек  тұспалдайды,  ой  толғайды,  өмір  мен  өлім,  тазалық 
пен настық (адам жанының), қуаныш пен қасірет, адалдық пен жауыздық т.б.арасында өмірі 
ымыраға келмейтін  қайшылықтар мен қақтығыстар жайлы сыр шертеді.  
Әбіш  шығармаларындағы  әдеби  түс  көру  тәсілдері  “мәңгілік  құндылық”  жайлы 
философиялық  ойларға  жетелейді.  Бірақ  нұсқау  бермейді.  Әдебиеттегі  түсті  кім,  қалай 
түсінеді,  кім  қалай  жориды,  неге  тұспалдайды  содан  өз  қорытындысын  шығарып  алады. 
Міне, Ә.Кекілбаевтың түсті қолданудағы көксеген мақсаты да осы. Әдеби түстегі символдық, 
мистикалық  көріністер  романдағы  өмір  шындығымен  үндесіп,  кейіпкердің  бастан  кешкен 
өмір  азаптары  мен  жан  қозғалыстары  психоаналитикалық тұрғыдан  тереңдетіле  талданады. 
Әдеби  түс  көруді  талдаудың  поэтикасы  көркем  туындының  сюжеттік-композициялық 
құрылымымен тұтас қарастырылса ғана баянды болары хақ. 
Енді  бір  сәт  осы  әдеби  түстердің  өздеріне,  олардың  берілу  түрлеріне  де  тоқтала 
кетейік.  
“Аңыздың ақыры” романындағы “Махаббат” атты тараудан бір үзінді: “...Бауыры от 
құшақтағандай  өртеніп  барады.  Ол  төсегіне  батылсыз  енген  жас  жігіттің  мойнына  оратыла 
кетті.  Бұның  баяғыдан  бергі  сарылып  күткен  ыстық  іңкәрі  басқа  ешкім  де  емес,  тек  осы 
ғана...”  (151-б).  Бұл  –  Кіші  ханымның  түсі  /женские  сны/,  екі  бетке  созылып  әйелдің  есін 
алған  шебер  жігіттің  ыстық  құшағы  түс  емес  тап  өңдегідей,  яғни  бұл  көрініс  бар  ашық 
бояуымен  бейнеленген.  Өйткені,    адамның  бейсаналы  сәттері  оның  көптеген  құпияларын 
ашудың таптырмас тәсілі. Сана актісін құрайтын әдеби түс көруді талдау кезінде өтірік өрге 
баспайды.    Сіздің  күндізгі  еркіңізге  көніп,  жасырын  жатқан  іңкәр  сезімді  де  оқыста 
опасыздықпен әшкерелеп қоятын да осы –Түс. Абайдың ел-жұрттан жасырып, тек жүрегінде 
ғана сақтап-жаттап жүрген жалғыз есім – Тоғжан еді. Ұл-қызы бар, некелі жұбайы болса да, 
елге танылған атақты Абайды да естен айырып, “Тоғжан” деп толғандырып қойған осы Түс 
емес  пе  еді?  Бөгде  жұртта,  әсіресе  Тоғжан  деп  тіл  қатуға  қақысы  жоқ  Тоғжанның  қайын 
елінің көзінше – “Жаным! Асылым. Барым бір өзің”,  – деп бар сырын жұртқа жариялатып, 
ішкі әлемін әшкерелеген де осы –бейсаналы түс көру процесі ғой. 
Бұл – әдеби түс көрудің тек шындықты әшкерелейтінін дәлелдейді. 
Кіші  ханым  да  күні  бойы  алыс  сапардан  оралған  Әміршіні  ойлап,  аңсап,  бар  жан-
тәнімен  соған  бағышталды,  бірақ  түсінде  шебер  жігіттің  шырмауынан  шыға  алмай  қалады. 


63 
 
Өйткені, ол өтірік өрге баспайтын түс өлкесінде, өзге әлемнің ішінде жүр. Ешқандай ақыл-
еске,  ырыққа  көнбейтін  бейсаналы  елінде  саяхатта  жүр.  Күндізгі  өзін-өзі  алдаусыратқан 
алдамшы,  жалған  өмірден  өзге  шынайы  өмір,  шындық  пен  тазалықтың,  адалдық  пен 
Ақиқаттың аулында, ол. Өзін-өзі алдайын, ұстайын десе де, ерікке көнбейтін түн, түс деген 
тылсым күш оның бүкіл шын бет-пердесін ашып тастады. Өзі де білмейтін, сезбейтін, тіпті 
мойындамайтын жүрек сырын әдеби түс әшкерелеп берді. Ұйықтап жатқан адамның қимыл-
қозғалысын,  дене  қалпын    зерттеген    психиатр  Самюэл  Данкелл  түс  көру  сәтінде  ашылған 
ақиқат  алдында  кімде  болса    дәрменсіз  екендігін  ескертуі  тегін  емес.  Өйткені  ол  күндізгі 
маскировкаға көнбейтін шынайы шындықтың қайнар көзі екендігін ескертеді.Сол себепті де 
Ә.Кекілбаев  түстің  осынау  психоаналитикалық,  символдық,  көркемдік  мүмкіндіктерін 
кеңінен пайдала білген. 
Романның  үзіліссіз  бір  үндестікпен  дамып  келе  жатқан  оқиға  желісі  түс  сюжетімен 
үзеңгілесіп,  сол  қалпында  дами  береді.  Біз  оқып  отырған  үзіндінің  сана  актісі  екенін  Кіші 
ханымның түс көру барысындағы ілеспе ішкі күдігі, өз болжауы арқылы анықталып жатады: 
“Ханым ұйықтайтын ұлан-асыр кең жайды барша жарық жалғаннан көлкештеп тұрған алтын 
шайған ауыр есік сықырсыз ашылып, аяғының ұшынан басып әлдекім ішке өткендей болды”. 
Мұны  алғашында  түс  емес,  елес,  көзге  елестету  екен  деп  қаласыз.  “Кірді  де,  одан  арғыға 
батылы жетпегендей босағада тұрып қалды... Апыр-ай, кім болды екен. Ханым оны танитын 
сияқты... Күнде-күнде қасында жүрген, күнде-күнде көріп жүрген біреуі тәрізді. Бірақ жыға 
тани алмады...” Осылай ұзаққа созылған түс-елес сана астарында Кіші ханымды біраз әуре-
сарсаңға  салады.  Ол  ұзақ  уақыт  мұның  кім  екендігін  білмей,  бет-жүзіндегі  бейвербалды 
ишараттарды, сыртқы психологиялық қимыл көріністерді қадағалаумен болады, сосын ғана 
шырамытады,  шебер  жігітті.  Өңінде  өзіне  ғашық  болып,  үздіккен  жас  жігіттің  түсінде 
батылы жетіп бұған келуі  Кіші ханым үшін тосын жәйт.  Екеуінің де ішкі  бір іңкәрліктерін 
үйлестірген  бұл  түс  ынтық  сезімнен  туған  сананың  сәулесі  екені  сөзсіз.  Өңінде  шебер 
жігіттің  салып  жатқан  махаббат  мұнарасында  мөлдіреп  тұрған  мөп-мөлдір  сезімді  күнде 
көрсе  де  мойындағысы  келмеген  Кіші  ханымның  да  жүрек  түкпіріндегі  жасырын  сырын  
әшкере  еткен  бұл  әдеби  түс  ең  бастысы,  ұлы  Әмірші  алдында  сыр  алдыртып  қояды.  Оқып 
көрелік:  “Иә,  ол  өмірінде  өз  күйеуінің  алдында,  Әміршінің  алдында  жалғыз-ақ  рет  күнә 
істепті.  Онда  да  өңінде  емес,  түсінде  күйеуінің  көзіне  шөп  салыпты.  Бірақ  сол  жалғыз 
қылмысының  өзін  Әмірші  иенің  қырағы  көзі  қалт  жібермей,  үстінен  шығыпты.  Бұның 
бөлмесінде көп аялдамағаны-әйелінің түсінде шайтансырап жатқанын өз көзімен көргені ғой, 
ашулы  шыққаны-бұның  түсінде  өзге  еркектің  құшағына  кіріп,  құштарлыққа  берілгенін 
түсінгені ғой...” (152-б). 
Бұл  түстің  көркемдік-эстетикалық  қызметі  мен  философиялық  құндылығы  мынада-
жан мен жүректі жегідей жер сезім, ғашықтық дерттің қандай да бір сезімдік-эмоционалдық 
құбылыстарды,  яғни  бейсаналы  сәттердегі  психологиялық  процестерді  паш  ету.    Осындай 
терең  ой,  үлкен  философиялық  тұжырымға  тірейтін  түстің  роман  оқиғасын  одан  әрмен 
әрлеп, ажарландыра түсері хақ. Мұндағы әдеби түс көруді талдаудың кейіпкерлердің мінез-
құлқын, болмыс-бітімін, күрделі ішкі жан дүниесін ашудағы атқарар қызметі де орасан зор. 
Адам  атаулыға  тән    тәжірибеге  сүйенсек,  әркім  көрген  түсінің  мағынасын,  оның 
себеп-салдарын  іздейтіні  табиғи  құбылыс.  Сондықтан  да  Ә.Кекілбаев  шығармаларындағы 
түс  көрушінің  түсі  де,  ондағы  оқиға  да  оқушысын  ойландырмай  қоймайды.  Және  олардың 
бәрі  де  романдағы  шындықтан  алшақтамайды.  Олар  бейне  бір  суреткер-автордың 
философиялық  ойлары  жинақталған,  өз  бетінше  аяқталып  тұрған  аңыз-әңгіме,  новелла 
секілді.  Егер  де  Ә.Кекілбаевтың  көркемдік  әлемінен  әдеби  түс  көруді    алып  тастар  болсақ 
көркем шығарманың құндылығынан түк те қалмас еді. 
Негізі Ә.Кекілбаевтың кейіпкерлері ерекше түстер көреді және оны автор да асықпай, 
толыққанды түрде баяндайды. Өйткені, Ә.Кекілбаев стиліндегі өзгешеліктің өзі осында, яғни 
әдеби  түс  көруге  қатысты  психологиялық  құбылыстарды  жинақтап,  оның  түрлі  берілу 
пішіндерін  парықтап,  түгендеп,  жан-жағын  жұмырлап,  теп-тегіс  әрі  толыққанды,  көлемді 
етіп  беру.  Және  оның  кейіпкерлерінің  көрген  түстерінен,  оны  жору  суреттемелерінен  сол 


64 
 
кезеңнің лебі сезіліп тұрады. Кейіпкерлерінің түр-сипаты да,сөз саптауы да, ойлау жүйесі де, 
тұрмыстық  ұстанар  заттары  да  сол  дәуірге  сай  туған.  Сондықтан  да  көңілге  күдік  ұялатар 
көрініс, нанымсыз оқиға оның шығармаларында кездеспейді. Соның бір дәлелі де осы – Кіші 
ханымның түсі. Көркем әдебиеттегі   түс көрушінің ұйықтар алдындағы, түс көру  сәтіндегі, 
тіпті түстен кейінгі дене мен ішкі жан сезімдеріндегі әрбір психологиялық құбылысты қалт 
жібермей  кеңінен  толғап,  тереңнен  қозғаған  қаламгер  қатаң  бақылаушы,  қыбыр  еткен 
қозғалысты аса қырағылықпен қадағалауға құмар. 
Дүниеде  тән  опасыздығынан  ой  опасыздығының  ауыр  екендігін  ежелден  жақсы 
білетін  Әмірші  жан  мен  сананың  өзгеге  арналғандығын  кешіре  алмады.  Осы  опасыз  Түс 
кесірінен  он  саусағынан  өнері  тамған  жас  жігіт  екі  бірдей  көз  бен  қолдан  айрылып, 
домаланған тас секілді зынданға тасталды. Кіші ханым кешірілмес күнәға батты. 
Жазушы  әдеби  түсті,  одан  кейінгі  ой-толғаныстарды,  сезім  мен  ой  қайшылықтарын, 
атап  айтқанда    ашу-кек,  опыну  мен  ақталу,  өзекті  өртеген  өкініш  пен  налу,  күйзелу  мен 
күйреу т.б. секілді толып жатқан ойлау процесінен туындап жатқан сыртқы психологиялық 
сәттердің т.б. бірінде не көзден не көңілден таса етпей егжей-тегжейлі баяндайды. Және ол 
баяндаулар үстірт, сырттай бақылаудан туған оқиға тізу емес, әрбір қалт еткен қыбыр-қимыл 
арқылы ой айту, образ ойнату, өмірдің өміршең өнегесін көксеу адам тағдырының мәңгілік 
құндылықтарын меңзеу бар. Оны да бір сәт бақылап көрелікші: 
“Сүйегін  сүйреткен  ебіл-дебіл  бір  хал.  Енді  ханымға  бұл  дүниеде,  бұл  тіршілікте 
ешқандай қызық қалмағандай. Дарға асса да, басын шапса бәрібір, өз күнәсін, өз қылмысын 
мойындап болған... Көңілін түсінде жеңген әзәзіл өңінде жеңбей ме?.. (153-б). Өз қылмысын 
өзі  осылай  мойындаған  /мойындауға  мәжбүр  еткен-түсі  Г.П./  Кіші  ханым    Әміршіге  деген 
адал көңілі,  ендігі өмірінің мәнсіздігі т.б. туралы ой арпалысына түседі. Оның бүкіл өмірін 
өксітіп қойған бұл түстің нендей құдіреті бар? Кіші ханымды да, Әміршіні де, оқушысын да 
ойлантып қойған осы әдеби түс. Оның айтпағы – тек ой опасыздығы  ғана емес оны жүзеге 
асырып отырған табиғат пен Ар-Ақиқат алдындағы адам атаулының әлсіздігі. 
Кіші ханым шебер жігіттің таза да адал махаббаты алдында әлсіздік танытса, Әмірші 
– Табиғат  пен Ақиқаттың алдында, яғни Кіші ханым мен шебер жігіттің жастығы мен таза 
махаббатын  “күш  –  айбат”,  дақ  пен  байлық  арқылы    табындырып,  жас  жүректі  жаулап 
алмасын  мойындайды.  Романдағы  кейіпкердің  түс  көру  үзіндісін      талдау  міне,  осындай 
мәңгілік  мәмлеге  келмейтін  жас  пен  кәрінің,  тазалық  пен  байлықтың,  махаббат  пен 
жауыздық секілді екі әлемнің қақтығысын, сезім сәйкессіздігін астарлап жеткізеді. “Жұмыр 
басты пенденің кез-келгеніне лайық күйбең тірліктің қарапайым рахатынсыз қонған бақ пен 
даңқтың қай-қайсысы да соқыр тиынға тұрмайды екен” (175-б). Бұл – Әміршінің әлгі түстен 
кейін  сол  түске  қатысты  үш  адамның  (Кіші  ханым,  шебер  жігіт,  өзі  –  Әмірші)  тағдырын 
толғана келіп түйген түйіні. 
“Аңыздың ақыры” дейтін төртінші  тарауда Әміршінің өз түсі баяндалады. Мұнда да 
жазушының терең ойлы, әлеуметтік-философиялық мән-мағынасы терең адам жанының ішкі 
иірімдеріне  үңгірлей,  қазбалай  үңілетін  айшықты  стильдік  мәнері  айқын  көрініп  тұр. 
Дарынның  кәсіби  даралық  шеберлігі  де  осы  түс  көру  тәсілін  ерекше  бейнелеп  беруімен 
ұштасып жатқандай.  
Оқылық: “Ол мынау қарғыс атқан қағынды өлкеден алыстаған сайын басындағы зіп-
зілдей  тәжден,  үстіндегі  оқалы  киімнен  арылып,  тұла  бойы  жеңілейіп  бара  жатқандай 
көрінді.  Бір  уақытта  тіпті  иығындағы  лыпа  ихрамға  айналып  кеткен  екен  дейді...”.  185-188 
беттерге  дейін  созылған  әдеби  түстің  қысқаша  мазмұны  осындай.  Автор  Әміршінің  көрген 
түсін  ертеңіне  еске  ала  отырып,  ондағы  әрбір  детальға,  әрбір  іс-әрекет  пен  оқиғаға  талдау 
жасау  арқылы  жадында  қайта  жаңғыртады:  “Есіне  таң  алдында  көрген  түсі  оралды.  Анау 
қарлы шыңдар түсіндегі Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мәрудың күйген бауырдай қоп-
қоңыр  шоқыларына,  көп  шуылдақ  қиқу  салып  аң  қуып  жүрген  көк  жасыл  қойнау  аяғыңды 
бассаң  бұрқ-бұрқ  шаң  ұшқан  Мин  алқабына  атымен  ұқсамайды.  Алайда,  түсінде  көрген 
өңірдің шаң-тозаңы, ыстық жалап кеткен топырақтың күңірсік иісі көкірегіне біржола орнап 
қалғандай.  Ғұмыры  көрмеген  алыс  өлкенің  көз  алдына  тап  осынша  анық  сайрап  келе 


65 
 
қалғанына қайран қап отыр. Әлде қажыға сан рет барып қайтқан пірінің әңгімесінің әсері ме 
екен. Кешелі-бүгін ойына да алмаған жер түбіндегі киелі өлке бұның түсіне неге кірді? Әлде 
ата-баба бұған басындағы мына дағдарыстан қалай шығудың жолын меңзеді ме... Шынында 
да,  осы  хажыға  неге  бармайды?...  (191-б).  Осылай  өз  түсін  өзі  ұзақ  ойға  беріле  отырып, 
болжауы  осындай  тосын  түйін  жасатты.  Көркем  туындыдағы  әдеби  түс-географиялық  та, 
математикалық та өлшеуге симайтын тек көркемдік  уақыт пен кеңістік секілді категорияға 
тән  шексіздігі мен еркіндігін де осы жерде айқын көрсетеді. Жер жаһанды жаулаған Әмірші 
болса  да  ғұмырында  бір  рет  жолы  түспеген  өлкені  тап  өңінде  көргендей  тау-тасына, 
топырағына  дейін  анық  көріп,  Құранды  да  өз  құлағымен  өңіндегідей  естуі,  елге  сүйдірген 
қағбаның  бұдан  қашып  сүйдірмей  қоюы  да  тек  әдеби  түс  көруді  талдау  арқылы  жүзеге 
асатын  қиял-ғажайып  оқиғалар,  эмоционалдық,  психологиялық,  сезімдік  құбылыстар, 
эстетикалық құндылықтар екендігін дәлелдей түседі.  
Әдеби түсте бейнеленген оқиғаның өтіп жатқан жері – Мин алқабы, мұнда түс көруші 
кейіпкер көп сынақтан өтеді.Мұндай сынақ роман кейіпкерінің басына түскелі отыр. Көркем 
шығармадағы  әдеби  түстегі  пейзаж  кейіпкер  өміріндегі  табиғатпен  мүлдем  қайшы.  Әмірші 
аулындағы  қарлы  шыңдарға  Арафа  мен  Мұздалифтің,  Саф  пен  Мәрудің  шаң  басқан  шөлі 
кереғар.  Бұрын-соңды  өңі  түгілі  түсінде  көрмеген  бөтен  өлкеде  Әмірші  өмірінде  білмеген 
қорлықтың, сынақтың бәрін көріп бағады. Әлемді билеген Әміршімін деп ойлаған ол да көп 
пенденің  бірі  екен.  Тіпті  түсінде  кім-көрінгенге  ұстатып  жүрген  қағба  тасының  бұл  келсе 
ұстатпауы да көңіліне күдік ұялатып, ойын аласапыран етеді. 
Ә.Кекілбаев  өз  шығармаларындағы  түстерде  ертегілік  уақытты  /сказочные  время. 
М.Бахтин ендірген термин. – Г.П./ көп қолданады.  
Әміршіні әрі-сәрі күйге бөлеп, арғы-бергі күнәларын тізуге мәжбүр еткен  әдеби түс 
одан  арылудың  да  жолын  қарастыруға  жөн  сілтейді.  Ол  қажылыққа    барғысы  келіп,  үнемі  
түс жорытып, әр жорық алдында батасын алатын Піріне  келеді. Алайда ол:  “ – Жаратқан ие, 
ата-баба, желеп-жебеуші, әулие-әмбие, ақыл қосса, ол тұспалдары соқырға таяқ ұстатқандай 
сайрап  тұрады.  Кие  үркіткен,  әруақ  ренжіткен  жерің  бар  шығар,  балам,  ойлан,  –  деді  де 
тыйылып  қалды”  (197-б).  Далалық  жұрағаттар  жады  мен  өмірлік-тәжірибелік  болжамында 
сан ғасырдан бері орын алатын діни-мифтік,этнографиялық салт-сананы танытатын түсті тек 
жақсылыққа  жоруға  тырысқан.  Әмірші  түсі  жаманшылықты  тұспалдаса  да  өзі  іштей 
жақсылықты  тілеп  келсе  де  Пірі  ыңғай  бермеді.  Әміршінің  рухани  күйреуі,  міне,  осы 
тоқырау түсінен басталады. 
Әлгі  түстен  кейінгі    тынышын  тонаған  сансыз  сауалдарына  көңіл  орнығатындай 
жауап  ала  алмаған  Әміршінің  көңіл  күйзелісі,  күдік  пен  күмәнға  толы  көңіл-күйі  жан 
дүниесіндегі  арпалыс  шығарма  соңына  дейін  үздіксіз  жүріп  жатады.  Жалғандағы  жалғыз 
жанашыр  деп  жүрген  Пірінің  өктем  пішінінен,  жарытымсыз  сөзінен  соң  біржола  өмірден 
безген Әмірші рухани тоқырауға, адамдық, моральдық тұрғыдан күйреуге ұшырайды. Кеше 
ғана  бүкіл  ғұмырының  мән-мағынасына  айналған  ел  билеу  секілді  астамшылық  ой-арманы 
осы  түстен  соң-ақ  аяқасты  болып,  күл-талқаны  шығады.  Тіпті,  мына  өмірден  баз  кешіп, 
Қажылыққа  да  барғысы  бар,  күнәсінен  айрылғысы  да  келеді.  Бірақ,  Пірінің  пұшайман 
пішінінен  соң,  күрт  өзгеріп,  тынышын  тонаған  беймаза  тірліктен,  осынау  опасыз  дүниеден 
біржола безудің бірден-бір жолы жорық, ұлы жорық деп шешеді де шұғыл сапарға аттанады. 
Бұл сірә, соңғысы да болуы мүмкін?! Әрі оның жұмбақ әлемінің шешуін осы ұлы шайқастар 
шешіп бермесіне кім кепіл?! 
Бұл  туындының  өн  бойында  осылай  өріліп,  кейіпкерлерінің  ішкі  жан  дүниелеріне 
жаңаша  жол  аша  білуі,  олардың  алуан  түрлі  хал-ахуалын,  көңіл-күйін,  психологиялық 
жағдайларын  баяндау  шығарма  сюжетін  дамытуға  дәнекер  болады.  Әрі  бұл  әдеби  түстер 
оқиғаны  өрбітер  өлке  ғана  емес,  тап  сол  жағдайды  туғызатын  үзік  бір  үзіндінің  өзі  болып 
табылады. Мұның өзі жазушы шығармашылығындағы әдеби түс поэтикасын танып-түсінуге 
түрткі  болары  сөзсіз.  Ә.Кекілбаев  шығармашылығына  фантастикалық-реалистік, 
иллюстративті-психологиялық  және  сюжетті  түс  көріністері  тән.  Шығарма  сюжетіне  тірек 
болатын  мұндай  әдеби  түстер  оқушының  ойында  мәңгі  сақталады.  Сондықтан  да  оның 


66 
 
түстерін  рет  санымен  санамалап,  циклды  түстерге  жатқызуға  болады.  Айталық,  кіші 
ханымның түсін бірінші түс десек, әміршінің түсін екінші деп реттеуге болады. 
Екінші,  Әміршінің  өз  түсіне  тоқталайық:  “...Жан  даусы  шығып:  “Хақ  тағала  қай 
қызметіңе  де  әзірмін,  –  деп  айқай  салып  келеді.  “Тек  жұртқа  жасаған  мейіріміңді  маған  да 
қия  гөр”,  –  деп  екі  етек  боп  жалбарынып  келеді.  Бірақ  тірсегінен  қағып  өтіп,  шыркөбелек 
үйіріліп,  шыр  айнала  қашып  жүрген  қағбаның  қасиетті  тарғыл  тасы  бұған  бәрібір  жеткізер 
емес”  (186-б).  Мынадай  ауыр  жазаға  қай  пиғылынан  тап  болғанын,  оны  неге  жорырын 
білмей дағдарады.  Кейіпкердің көркем шығармаға бергісіз мазмұнды, әрбір деталына дейін 
айқындалған  мұндай  шынайы,  күрделі  оқиғалы  түстегі  әлем,  кісі  күтпеген  көптеген  оқыс 
сезімдік психологиялық көріністерімен көкейде қалатыны бар. Әміршінің түсі, міне, осындай 
сюжеттік  оқиғаға  бай,  романның  көркемдік  құндылығын  арттырып  тұрған  символдық, 
мифологиялық, психоаналитикалық сана актісі екендігін айқындайды. 
Сондай-ақ  оған  аң  аулауға  барғанда  оқыстан  шыға  келген  жолбарыстың  неліктен 
бұған  шаппағаны  қосымша  болып,  қайғы  үстіне  қайғы  жамағаны  белгілі.  Жолбарыс  қарсы 
алдында  тұрса  да  ол  өзінің  көрген  түсі  туралы  ойланады,  оның  шешуін  тапқандай  болады: 
“Түсіндегі тастың мұны маңайлатпай қойғаны мынадай тосын ажалға көрінген екен” дейді. 
Алайда  ол  тірі  қалады,  есін  жиып  садағымен  атып  алған  олжасы  арасындағы  осынау  қас-
қағым сәтте түсіндегі қара тас секілді Ажалда бұған ұстатпай кетеді. Мұны да жаман ырымға 
санаған  Әмірші  енді  өзінің  Піріне  барып,  “анау  күнгі  түсі  мен  тосыннан  тап  болып,  бірақ 
шаппаған  жолбарыс  жайын  айтып”  жауап  тосады.  Ол  тағы  да:  “Кие  үркіткен,  әруақ 
ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан”, – дейді де қояды. 
Міне,  бұлардың  бәрі  қаламгердің  адамды  қайта  тудыруға  және  жаңартуға  тікелей 
әкелетін  тоқырау  түстерінің  (кризисных  снов)  үздік  үлгілері  екендігін  атап  айту  керек. 
Жоғарыда  атап  өткен  Әмірші,  Жөнейт,  Кіші  ханым,  т.б.  секілді  жарты  әлемді  билеген 
адамдардың  тоқырау  түстерден  соң  Адам,  Ақиқат,  Ажал,  Тағдыр  алдындағы  “аллаларын 
танып”,  өздерінің  қанды  қолдарымен  жеткен  жеңістері  мен  даңқтарының  өткіншілігіне 
өкінеді,  жерінеді,  мүлдем  жаңарады  немесе  біржола  күйрейді.  Мұның  бәрі  тоқырау 
түстерінің әдебиетте маңызды роль атқаратынын айғақтайды. Кейіпкерлерге өмірді басқаша 
қырынан 
танып, 
түсіндіруге 
тырысқан 
мұндай 
тоқырау 
түстер 
Ә.Кекілбаев 
шығармашылығында  көптеп  шоғырланған.  Сондықтан  да  Ә.Кекілбаевта  түс  көрмейтін 
кейіпкер кемде-кем. Және олар жәй түс көрмейді. Олардың түстері өміріне өзгеріс әкелетін, 
кейіпкерлердің  жан  дүниесін,  өмірге  деген  көзқарасын  түбірінен   жаңартатын  түстер.  Оған 
Әбілхайыр, Әмірші, Жөнейт т.б. түстері куә. Олардың бәрі де түстерінен соң өздерінің қанды 
қолдарымен қиратқан “Өмірдің мәңгі құндылықтарының” қадіріне жетіп, бағалай бастайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет