желмір шал
(Жан баласына аузынан шықпай, тек
қана өзім білем ғой дейтін түп құлтасын жер түбіндегіні біліп отырған желмір шал түсініп
қойған ғой),
сірке сорпа
(Көз алдына тағы да тай қазан ет пен мөлтеңдеген сірке сорпаның
тұра қалғаны, 9-б),
тұяқ басты
(Жаңа ғана тұнық көлдей мөлдіреп жатқан зеңгір аспан тұяқ
басты шалшықтай қоймалжытып сала бергені, 9-б),
пұшпақ тістелеп, қара судан қаймақ
қарап,
(Онда осы күннің өзінде пұшпақ тістелеп,зорға талшық айырып отырған қазақ қара
судан қаймақ қарап біржола пұшайман боп қалды дей беріңіз, 10-б) қолданыстары автордың
өзіндік қолтаңбасын танытатын эмоциональды-экспрессивті реңкі мен көркемдік қуаты бар
тіркестер. Біздің пайымдауымызша,
түс қыңғасын
тіркесінің құрамындағы
қыңу
етістігі
тілімізде «ештеңеден саспайтын, міз бақпайтын» мағынасында «қыңбайды» деп, негізінен
болымсыздық формада жұмсалса, Ә.Кекілбаев түс мезгілінің ауа бастаған сәтін «түс қыңған
соң» деп болымды тұлғада алып, суреттейді.
Тағаты таусылу
тіркесін жазушы
тағатын
сарқу
вариантында алған, яғни тілімізде бұрыннан қалыптасқан фразалық тіркестерді
контаминациялап, жаңғырта қолданған, сол арқылы тіркеске жаңа мағыналық реңк жүктеген,
әсерлілігін арттырған.
Құлта
(«ішінде сақтаған сыр») [5, 311],
желмір
(«әккі, көпті көрген»)
77
[6, 300 ], қазақ әдеби тілінде бар сөздер ретінде тіркелген, бірақ
түп құлтасы, желмір шал
тіркестері – Кекілбаев қаламына ғана тән қолданыстар. Сонымен бірге жазушы шеберлігінің
тағы бір шыңы – қазақтың салт-дәстүр, киім-кешек, мал-жан, кәсіп, тұтынатын зат, бұйым
т.б. атауларын айыра танытып, ажырата қолдану, жеріне жеткізе жекелеп сипаттау әдісі.
Мысалы, жігіттің мықтысы –
сүлей
болса, жылқының мықтысы –
дүлдүл,
соғыс кезінде
мінілетін аттың да түр-түрі бар:
жаугершілік тұлпар
(қан майданға тебініп кіретін…),
жорық ат
(төсек-орнын, киім-кешегін, жолым үйлері мен баспаналарын артқан…,) [2, 136],
ереуіл ат,
мылтықтың түрлері:
күлдір мамай, жеке ауыз, бір ауыз, қанды ауыз, жезді ауыз,
шиті, берен
, кәсібі мен атқаратын қызметіне қарай:
ісмер, зергер, жаубасар жігіт, миясар
қария.
Оққа пайдаланылатын жүннің өзі:
күшігеннің қойлық жүні, тасқараның тайлық
жүні,
сол дәуірдегі қазақ жұртының бас қосатын ұлы ордасы саналатын екі қала:
ен
қазақтың ене қазаны
– Сайрам
, айбынып кірер ата шаңырағы
– Түркістан, тіпті бір-бірімен
синонимдес деп қарауға болатын
қалшылдау
мен
қалтыраудың
да мағыналық айырмасы
Кекілбаев қолданысында айқындала түскен:
қорқақ жағы қалтырап, қайсар жағы
қалшылдап
, қорқақтар үрейден қалтыраса, қайсарлары намыс пен ызадан қалшылдайды,
жаугершілікте қолданылатын әскери аспаптың өзі
дабыл
[2,135],
дауылпаз
[2, 135],
даңғыра
болып жіктеледі, әскердің қауіпсіздігін қорғайтын
шолғыншы
мен
сақшы
бар. Тіліміздегі
әңгіме-дүкен құру
тіркесінің құрамындағы
дүкен құру
оралымының түпкі мәнін жазушының
мына сөйлемінен аңғаруға болады: «…дүкен құрып, көрік басып, қорғасын балқытып, оқ-
дәрі жасап, қылыш шындап жатқан жұрт...» [2, 135]. Сонда әңгіме-дүкен құру тіркесінің
астары бұйымдар сатылатын дүкенге емес, ұстаның темір балқытып, қару-жарақ т.б. бұйым
жасайтын аспаптарын құрып қоятын
дүкен құру
ұғымына қатысты екен.
Қазақ тілінде парсы тілінің әсерімен қалыптасқан
бей
перефиксінің бар екені белгілі:
бейкүні, бейуақ, беймаза
т.б. Жалғамалы тіл болғандықтан, бұндай формалардың қазақтың
төл тілінде болмауы заңды да. Ал Кекілбаев
кем
сын есімінің
бей
-ге жуық «жоққа шығару»
(отрицательное значение) реңкін беруге бейімділігін пайдаланып, бірнеше тың сөз жасайды:
кемпарық, кемтәуекел, кемпайда
т.б.
Маңғыстау өңірінде ғана кездесетін кейбір табиғи құбылыстар, наным-түсініктер
атауларын Кекілбаев тілдік қазынасынан тауып, таңғалуға болады. Мысалы,
алда төмпек
(Ат суытып алайын деп, жусаны мен жапағы қалың көлдеу ойдың ортасындағы алда
төмпектің қасына кеп тоқтады. 9-б) – Маңғыстау даласында ғана кездесетін кішкентай-
кішкентай төмпешіктер. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, ол сары құмырсқалардың
(ғылымда термиттер деп аталады) илеуі көрінеді. Неліктен жай төмпек емес, алда төмпек
(Алла сөзімен байланысты болуы да мүмкін) аталатыны түсініксіз. Осы өңірден шыққан тағы
бір сөз зергері С.Нұржанның өлеңдерінде де алда төмпек сөзі қолданылады:
Шығып алып
алда төмпек
үстіне,
Керіледі сұр кесіртке кенептей. [7, 168]
Сондай-ақ,
сарыүйек жылан
(«Сары үйек жыландай шұбар ала дойыр қамшысын
сылқ еткізіп ортаға тастай салды») [2, 119] туралы мифологиялық таным да негізінен
Маңғыстау фольклорына тән. С.Қондыбай зерттеулерінде
сарыүйек
ертедегі мифтік
жыланның атауы ретінде түсіндіріледі [8, 320]. Оның түпкі этимологиясы «отты жылан»,
«киелі жылан» ұғымына барып тіреледі. Маңғыстауда сарыүйек жылан қасиетті, киелі
саналады. Дауасыз дертке шипа болады деген де түсінік бар.
Тексіз адамдар туралы: «тегінде теке атпаған, теке атса да екі атпаған» деген мәтел де
осы өңірде айтылады. Жазушы болашақ хан Әбілқайырдың тегін менсінбей,
басқолбасшылықты қимай күңкілдеген топтың аузына осы тіркесті салады («Жарықтық
біздің жақсыларымыз да қартайып келеді ғой. Әйтпесе, бір-екі жерде қулық-сұмдығымен
ауызға ілікті екен деп, үш арыстың айбынды туын тегінде теке атпаған, теке атпа да екі
атпаған Әбілқайырға ұстатар ма!») [2, 141]
Кейде тарихи оқулықтар мен ғылыми зерттеулер бере алмаған маңызды мағлұматты
көркем шығармадан ғана таба алатын жағдайлар болады. Ә.Кекілбаевтың қазақ халқының
аса маңызды тарихи кезеңдері мен сол кезеңнің айтулы тұлғаларының өмірінен дерек беретін
78
тарихи шығармаларының орны бір төбе. Тағдыры мен тарихы әлі де жұмбақ күйінде қалып
тұрған қайшылықты тұлғалардың бірі – Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің адами бейнесін
тарихи оқиғалармен жымдастырып тосын қырларымен оқырманына ұсынатын «Ханша-
дария хикаясы», «Аңыздың ақыры», қазақ халқының талайлы тағдырын алмағайып кезеңнен
алып өткен ұлы тұлға Әбілқайырдың адамдық, азаматтық бейнесін тарихи деректерге
сүйеніп көркем сомдаған «Үркер» мен «Елең-алаң», қазақтың қайратты да қабілетті, көреген
ханы Абылайдың сахналық образын жарқыратып танытқан драмалық дастаны – бір қазақ
емес, қазақпен бауырлас, төсекте жаны, төскейде малы қосылып жатырған тағдырлас
халықтарға ортақ әдеби кеңістіктен орын алады.
Ә.Кекілбаевтың тарихи шығармаларында тек тарихи-көркем шындық қана емес, ел-
жер тағдыры, адамзат болашағы, тұлғаның пенде ретіндегі психологиялық жан-күйі шебер
тілмен суреттеліп, өткеннен өнеге, өмірден сабақ алуға, келешекке ұмтылуға жетелейді.
Әдеби тілдің қайнар көзі жалпыхалықтық тіл екенін ескерсек, Ә.Кекілбаев ұсынған
«жалпыжұрттық» сөздердің әдеби тілімізді кемеліне келтіріп, кенересін кеңітпесе,
кемсітпейтіні анық. Бұл сөздер осы уақытқа дейін Маңғыстаудың байырғы тұрғындарының
ауызекі қолданысында, осы өңірден шыққан сөззергерлерінің көркем тілінде, ақын-жыраулар
тілі мен би-шешендердің оралымдарында кездесетін кәдуілгі қолданыстар деуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
2.
Кекілбайұлы Ә. Үркер. Роман. Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. – 584 б.
3.
Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Арыс, 2004. – 2323 б.
4.
Қондыбай С. Жауынгерлік рух кітабы. Алпамыс ғаламы. Алматы: Арыс, 2008.
– 416 б.
5.
Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі, 15 томдық. (Құраст.: М.Малбақов,
Н.Оңғарбекова, А.Үдербаев және т.б.) 10-том. Алматы, 2011. – 752 б.
6.
Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі, 15 томдық. (Құраст.:Ж.Қоңыратбаева,
Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б.) 6-том. Алматы, 2011. – 752 б.
7.
Нұржан С. Жұлдыздардың жұпары. Алматы: «Мерекенің баспалар үйі», 2019. –
376 б.
8.
Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. Алматы: Арыс, 2008. – 520 б.
Достарыңызбен бөлісу: |