ӘОЖ 82-131
Ә.КЕКІЛБАЕВ КӨСЕМСӨЗДЕРІНДЕГІ ЕЛДІК МӘСЕЛЕЛЕР
Отарова А.Н.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті
Андатпа.
Мақалада көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың публицистикалық
шығармаларының жанрлық әр алуандылығы, стильдік, тілдік ерекшеліктері мен образ
жасаудағы суреткерлік және шеберлік әдіс-тәсілдері жан- жақты қарастырылады.
Түйінді сөздер:
очерк, қоғамдағы мәселелер, характер, стильдік ерекшелік, жанр,
философиялық өрнек, тәуелсіздік, адам концепциясы.
Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдарына бүгінгідей тәуелсіздік
көзқарасынан қарайтын болсақ, оның түп-тамырының тым әріде жатқандығы байқалады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында өз ойын: «Қай халықтың болмасын
өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын
басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы,
парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен
мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» [1, 2 б.],
– деп білдірген болатын.
Әрине,
қазақ
журналистикасын,
оның
ішінде публицистика
жанрларын
қалыптастырып, дамытуда өзіндік үлес қосып, соңдарына мол рухани мұра қалдырған жеке
тұлғалар баршылық.
Публицист өмірдің фактілері мен құбылыстарының бәрін бірдей, қалай болса солай
жинақтай бермейді. Өзінің идеалына, жоғары саналылық мақсаткерлігіне керектілерін
таңдап алып, шығармасына арқау жасайды. Бұл ретте ол өмір құбылыстарын өзінің
дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Бұл публицистің
дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасын ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді.
Демек, ол өзі өмір сүріп отырған қоғамы тұрғысынан, өзінің табының мүддесі тұрғысынан
келеді.
Қазақ журналистикасының өсіп, өркендеп нығаюына айтарлықтай өзіндік үлес
қосқан, публицистика мен проза дәрежесін биікке көтеріп, бүгінгідей егемендік еркіндігіне
үн қосқан суреткердің бірі – Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ә.Кекілбаев.
Бұл орайда әдебиетке келуінің алғашқы баспалдағын журналистикадан бастаған кейін
хабарлама, репортаж, фельетон, көкейкесті тақырыпты көтерген очерктер, проблемалық
мәселелерді қамтыған ойлы мақалалар, естелік-эсселер, жолсапар очерктеріне дейін жазып,
публицистиканың барлық жанрына қалам тартқан жазушы деп бағалауымызға әбден болады.
Публицистикадағы тақырып пен проблема бір бірімен тығыз байланысты. Кейде
тақырыптың өзінен проблема көрініс береді. Проблема бір ғана фактімен шектелмейді, онда
бірнеше фактілер жүйесі көрсетіледі. Жетпісінші жылдардағы публицистикада қоғам
өмірінде орын алып отырған сан алуан шешімін таппаған мәселелер тақырыпқа өзек болды
Ол өз публицистикасында қоғамдағы мәселелерге, адамдардың сана-сезіміндегі
психологиялық кемшіліктерге назар аударады. Сондықтан да оның публицистикасындағы
сын-мақалалары мен очерктері ең алдымен адамдардың іс-әрекетіндегі, ішкі дүниесіндегі
проблемаларға арналған. Ал, оның туындыларынан халықтың тіршілік-тынысына,
болашағына көз салып, байыптаған публицистің қоғамдық-саяси көзқарасын көруге болады.
109
Ә.Кекілбаев қамтыған тақырып сан алуан: тәуелсіздік толғанысы, азаттық идеясы,
ұлттық салт-дәстүр, тіл, қарапайым еңбек адамдарының бейнесі, ел басқарған адамдардың
игі істері т.б.
Ә.Кекілбаев публицист ретінде жоғарыда аталған тақырыптардың барлығын қамтып,
өзінің шығармашылығына арқау ете білді. Бұл жерде публицистика деген пікірге теориялық
жағынан тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. Қазақтың белгілі әдебиетшісі Ахмет
Байтұрсыновтың көсемсөз туралы берген анықтамасына назар аударсақ, ол: «Көсемсөз
шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден
мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызша айтылады, көсемсөз жазумен айтылады.
Көсемсөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсемсөз деп
аталады. Көсемсөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен
айтылады» – деп маңызды мәселенің түйінін шешіп берген.
Оның көркем очерктерінің негізіне қарапайым қазақ аулының адамдарының тұрмыс-
тіршілігі, өмір шындығы, адамдар арасындағы әралуан қарым-қатынастар, бауырмалдық
жарқын қасиеттер, адамгершілік биік парасат, өзгеріске толы өмір суреттері арқау болады.
Ә. Кекілбайдың «Ұйқыдағы арудың оянуы» [2,194] деп аталатын нақты деректерге
сүйене отырып жазған, аты аңызға айналған өлке Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні,
келешегі жайында сыр шерткен кітабы бар. Осы кітаптың алғашқы очеркінің басты кейіпкері
– жазушының өзі мен анасы. Автордың туған жер, туған топырақ, кіндік қан тамған жер
деген ұғымдарға көзқарасы, осы ұлы сезімдерді қалай түсінетінін очеркші әдемі толғайды.
Бұл көркем очерк таза автордың нәзік көңіл-күймен жазылып, сезім әсерінен суарылған.
Балалық шақтағы сол бір оқиға туралы ойлары лирикалық кейіпкер автордың өз көзімен
қаралып суреттелген және бастан кешкен осы бір кішкентай оқиғадан автор көңіл-күй
әсерлерінен желі туғызып отырған. Сол жылы жетіге келген кейіпкер сол күннен бастап қара
нардай мығым жерге зер сала қарайтынды шығарып, жердің жұмбағын ұғынуға, құпиясын
ашуға талпынуды сол күннен бастағанын келісті әңгімелейді.
Осы мәселе төңірегінде ғалым Бақытжан Майтановтың мына пікірі орынды: «... көп
жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта тіршілігімен бетпе-бет
ұшырасу сәттерінде ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы қалған аяулы мекен жайлы
жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар реті жоқ»
[2,190].
«Осы призма арқылы суреткер Кекілбайұлы, ең бастысы, тағдырлар
философиясынан алуан тұрғыдан мейлінше саралап көрсетеді. Сондықтан шығар, тарих пен
бүгінгі күннің өзіне тән философиясы әрқашан көркемдік философияға айналып кетеді.
Оның үстіне Тағдырлар философиясы – көркемдік философияға, ал өркем философия –
тағдырлар философиясына айналып жатады» - дейді сыншы Сайлаубек Жұмабек. [4]
Расында да Әбіш Кекілбайұлының қай көркем очеркіне зер салсақ та байқалатыны
өзіне тән философиялық өрнегі мен тарихи өрімі қатар жүреді. Тарих та, бүгінгі күн де –
тіршіліктің тартыс аренасы. Мұның өзі суреткер Әбіш туындылары үшін тиек боларлық
көркемдік фон,көркемдік декорация ғана.
Ал, шығармаларының басты өзегі – тарих
философиясы. Дүние дидарындағы болып жатқан құбылыстардың бәрін де тарихи сана
тұрғысынан саралайды. Очеркистің басты мұраты – ел өмірін жауапкершілік
тұрғысынан суреттеу, жақсылықты, жаңалықты жырлау әр кезеңнің тынысын тыңдай
отырып, өмірдің өзі тудырған проблемаларды қозғау арқылы оқырман жүрегіне жол
табу екенін көреміз.
Қаламгердің тәуелсіздік жылдарында жазғандарындағы қамтылған тақырыптар адам
концепциясы («Сайранқұмарлық санаға тұсау»), Жер тарихы («Бағзы мен бақиды
жалғастырар сара жол», тарихи сана («Во имя веры в будущее человчества и цивилизации»,
«Упрямство памяти», «Өз еңсемізді өзіміз жықпайық») этнология («Тіл және тәуелсіздік»),
ұлттар табиғаты («Ортақ үйдің түтіні түзу ұшсын»), дәстүр («Дәстүр мен дәуір»), ұлттық
сана («бір қазақтың баласымыз», «Әуезов туралы сөз», «Ұя мен жебе»), ұлттық даму («Тіл
және тәуелсіздік», экология («Айналаң – аялы алтын бесігің»), т.б. бар.
110
Ә.Кекілбаев адам концепциясы, рухани ізденістердің жемістері, қоғам проблемалары,
қоғамдық сана, әдебиет пен мәдениетті саясаттандыру, электронды революция сияқты өзекті
мәселелерге «Сайранқұмарлық санаға тұсау» атты философиялық ой-толғамдарға толы
көркем очеркінде жан-жақты тоқтала отырып, кең пайымдаулар жасайды. Әсіресе, автордың
телевизор экранының қаншалықты зиян әкеліп отырғандығы туралы ой-пікірлері орынды:
«Тұтынушы қоғам идеологтары экран арқылы тарайтын «мәдениет» жұрнақтары сол тасып
болмаған санасына орасан зор информация мен әр алуан көріністерді боратқан үстіне
боратып, оның көкірегінен ата-аналары, жанашыр ағайын-тумалары, ойда жоқта оқып қойған
әдеби кітаптары мен мектептегі ұстаздары құлағына құйып баққан «мәдениеттің ежелгі»
дәстүрлеріне тән моралистік уағыздардың бәрін қуып шықпақтың аса күрделі стратегиясын
жасақтап шығарды» [3,17], - деп ой қорытқан қаламгер телевизор экраны, адамзаттың көп
ғасырлық әлеуметтік, рухани тәжірибесінің бәрін айырбастай алмайтынын, теледидар
экранындағы жүйесіздік рухани әлсіреуге әкелетінін болжаған очеркші рухани кемелдік,
биік сананың қалыптасуын тежейтін де осы теледидар екенін ашық дәлелдейді.
«А. Кекильбаев – один из интереснейших самобытных писателей современности. Его
произведения отличаются неповторимостью художественного рисунка, емкостью
содержания. В них удивительным образом сочетаются лирическое и философское начала»
[4,326].
Бұл очерктегі биік талғамсыз парасат болмайтындығы жайында автордың
философиялық түйіні парасат пен пайымды азаматтық сана мен рухани мәдениет болған
жерден ғана іздеу керек екенін баса көрсетеді. «Бағзы мен бақиды жалғастырар сара жол»
лирика-философиялық көркем очеркі көлемді, көтерген проблемасы да ауқымды, тарихи-
мәдени мұраның кешегісі мен бүгінін салыстыра келе, ертеңін де болжаған үздік шығарма.
Бұл очерктің негізгі идеясы – мұрагер болып үйренуге шақыру, күрескерлікке,
жасампаздыққа қол жеткізген де ғана қай халық болсын өз мұратына жететіні жайында.
Қазақ мәдениетінің тарихы, ұлт тарихы, мемлекет, қоғам тарихы екенін очеркші
философиялық толғамдарымен түсіндіре отырып, өсімдік, жануарлар дүниесі де адамзаттың
бір бөлігі екенін, оны Адамның ұмытпауын тілеген автор бүкіл планета тағдыры мен
адамдар тағдыры бірлікте, бір-бірінен бөлуіне болмайтынын жан-жақты дәлелдеп, қатар
дамыған елдер мәдениетін салыстырған тұстарының танымдық қасиеті жан-жақты көрініс
тапқан. Әр елдердегі мәдениет, тарих, әдебиет дамуын шымыр да шыншыл кескіндеген
очеркші жаны рухани таза ұрпақты тәрбиелеудің, адамгершілігі мол азамат өсіру үшін де
кешегі, бүгінгі рухани мұрамызды дұрыс жеткізгенде ғана ертеңгі күні аңдатқан.
«Айналаң – алтын бесігің» атты лирика-философиялық очеркі мынадай лирикалық
шегініспен басталады: «Жылдар шіркін құба жонның құланындай зымырап өтіп барады.
Арман сабаздың көбейе түспесе, азая түсер түрі жоқ. Абай айтқан «сағаттың шықылдағы» да
бұрынғыдан гөрі жиірек соғып, қаттырақ естілетіндей. «Алдағы жолың, арттағы жолыңнан
аз болмаса, көп емес», деп үсті-үстіне қайталап тұрғандай» [3,69], - дей келе, өзіңнің байыз
таба алмаған көңілін, алаңдаушылығын білдірген автор бақыттың соғыстан кейін де
дұшпаны көп болатыны жайлы ой толғайды. Қазақстанның көп қалаларының экологиялық
жағдайына шын алаңдаушылық білдірген публицист көп дерек, фактілерге сүйене отырып,
күллі ұлттың бүкіл интелектуальдық потенциалы жиылған, ғылыми-әлеуметтік ортаның
шоғырланған астасындағы экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіріп, басқа
аймақтардың қарқ болып тұрмағанын да қатты сынап өткен. Республиканың он пайыздай
жерінде таулы аймақтарда кен,түсті металлургия, химия өндірістері орналасқаны, суды
сұраусыз пайдаланатын қазақтың, жерді де бей-берекетсіз құнарсыздандырып жатқандығын
автор философиялық толымды пайымдаулар арқылы жеткізеді.
Экологиялық жағдайсыздық жайында сөз болса, тек Арал, Балқаш, Дегелең ғана аызға
алынатыны, Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының да табиғатына апат
төніп,халқының өмірі қысқарып, өлім атаулы жиілеп бара жатқанын ашына жазған
публицист адам тағдыры, адамның болмыс, ажал алдындағы шарасыздығына назар аударуды
ұсынады. Әбіш Кекілбайдың бұл көркем очеркін: «Ал ендігі жерде өз бауырымыздан
111
шыққан бүлдіршіндерден басталатын болашақ адамзаттың бақыты жолында бел шешіп,
білек сыбанып күресуге тұратындай жалғыз майдан осы. Жарастықты өмір, сау-саламат
тіршілік жолындағы күрес. Өйткені, айналаң – аялы алтын бесігің. Бесігін ардақ тұтпаған
береке қайтып таппақшы?!» [3,79], - деп логикалық тиянақтылық табатын соңғы шешіммен
аяқтайды.
Ә. Кекілбаев тілдің халық тарихындағы,ел санасындағы айрықша орнын, мемлекеттік
орнықтырудағы рөлін айшықтап ашып беруімен де мәдениеттануға үлес қоса алды. Кешегі
кеңестік кезеңнің өзінде «тілдер тең құқылығы сақталмай тұрып, ұлттар теңқұқылығы
сақталмайтындығын» айтқан, «халықтардың мәдени ерекшелігін белгілейтін ең қуатты
тарихи, психологиялық, тілдік – үш фактордың ішіндегі ең айқын көзге түсетіні де – тіл.
Сондықтан да, отаршылдықтың қай заманда да ең алдымен сол үшеуін, әсіресе тілді ерекше
нысанаға алған»деп жазған, «Тіл теңдігі жоқ жерде әлеуметтік әділеттік орнайды дегенге өз
басым сене алмаймын. Бұл төңіректегі әңгімеден тіксінетіндер – жаңа бетбұрыстың өзінен
тіксінетіндер. Ондайлардың көкейін тескен қызыл құрттың не екені де белгілі. Мансаптан
айырылып қалмау. Бұрын бір тіл біліп-ақ өңгеріп жүре беретін портфельді енді екі тіл
білмесең, бермей қоя ма деген қорқыныш» деп шамырыққан қаламгер тәуелсіздік таңы атқан
тұста шиыршық атып, ширығып шықты, тілдің болашағын ұлттыңболашағымен, тілдің
дамуын ұлттың дамуымен өзектестіре қарады, бұл өзектестік бір ұлттың ғана емес, бүкіл
адамзаттың рухани тәжірибесінің түп бастау қайнарына барып тірелетінін көрсетті. «Түптеп
келгенде, ана тілдіңді құрметтеу – басқалардан артық тұрудың құралы емес, туған анаң мен
атаңды сйлағаның сияқты өз халқың мен мәдениетіңді қалтықсыз қадірлеудің басты
қағидасы болуға тиісті», деп қадап айтты. Тіл тағдыры таразыға түсіп, тар кезеңге тірелген
шақта Әбіш Кекілбаевтың депутат болмаса да Парламент мінберіне көтеріліп, сондағы өзге
ұлт өкілдеріне: «Немене, кеше ел басына күн туғанда, тар үйімізден орын ығысып, төрімізді
ұсынғанда, тартыңқы дастарқанымызды алдарыңызға жайып, жарты күлшемізді
ауыздарыңызға ұстағанда, біз күндердің күнінде, бүгіндей демократия орнатып кемелденеміз
деп жатқан заманда, өз үйімізде де өз тілімізде сөйлеу үшін мына сіздерден бүйтіп жылап
тұрып рұқсат сұраймыз ғой деп ойлап па едік?!» - дегенін біз еш уақытта ұмытпауға тиіспіз.
Публицистің бұл мақаласы тұтас бір қоғамдық кезіңнің айнасы бола алған. Өткеннің
сабақтарынан үйренуге де бастайды. Бүгінгі өмір шындықтарынан да дәйектер келтіреді.
Болашақ туралы батыл болжамдар да бар.
Ә.Кекілбаевтың көсемсөздерінен Отанға, тіл мен дінге деген махаббаты, мейірім,
шарапаты айқын сезіледі. Тіпті, өткен кеңестік дәуірдің өзінде оның тәуелсіздікке, теңдікке,
еркіндікке деген ұмтылысы жазушылық, журналистік творчествосынан басым орын алған.
Оның кейінірек, тәуелсіздіктің алғаш жылдарынан бастап-ақ саясат, тіл, дін тақырыптарына
арнап қадау-қадау іргелі проблемалық материалдар жазғаны соның айғағы деп білеміз.
Шағын жанрдың көркемдік шарттарын толық меңгерген қаламгер өмірдің өзекті
мәселелерін арқау етіп, заман тынысын өткір сезініп, замандас бейнесін жан-жақты
сомдайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кекілбайұлы Ә. «Он екі томдық шығармалар жинағы».- Алматы: Өлке,-Т.7.-1999.
2.
Майтанов
Б.
Лиризм-стильдік
құбылыс.Көркемдік
Түйіндіі-шеберлік.-
Алматы:Ғылым,1985.
3. Ә. Кекілбаев. «Заманмен сұхбат».- Алматы: Жазушы,1996.
4. З.Ахметовтың әдеби мұрасы және қазақ әдебиеттану мәселелері атты РҒТК
материалдары.- Алматы: Үш қиян,2003.
5. «Тіл және тәуелсіздік» жинағы А.: «Ер – Дәулет», 2007
Достарыңызбен бөлісу: |