ӘОЖ 81.512.122(045)
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ
ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұхамбетов Ж.И.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
ф.ғ.к., профессор
Аңдатпа
. Бұл мақалада замана жазушысы Ә.Кекілбаевтың түрлі прозалық
шығармаларында кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері туралы болмақ. Жазушы
шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектизмдердің қолданылуы мен
тілдік еркшеліктері, олардың прозалық шығармалардағы берілуі туралы айтылады.
Жергілікті тіл ерекшеліктерінің түрлі прозалық шығармалардығы берілуінің тілдік
жағдайаттары мен диалек-тизмдердің шығарманың мән-мазмұнын ашудағы, шығарма
тіліндегі диалек-тизмдерді берудің автордың мақсатты қолданыстары туралы айтылмақ.
88
Түйінді сөздер:
Диалект, сөйленіс, жергілікті тіл ерекшеліктері, говор, аймақтық
лингвистика, диалектология.
Қазақтың дана да дара біртуар ұлдарының бірі, замана жазушысы бола білген, үлкен
тұлға, қоғам қайраткері белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың сиқырлы қаламынан туған сан
түрлі шығармалары исі қазаққа мәлім. Оның қаламынан туған сан алуан шығармалары
шежіре мен тарихқа, дәстүр мен салт-сана, философия мен мынау сырлы әлемнің сан алуан
штрихтарына толы десе де болады. Жазушының ұшқыр қаламынан туындаған әр шығарма-
сының салмағы мен құндылығы, өзіндік қайталанбас шеберлік иірімдері бар.
Қара сөздің қас шебері, өзіндік ұшқыр ойы мен философиялық тұж-ырымдары бар
замана жазушысы бола білген Әбіш Кекілбаевтың прозалық шығармаларындағы жергілікті
тіл ерекшеліктері туралы сөз қылмақпыз. Өмірде көркем сөз шеберлері өзіне керекті
материалды халық өмірінен, халық тілінен алатыны, оны өздерінің шығармашылық ой
елегінен өткізе отырып пайдаланатыны да белгілі. Халық тілінің табиғи мүмкіншілігін
ежелден қалыптасқан тілдік дәстүр негізінде меңгерген ақын-жазушылар ғана оны
бұрынғысынан әрі дамыта, жаңарта, қолдану аясын кеңейте алады. Мұның өзі тілдің
сымбаттылық қасиетін, икемділігін арттырумен бірге даму процесін жетілдіруге мүмкіндік
береді.
Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүн-иенің біртұтас
бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамзатта әр ұлтта әр деңгейде сан алуан
интерпретацияда беріледі.
Сондықтан
тіл
иесінің
ой-өрісіне,
оның
концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс
тауып, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние
бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Жазушы өзінің прозалық шығармаларында батыс
аймағына тән жергілікті тілдік ерекшеліктерді ұтымды бере білген. Жергілікті тіл
ерекшеліктерінің көркем шығармалардағы қолданылулары туралы сөз ете кетер болсақ,
жалпы прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде
қолданылады. Сонымен қатар кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады.
Жазушылар диалек-тілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық
тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет
ерекшеліктерін беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында
қолданады. Жергілікті ерекшеліктердің лирика-лық поэзияда қолданылуы мен прозалық
шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері де бар. Прозалық шығармалармен
салыстырғанда, лирикалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданыл-
ады, оның үстіне онда негізінен лексикалық ерекшеліктер ғана қолданылады да,
фонетикалық, грамма-тикалық ерекшеліктер мейлінше аз кездеседі. Бұл ақындардың
жергілікті тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету
емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан туындаған. Көркем
мәтіндердегі жергілікті сипаттағы лексикалық ерекшеліктерді өз ішінен бірнеше топқа
жіктеуге болады:
- нақты лексикалық ерекшеліктер - әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;
- семантикалық ерекшеліктер - белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпы-халықтық
қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
- этнографиялық ерекшеліктер - белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жер-лерде
қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың
аттары. Мұндай этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан,
оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
- фразеологиялық ерекшеліктер - белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана
түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Жергілікті ерекшеліктер жалпы көпшілікке бірдей таныс болмай-тындықтан, олардың
көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі болып келді. Ол, ең
алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға, автордың
89
мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты. Көркем шығармадағы диалек-
тизмдердің қолданысы туралы С.Б.Кураш былай дейді: “В художественной речи
диалектизмы выполняют важные стилистические функции: помогают передать местный
колорит, особенности речи героев, наконец, диалектная лексика может быть источником
речевой экспрессии” [1].
Жергілікті ерекшеліктерді жазушы цитата түрінде қолданып, контексте басқа стильдің
элементі ретінде пайдалануы мүмкін. Сонымен қатар әдеби тіл нормаларына жауап бере
алатын басқа сөздер сияқты, солармен тең қолдануы мүмкін. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің
эстетикалық мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады. Шығар-
мада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін,
шығарманың шынайылығын бере бермейді. Әдеби тілде жергі-лікті ерекшеліктерді шамадан
тыс қолдану да шығарманың тілін шұбар-ландырып, түсініксіз етеді. Жергілікті тілдік
ерекшеліктер - жалпыхалықтық тілдің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік
материалы жалпы халықтық тіл арнасымен жалғасып жатады да, кейбір лексикалық,
фонетика-лық, грамматикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Өзінің
изоглостық (сөздердің таралу шегін картаға түсіру) шекарасы бар нақтылы территорияда
өмір сүріп жатқан тілдік ерекшеліктер ру-тайпалық тілдің қалдықтарынан, сол жердің
халқының шаруашалық кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздерінен, қонысы,
тұрмыстіршілігі жағынан жақын көрші отырған елдер тілінің әсерінен кейбір грамматикалық
формалар арқылы семантикалық өзгеріске түскен, жергілікті тілге ғана қатысты сөздер мен
формалардан құралады. Көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын
ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анық-тау жұмысы орынсыз
қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған
диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың тілі арқылы сөздік
қорымыздың қатарын кеңей-теміз. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде
қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаң-
ғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалек-тизмдері қайта
дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі. Осыған байланысты
Г.Әзімжанова: «Жазушы көркем шығарманы жазу барысында халық тілінің бейнелеу
құралдарын пайдалана отырып, ұлттық тілдің жасырын жатқан байлықтары мен
мүмкіндіктерін ашады. Олар өз шеберліктері арқылы тіл дамуының ішкі заңдылықтарына
сәйкес келетін, жалпы қолданысқа еніп, ұлттық тіл қорының төрінен орын алатын тілдік
асыл құндылықтар жасайды. Қаламгер халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, әдеби тіл
нормаларын ескеріп, тілдік құралдарды көркем дүние жасау үшін шебер пайдалану
нәтижесінде көркем дүние туындайды. Жазушы тілінің суреттеу шеберлігі, көркемдік
әдістері көркем мәтін арқылы ашылып, эмоциялық бояуы айқындалады. Прагматикада
барлық назар адамға (субъектіге) бағытталады», - дейді. Прозалық шығармаларда диалектілік
ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар, кейде автор
сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді көбінесе
жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа
тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру үшін, халықтың болмысын,
рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады. Ақын, жазушылардың қай-
қайсысының да шығармасынан диалектілік ерекшеліктер кездеспей отырмайды. Өйткені, әр
адам, әсіресе әрбір сөз шебері - таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде,
белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Қазақ әдебиетінде де диалект сӛздер көркем
шығармаларда кеңінен қолданыс тауып келеді. Бір ғана мысал, Әбіш Кекілбаев шығарма-
ларында үй сөзі там, жай, бықынажай, құжынажай, майхана, сәлемхана, шатпа, шошала,
сағанақ теппе, сылама т.б. түрлері.
Дара да дана жазушы Ә.Кекілбаевтың прозалық шығармаларында жергілікті тілдік
ерекшеліктер өте ұтымды беріліп отырады. Жазушы ол өз шығармаларында жергілікті тілдік
ерекшеліктерді жайдан-жай беріп отырмағаны белгілі, ол өз шығармасында суреттеп
отырған жердің, аймақтың ерекшелігіне орай, сол жерге тән жергілікті тілдік ерекшеліктерді
90
нақты, мақсатты түрде бере білген. Себебі осындай жергілікті тілдік ерек-шеліктерді беру
арқылы жазушы шығарманың шынайылығы мен сол ортаның табиғи болмысы, жергілікті
халықтың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығы, кәсібі т.б. шынайы суреттей білген, тілдік
детальдар арқылы мол нақты деректер бере білген.
Жазушы,
Ә.Кекілбаев
шығармаларында
жергілікті
тілдік
ерекшеліктер,
диалектизмдер негізінен кейіпкер тілінде қолданылатыны байқалады. Көркем шығармадағы
диалектизмдердің қолданылу ерекшеліктерін сөз еткенде, екі фактіге: біріншіден, белгілі бір
сөздерді қолдануда автордың өзіндік позициясын, мақсатын түсінуін, екіншіден, автор
бейнесінің ерекшеліктеріне мән беру керек.
Ә.Кекілбаев шығармалары Маңғыстау өңірі тұрғындарының өмірінен, тұрмыс-
салтынан, тіршілігінен энциклопедиялық деңгейде мол хабардар ететін көркем туындылар
болып табылады. Жазушының шығармаларынан нақты тілдік мәліметтер келтірер болсақ:
Әліге дейін көз алдында үш бума уық, керосин құйған темір күбінің ар жағына, босаға
жақ бұрышқа тығылды; көгі үзіліп, сылдырап тұрған төрт кереге - бұл үйдің үзік-туырлығы,
қызының үйінің тоқымдары мен жабу-лары, ыбырсып жатқан көп киіздің астына түсті;
талайғы таң шаңырақ аядай қуыстан орын тимей, сыртқа, шошаланың төбесіне төңкерілді
(Ә.Кекілбаев «Құс қанаты 25 б.).
Бұл бағытымен төрт қанат жаман шатпаның төрінде ала қағаз қыстырылмаған уық
қалдырар түрі жоқ (Ә.Кекілбаев «Құс қанаты» 24 б.).
Бірер жыл қызмет жасаған соң, мынау талайғы төрт қанат шатпаны тастап,
күмбірлетіп алты қанат ақ үй де көтерер (Ә.Кекілбаев «Құс қанаты 25 б.).
«Құс қанаты» повесіндегі шатпа (төрт қанатты киіз үй), шошала (ас су қоятын,
сақтайтын үй) көптеген диалектизмдерімен төсекқап, аяққап, метей жүкаяқ тәрізді көнерген
сөздерді қатар алуы, сөз саптаушының коммуникативтік стратегиясына сай, ол бойынша,
автордың осы көзқарасын, ой сезімін адресат қабылдауға, онымен бөлісуге тиіс [3, 203 б].
Көркем шығармадағы автор бейнесі - тіл біліміндегі адам мәселесі қойылысының бір қыры
екені осылай көрінеді. Коммуникативтік мақсат аталған зат атаулары-ның бағалау мәнін
ашады. Кейіпкердің тұрмыс жағдайын өзгертіп, «шыл-дырмақтай» ақ пәтерге кіру кезіндегі
өмірінің екі кезеңін салыстыру сәтін жазушы осы сөздер арқылы танытады. Аталған
мәдениет деректерінің құны кейіпкердің соларға деген сағынышынан аңғарылады. Қалаға
көшерде ол дүниелерін шашып-төгіп кеткен жоқ, жанына жақын адамдарына сыйға беріп
«қолдатып»
(көтертіп)
жіберді,
аманатқа
қалдырды.
Ал
екінші
кезең-
де «шылдырмақтай» пәтер оның жаңа тұрмысқа көну сәтін бейнелейді. Ол үшін жалғыз
ұлдан артық ештеңе жоқ, соның жолында құрбан, соның қолында өлсе болды.
Прагматикалық ақпарат осыны көрсетеді, оқушыны сендіреді. Бұл жазушы қолданысындағы
диалектизмдер мен көнерген сөздердің үйлесіп келгендегі әлеуетінің күшін танытады десе де
болады.
Қандайма жазушы әдеби прозалық шығармалар жазу барысында өз дәуірінің әдеби
нормасын пайдаланады. Сөйтіп, көркем мәтін әдеби тіл заңдылық-тарының көрсеткіші
болады. Әдеби тіл нормасы ірі жазушылардың көркем шығармаларында ғана жан-жақты
көрінеді. Сонымен бірге жазушы шығар-маларында жергілікті тіл элементтері де көрініс
беріп, қолданылып отырады. Жазушы өз шығармасының мәтініне әдеби тіл нормасынан тыс
элементтерді (атап айтқанда, жергілікті тіл элементтерін яғни диалектизмдерді, жаргон,
дөрекі сөздерді т.б.) енгізуі мүмкін. Сөйлеу тілі элементтерінің көркем әдебиетте
қолданылған тұстарының бәрін мақсатты қолданысқа жатқыза беруге болмайды. Ғалым,
диалектолг Ш.Сарыбаев: «Жергілікті ерекшелік - әдеби тілді байытудың көзі, әдеби тілге әр
кезде азды-көпті еніп отырады, әдеби қолданысқа түскеннен кейін ол диалект болудан
қалады. Егер жергілікті ерекшелік (диалект сөз) көркем шығармада арнайы стильдік мақ-
сатта қолданылса, оны «диалектизм» деп атауға болады» [4, 37]-дейді.
Диалектілер, сөйленістер (говорлар) - ұлттық тілдің белгілі бір аймақтағы сөз құрауда,
сөз тіркесін жасауда тарихи қалыптасқан, өзіне ғана тән дыбыстық ерекшеліктері бар
тармақтары болып табылады. Алайда ол «дұрыс» сөйлеу тілімен әдеби тілмен
91
салыстырғанда, нормадан ауытқу болып есептеледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің
эстетикалық мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады.
Шығармада жергілікті тіл ерекшелік-терінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін,
шығарманың шынайы-лығын береді. Белгілі классик жазушы Ә.Кекілбаевтың прозалық
шығарма-ларында негізінен Маңғыстау өңіріндегі тұрғындардың өмірі суреттеледі, оның
құрғақ, шөлді далалы аймақ екені белгілі сол себепті құдықшылық ежелгі атадан балаға
жалғасып келе жатқан өнер ретінде қастерленетіні белгілі. Ол өңірдің күн-көріс қажетін
өтеген кәсіптерінің бірі - құдық қазу болған. Сол себепті мұнда құдыққа қатысты, оны қазу,
онда қолданылатын түрлі құрал-жабдық атаулары өте жиі кездеседі. Бұл өңірдегі табиғи
суаты жоқ жерлерде құдық қазудың өзіне тән қызық жайлары мол. Жерглікті қазақтар су
тапшылығының зардабын көрумен бірге одан арылудың жолында көп ізденіп, су табу мен
оны сақтаудың түрлі қызықты әдістерін ойлап тапқан. Осыған байланысты осы өңірде
көптеген құдық пен суға және ыдыс-аяққа қатысты көптеген атауларды тілге тиек етуе
болады. Жазушының шығармаларынан осы жайттарға байланысты көптеген деректерді
айтуға болады.
Қараса, Берден әйкелден түсіпті (Ә.Кекілбаев. «Ең бқытты күн» 37 б.).
Өңге жерден гөрі әнтек қарауытқан тебін ортасындағы ағарған тас әйкел барған сайын
бұлдырай түсті. (Ә.Кекілбаев. «Аш бөрі» 29 б.).
Қауғаны астауға сырғытып жіберіп, әйкелде талтайып тұрып алды (Ә.Кекілбаев. «Ең
бқытты күн» 36 б.) [5, 378 б].
Әйкел - құдықтың аузындағы тастан дөңгелек тоқаш ретінде ойылған тас, құдықтың
кенересі құламау үшін қаланатын ортасы ойылған дөңгелек тас. Арғы түбі арабтың «һайкел»
деген сөзінен шыққан. Арабшасының мағынасы да «дөңгелек» дегенді білдіреді. Ғалым,
М.С.Атабаева осы дөңгелек тас мағынасы диалект иелерінің құдықтың аузын бекіту қажетіне
сай атауға ие болған деп есептейді. Дөңгелек, шеңбер ұғымы – түркілер үшін әлемтанудың
аса маңызды басқышы, арба дөңгелегінен басталатын таным, аспан – үй –
шаңырақ ұғымдарымен ұштасып, «тіршілік көзі – су» танымына негіз болған. Сөздің өзбек
тілінде ойкулча «дөңгелек жүзді мағынасында кездесуі сөздің жалпы түркілік лексика
қабатынан шығатынын дәлелдейді [6, 137 б.]. Әйкел сөзінің ҚТАС-та төрт түрлі мағынасы
көрсе-тіледі, омонимдік қатар құрайды. Сөйленістерге тән омонимдердің өзіндік
ерекшеліктері бар. Ш.Сарыбаев оларды әдеби тілге қатысына қарай: әдеби омонимдер,
диалектілік, әдеби диалектілік деп бөлсе [4, 272-273 бб.], енді бір еңбектерде диалектілік
омоним таралу шегіне қарай тағы: сөйленіс аралық, өзіндік (ішкі) сөйленістік омонимдер
болып топталады. Әйкел сөзі осылардың ішінде сөйленісаралық омонимдер қатарына кіреді,
өйткені таралу шегіне қарай батыс өңірімен қатар Түрікменстан қазақтары, Қостанай,
Қарағанды, Талдықорған жақтарын қамтиды. Бұл сөздің арғы түбі жоғарыда айтқанымыздай
арабтың «һайкел» деген сөзінен шыққан. Арабшасының мағынасы да «дөңгелек» дегенді
білдіреді [7, 19 б.] дейтін пікір де ұшыра-сады. Өзбек тілінен орын алуы оның кірме сөз
болса да, жалпытүркілік кезеңге тартатынын байқатады. Сөз мағынасына мүмкіндігінше
тереңдей зерттеу шығармада бейнеленген шынайы болмысты тануға, батыс өңіріндегі
тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінен мол мағлұмат алуға, этнографиялық құн-дылығы жоғары
деректерден ақпарат жинақтауға мол септігін тигізеді.
Заңғар жазушы Ә.Кекілбаев шығармаларында ыдыс-аяққа қатысты да жергілікті
атуларды молынан кезіктіруге болады:
Ондай тасаяқ немененің бір жылға жетпей-ақ іші бұлтиып шыға келе-тін, - деп, «Үйде
алдындағы қуыршағыңды құшақтап, әлди-әлдиіңді айтып, сен қаларсың», - деп (Ә.Кекілбаев.
«Құс қанаты» 6 б.).
Шыны аяқтың түбіне жұққан қан күрең шайды ішіп жатып: «Шындарыңды
айтыңдаршы, балалар, басқа үйден осындай шай іштіңдер ме? - деді (Ә.Кекілбаев. «Құс
қанаты» 11 б.).
Шай сандықтан атауыз алып, сарысу сындырды (Ә.Кекілбаев. «Ең бақытты күн»
33б.).
92
Сақанның шамалы уақытта шыны аяқтан бас көтеретін сыңайлары жоғын байқап, бір
өзі ғана қол жайып бата қылды да тысқа шығып кетті (Ә.Кекілбаев. «Құс қанаты» 25 б.).
Енесі пақыр, шалының бетіне бажырайып қарады да шелектен бір бақыр су алып
берді (Ә.Кекілбаев. «Құс қанаты» 16 б.).
Метейді арқалап, шелегін қарына іліп, суға беттеді (Ә.Кекілбаев. «Ең бақытты күн»
36б.).
Торғын метейге үңілген қалпы үнсіз жымиды (Ә.Кекілбаев. «Ең бақыт-ты күн» 36 б.).
Арқасын метей соғып тастапты (Ә.Кекілбаев. «Ең бақытты күн» 38 б.). Жаңа ғана бұл
арқалап келген метей босап қапты (Ә.Кекілбаев. «Ең бақытты күн» 41 б.).
Маңғыстау өңірінде жиі айтылатын жергілікті диалектілік метей сөзі су құятын
теріден жасалған ыдыс атауы атауы. Метей - адамның бауын маң-даймен тіреп арқалауға, не
түйеге артуға бейімделіп ағаштан жасалған әртүрлі сыйымдылықтағы күбі, ыдыс. Аузында
екі тығыны болады. Метей – ағаштан не теріден жасалған екі не бір тесігі бар бітеу шелек.
Онымен құдықтан су тасылады. Бір метей суды әйелдер арқалап та, түйеге теңдеп те әкеле
беретін. Ол үлкен-кішілі болып та келеді орташа салмағы 40-50 килограмм [8].
Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш. Бұл сөз көршін деп те аталады. Қараш,
тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма
етік кие алмас, шөккен түйе міне алмас!... Ал диалектологиялық сөздіктерде бұл сөздің бес
түрлі мағынасы беріледі. Cөздің архисемасы М.А.Хабичевтің бақыр сөзінің түсімен, метал-
мен байланыстыратын тұжырымы арқылы анықталады, кур, гур түркі тілдер-індегі «қызыл»
сөзінің түбірі де, бой - бояу - бұлардың бәрі жез ұғымынан тарайтын атауларға негіз
болады. Бақыраш - жезден жасалған ыдыстың бір түрі [6, 38-39 бб.].
Жергілікті халықтың бір
зат немесе құбылысты тану деңгейіне қатысты туындаған атау (зат есім) немесе сипаттама
атау (сын есім), яғни диалектизмдер сол заттың әдеби вариантын білмегендіктен емес, оған
берген өзінің бағасы мен сол заттың қасиеті мен қолданымдық қызметі үстемдікке ие
болуына байланысты жаңа атаудың (диалектизмдердің) туа-тыны - заңды құбылыс. Халық
берген атау басым түсіп жатса, жалпыадамзат-тық деңгейге жетіп жатса, әдеби сөздік қор
қатарына енетіні де дағдылы жағдай. Көркем әдебиет тілінде кездесетін жергілікті тіл
ерекшеліктерінің бәрін бірдей әдеби нормаға жат дей беруге болмайды. Бұл орайда
Н.Уәлиев: «Жалпы, диалект сөздерді зерттеу бірнеше мақсатпен байланысты. Бірінші-ден,
бұл өзі - тарихи категория. Сондықтан да жалпыхалықтық тілдің тарихы мен қалыптасуын,
оларды
лексика-фразеологиялық,
граматикалық
жағынан
тексеру
мәселелерінде
диалектілердің көп пайдасы бар. Екіншіден, мұны әдеби тілді байытудың бір көзі ретінде
қарау керек. Кейбір жаңа ұғымдарды, заттарды немесе бұйымдарды қазақша атау керек
болғанда және баламасы әдеби тілден табылмаған жағдайда оларды осы жергілікті
ерекшеліктерден іздеген дұрыс. Диалектизмдерден алынатын, тілімізде кәдеге асырылатын
сөздер әлі де бар» [3, 16 б.],-дейді. Демек, көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің
мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы
орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім
тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың сөз қолданысы
арқылы тілдің сөздік құрамы ұлғаяды. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру
негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді
жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері дүниеге
қайта әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түсетіні анық.
Замана
жазушысы,
белгілі
қоғам
қайраткері
Ә.Кекілбаевтың
прозалық
шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктерін сан түрлі тақырыптық топта әрмен қарай
қарастырып, зерттеудің тіл білімі үшін маңызы зор. Түрлі көркем, прозалық
шығармалардығы сол жердің толық танымдық коллортін беретін жергілікті тіл
ерекшеліктерін,
диалектизмдер
мен
түрлі
сөйленістерді
ақын-жазушылардың
шығармаларынан іздестіріп, қарастырудың да маңызы зор...
93
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кураш С.Б. Метафора и ее пределы: микроконтекст – текст - интертекст. -Мозырь,
2001. -121 с.
2. Әзімжанова Г. Филол. ғыл.докт. дисс. -Алматы, 2007. – 311 б.
3. Уәли Нұргелді. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филол. ғыл.докт. дисс.
-Алматы, 2007. – 311 б.
4. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. Вопросы казахского языкознания. -
Алматы: Арыс, 2000. – 621б.
5. Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. -Алматы: Жазушы, 1989.
6. Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі. -
Алматы: Білім, 2006. -228 б.
7. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. -Алматы: Мектеп 1 том. 1984. -
255б.; 2 том 1989. -284 б.
8. Картуц Р. Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке. -СПб,, 1910.
Достарыңызбен бөлісу: |