Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет36/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
ӘОЖ 81.512.122(045) 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР 
 
Бағдатұлы М. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технолгиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа.
  Мақалада  қазақ  әдебиетінің  өзіндік  орны  бар,  прозамызда  тарихи 
тақырыпты  бейнелеуде  шығармалық  шеберлігімен  үлкен  белеске  көтерілген,  Қазақстанның 
халық  жазушысы  Әбіш  Кекілбаевтың  туындыларындағы  тарихи  тұлғалар  тағылымы 
қарастырылады.  Бүгінгі  күні  тәуелсіздік  уақытында  жаңа  көзқарас  биігінен  жекелеген 
қаламгерлердің  шығармаларын  терең  бойлап олардың  туындыларының  көркемдік-шеберлік 
сипатын айқындау, талдау, саралау жұмыстары жүргізілді.  
Түйінді сөздер
: Ақын, жазушы, ғалым, зиялы, тарих, тұлға. 
 
«Бір адамдар болады, жанына жақындасаң қабағымен қара зіл болып басып сүйегіңді 
ұнтап,  жаншып,  бір  сені  жерге  тығып  жіберетіндей  болып  тұратын  бір  адамдар  болады. 
Өкінішке  орай  мұндай  адамдар  өте  көп  мына  дүниеде.  Ал  енді  өте  сирек  кездесетін  бір 
адамдар  болады,  жанына  жақындасаң  сені  сол  сәулесімен  орап,  сені  сол  сүйегіңе  дейін 
шұғылаландырып,  рухынды  бір  биіктерге  самғатып,  мынау  боқташаққа  толы  дүниенің  бір 
кір-сіленін  бәрінен  ажыратып  алыстарға  алып  кететін  бір  адамдар  болады.  Әрине  өкінішке 
орай  мұндай  адамдар  өте  аз!  Бірақ  азда  болса  біздің  бағымызға,  менің  бағыма  сондай 
адамдар жолықты. Солардың бірі,  Әбіш аға Кекілбайұлы еді! Әбіш аға шын мәнінде әулие 
пішінді,  сирек кездесетін өте ерекше жаратылыс. Сонау шын  мәнінде ұлылардың  сарқыты, 
біз  беріде  елесін  таныған,  суретін  көрген  Абай,  Шәкәрім  сияқты  дана,  әулиелердің 
сипатындағы,  кешегі  Әлихан,  Ахмет,  Міржақып  сияқты,  Халел  Жанша  сияқты,  мұның  бер 
жағындағы    Қаныш  Сәтпаев,  Мұхтар  Әуезов,  Әлкей  Марғұлан  сынды  кемеңгер 
ғұламалардың  сипатындағы  бір  сирек  кездесетін  тұлға  еді.  Сирек  жаратылған,  бір  туатын 
құбылыс  еді.  Біздің  құдайға  шүкір  сол  кісінің  қасында  жүрдік  соңына  ердік,  сол  біздің 
бақытымыз!», - деп Светқали Нұржан «Әбіш Кекілбаев жөнін бір үзік сыр» атты сұхбатында 
айтып  өткендей  бізге  Әбіш  жайында  сөз  қозғау  үлкен  мәртебе,  оның  шығармашылығын 
зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние.   
Әбіш  Кекілбаев  өткен  ғасырдың  70-80  жылдар  аралығында  мәдениет,  әдебиет,  кино 
салаларында  ұйымдастыру-шығармашылық  қызметтерін  атқара  жүріп,  өзінің  жазушылық 
кәсібін  алдыңғы  қатарға  қоя  білді.  Партияның  Орталық  Комитетінің  мәдениет  бөлімінде 
әдебиет  секторының  меңгерушілігіне  Әбіш  Кекілбаев  жазушыларға  да,  қоғамға  да  сөйлесе, 
сөзі  өтетін, қажет  кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін,  сөзін өткізе алатын 
беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды.  
Ә.  Кекілбаев  Орталық  Комитеттен  Мәдениет  министрінің  орынбасары  қызметіне 
жіберіліп,  қысқа  мерзімде  қыруар  істер  атқара  алды.  Жаңа  мемлекет  тұсында  да  Әбекең  – 
депутат,  Комитет  төрағасы,  Жоғарғы  Кеңес  төрағасы,  Мемлекеттік  хатшы,  Сенат  депутаты 
сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. [1]. 
Тарих  та,  бүгінгі  күн  де  —  тіршіліктің  тартыс  майданы.  Мұның  өзі  —  суреткер 
туындылары арқылы көрініс табатын адамдар тағдырлары үшін тиек болған көркемдік фон 
—  көркемдік  декорация  болып  табылады.  Ал,  Әбіш  Кекілбаевтің  шығармаларының  басты 


139 
 
өзегі  —  тарих  пен  тағдырлар  философиясын  алуан-алуан  тұрғыдан  мейлінше  саралап, 
мейлінше  даралап  көрсетеді.  Мұның  бір  шырқау  көріністеріне  «Үркер»  мен  «Елең-алаң» 
роман-дилогиясын,  «Абылай  хан»  халықтық  қаһармандық  драмалық  дастанын,  ұлы  ақын 
Махамбет туралы «Шандоз» тарихи баянын жатқызар едік [2]. 
Көркем ой тұрғысынан алып қарағанда монументалды роман мен драмалық дастанды, 
тарихи  баянды  қазіргі  қазақ  әдебиетінің  даму  өрісіндегі  кезеңдік  ірі  туындылар  десек 
жарасымды.  Өйткені  философиялық  прозаның,  философиялық  драманың,  философиялық 
тарихи баянның қай-қайсысы болмасын мазмұндық-түрлік орасан зор қуатымен, орасан зор 
ізденісімен,  орасан  зор  көркемдік  жетістігімен  мүлде  жаңа,  мүлде  тың,  мүлде  соны,  мүлде 
тосын, мүлде кесек, мүлде ірі, мүлде ойлы, мүлде сындарлы шығармалар болып табылады. 
Сондықтанда  біз  бұларды  саяси-әлеуметтік,  тарихи-философиялық  сипаттағы  соқталы 
дүниелер деп білеміз. Солайша қабылдаймыз. Солайша сүйсінеміз.  
Әрбір  туындыдан  бір-бірден  мысал  келтірсек  артық  та  болмас  еді.  Біздің 
шектелуіміздің  басты  себебі  —  жоғарыда  аталынған,  жанры  әрқилы  шығармалардың 
баршасы  ойға,  әсіресе  ойдағы  тартысқа,  небір  тағдыр  шырғалаңдарының  тартысына 
құрылған көшелі де өрісті туындыларды еріксіз тұтас келтірер болар едік [2].  
Ә.Кекілбаев  шығармаларындағы  неше  алуан  тартыстар  мен  қақтығыстар  белгілі  бір 
сюжеттер немесе оқиғалар аясында тікелей алынбайды, қайта, керісінше, сол сюжеттер мен 
оқиғалар  санадағы  ой  ағымына  бағындырылады,  сол  арқылы  өрбіп,  өріс  тауып  жатады.  
Соның  нәтижесінде  ой  ағымының  түбінде,  образды  түрде  айтсақ,  еңсеп  қазған  құдықтың 
түбінде  шөгіп  жатып-ақ,  шығарманың  көркемдік  бітім-сүйегіне,  дем-тынысына  өзгеше 
шырай дарытатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұған оның жоғарыда аталынған күллі 
туындыларының кез келгені нақты дәлел бола алады [3]. 
Ә.Кекілбаевтың  тарихи  тұлғаларға  арналған  еңбектерін  негізінен  екіге  бөліп 
қараймыз: Бірінші, әдеби-көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет 
ата,  Шыңғыс  хан,  Ақсақ  Темір,  Әбілқайыр  хан,  Абылай,  т.б.).   Екінші,  ғылыми 
зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, 
Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан [4]. 
Ә.  Кекілбаевтың  «Ханша  дария  хикаясының»  тақырыбы  –  Шыңғыс  хан.  Соңғы 
кездері  қазақ жұртында Шыңғыс хан туралы  екі  түрлі  көзқарас бар. Біріншісі Шыңғыс хан 
шабуылынан  кейінгі  қыпшақ  тайпалары  ғана  емес,  көптеген  халықтардың  саяси  және 
экономикалық  жағдайының  нашарлауын,  әлсіреуін,  яғни  зардабын  көрсетеді.   Екіншіден, 
Шыңғыс  ханды  жақтайтын,  яғни  оның  жаулап  алушылық  саясатының  прогрессивтік  мәні 
жөнінде  пікір  айтушылар  (“ол  болмаса  қазақ  тарихы  да  әдіра  қалатын  еді”)  бар.   Жалпы, 
Совет  Одағына  қараған  елдердің  тарихында  татар-монғол,  әлде  монғол-татар 
шапқыншылығы деген термин мықтап қалыптасты. Шын мәнінде ол монғолдың да, татардың 
да  емес,  Шыңғыс  ханның  шапқыншылығы.  Монғол  тілдес  халықтар  түркі  тілдес 
халықтармен салыстырғанда өте аз еді. Қазір монғол тілдес халықтар (қалқа, қалмақ, бурят, 
ойрат,  торғауыт,  дүрбіт,  т.б.)  саны  түркі  халықтарынан  бірнеше  есе  аз  және  бұрын  да,  қай 
заманда да солай болған. Ал қазіргі Монғолияның мемлекеттік тілі – қалқа тілі [3]. 
Ә.  Кекілбаев  шығармаларын  мұқият  оқыған  зерделі  оқушы  осы  айтылған  тарихи 
жайттар  турасында  толғанбай  қалмайды.  Ұлы  тұлғалар  ішінде  А.Македонский,  Ю.Цезарь, 
берідегі Наполеон мен Гитлерді мысалға алсақ, олардың да туған халқын аспанға шығарған 
ештеңесі  жоқ,  керісінше:  дүние  жүзін  бағындырамын  деген  Македонский  Грекияны 
әлсіретті.  Соңынан  бұл  ел  Римге  бағынышты  болды.  Цезарьдің  шектен  тыс  билік 
құмарлығынан  Римде  бес  ғасыр  өмір  сүрген  республикалық  басқару  жүйесі  жойылып, 
императорлық,  яғни  бір  адам  билеп-төстейтін  басқару  жүйесі  дүниеге  келді.  Осыны 
пайдаланып,  Израильден  шыққан  ағайындар  христиан  дінін  дүниеге  әкеліп,  сол  арқылы 
Римді құлатып қана қойған жоқ, бүкіл Еуропа халқын құлдыққа салды.  
Әбіш жазған Шыңғыс пен Ақсақ Темір – қанша ұлы жаулаушы, қанша асқақ билеуші 
болса  да,  өлімнен  қашып  құтылмайтын  жұмыр  басты  пенде.  Осы  екі  тарихи  тұлға  туралы 
талай ғұламалар жазды. Бірақ  Әбекең олар туралы халық аңыздарына сүйеніп жазған екен. 


140 
 
Ұлы  әміршілердің  құдіреті  мен  дәрменсіздігін  ірі  суреткер  Ә.  Кекілбаев  кең  көлемде,  жан-
жақты  көрсетеді.  Дәрменсіздіктің  басы  жұмыр  пенденің  бәріне  ортақ  екенін  жеткізеді. 
Дәрменсіздік,  әлжуаздық  латын  тілінде  vulnerable,  орыс  тілінде  уязвимый,  әсіресе,  ұлы 
әміршілерге тән қасиет немесе ауру екенін автор көркем тілмен баяндаған [4].  
«Үркер» 
романы-қазақ елі басынан өткен ауыр кезеңдерді, ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда орын алған ірі-ірі 
оқиғаларды деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша 
туынды.  Ол  әдебиеттегі  тарихи  шығармалардың  қатарында  белді  жерден  орын  алатын, 
көркемдік  дәрежесі  жоғары,  айрықша  орамды  шығарма.  Роман  мазмұны,  ең  басты,  нағыз 
өзекті  мәселесі  –  қазақ  елінің  өз  жері,  өз  бостандығы,  дербес  ел  болып  қалыптасуы  үшін 
талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары.  
Шығарманың  басты  кейіпкерлері  –  Тәуке,  Әбілқайыр,  Бөгенбай,  Тевкелев  немесе 
бірдің  емес  бүкіл  елдің  атынан  сөйлеген  билер:  Қазыбек,  Төле,  Әйтеке.  Бұдан  басқа 
кейіпкерлер ойдан шығарылған адамдар емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өшпес 
із  қалдырған  тұлғалар,  қайраткерлер.  Бұл  шығарманың  басқа  шығармалардан  ерекше 
айырмашылығы  мен  артықшылығы  –  ол  түгелдей  өмірде  болған  оқиға  желісінде 
жазылғандығы.  Сондықтан  да  бұл  шығарма  шын  мәнісінде  тарих  шежіресінде  құрылған 
тарих жанрына жататын туынды [5]. 
Сондықтан  «Үркер»  мен  «Елең-алаң»  -  Әбіш  Кекілбаевтың  ғана  емес,  қазақ 
романының  табысы  болып  саналады. Ә.Кекілбаевтың  қазақ  тарихына  қатысты 
зерттеулерінде  ерекше  орын  алатын  тарихи  тұлғалардың  бірі- Әйтеке  би.  Жалпы  қазақ 
еліндегі  билер  институтының  тарихын  соңғы  екі  ғасырда  көптеген  ғалымдар  зерттеді. 
Солардың  ішіндегі  ең  ірілерін  айтсақ,  ХІХ  ғасырда Ш.Уәлиханов,  ХХ  ғасырда  С.Зиманов 
болатын.  
Ал  Ә.Кекілбаев  Әйтеке  биге  қатысты  барлық  деректі  жан-жақты  зерттеген.  «Жеті 
жарғыны»  жасақтаған  әйгілі  үш  бидің  тарихтағы  орнының  аса  үлкен  екенін  айта  келіп, 
Әйтеке  би  туралы:  «Алаш  ішінде  Алшыннан,  Алшын  ішінде  Әлімнен,  Әлім  ішінде 
Төртқарадан,  Төртқараның Қарашы,  Қараштың  Сейітқұлы».  Сейітқұл  болғанда, кәдімгі  Әз-
Тәукенің  төртінші  атасы,  атақты  Қасым  хан  өлген  соң  біраз  уақыт билігін  қолына  алған 
Шығай  Жәдікұлы  1581  жылы  ұлысымен  Сырдарияның  сағасындағы  қонысын  тастап, 
Самарқанның  теріскейіндегі  Нұрата  тауына  көшкенде,  қасына  төртқара  Сейітқұл  дегенді 
ерте  кетпейтін  бе  еді,  сол  Сейітқұлдың  дәл  өзі.  Сейітқұлдың  сегіз  баласының  аты  жер 
жарған. 
Ең  атақтысы  Жалаңтөс,  сол  кезде  бар  болғаны  бес  жаста  екен.  Сол  Жалаңтөс 
Нұратада  жүріп,  Бұхар  мен  Тамды  маңындағы  қазақ  ұлыстарын  билеп,  Ақназар 
ұлы Дінмұхамедтің  көзіне  түседі.  Ол  –  кәдімгі  Хафиз -Таныштың  «Абдулла-нәмесіндегі» 
Дінмұхамед Қасым өлгесін шырқы бұзылған қазақ хандығының еңсесін тіктеп берген әкесі 
Ақназардың  саясатын  одан  әрі  жалғастырып,  Абдолла  әулетінен  өрбитін  билеушілермен 
батыл  тайталасқа  шығып,  Орта  Азияның  кейбір  шаһар  мемлекеттерінің  тізгінін  өз  қолына 
ала білген қазақ ханы Жалаңтөс те Дінмұхамедтің сол күресі үстінде көзге түссе керек»,- деп 
оның  туып-өскен  ортасы  мен  айналасындағы  тарихи  тұлғалар  туралы  нақты  мәліметтер 
береді.  
«Абылай хан» атты пьеса жазуға қаламгердің баруы бойына сіңген, ойын билеген осы 
іске Әбіштің тәуекел етуі болды деп топшылаймын. Әбіш Кекілбаев тәуелсіз Қазақстанның 
ірі  қоғам,  мемлекет  қайраткерлерінің  алдыңғы  легінде  белсенді  қызмет  істеп,  біраз 
шыңдалды.  Ол  тәуелсіздік  алған  кезде  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  сенімді  серіктері 
қатарында  болып,  жауапты  қызметтер  атқарды,  тәуелсіздіктің  басты  идеологы  ретінде  оны 
баянды етуге үлес қосты.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Әбекең  –  әлемдік 
өркениетке  ортақ  қазынасына  олжа  салған  суреткер.  Көркем  ойдың,  көркем  әдебиеттің 
көсемсөзге  жол  берген  тұсында ол  ел-жұртына  үлгі  беретін  үрдіске  қол  артып,  уақыт 
мінбесіне  көтерілді.  Ағынан  жарылды,  адалынан  сөйледі.  Әлі  де  қоғам  мен  қауымды 
толғандырған келелі мәселелерге кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қайраткер сөз 


141 
 
ұштап,  шынайы  пікірі  мен  шырайлы  бәтуасын  жайып  салады. Жұртының  мүддесі  үшін 
жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай осындай қазақ көбірек болса 
екен деп тілеймін» [5]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. https://massaget.kz/ Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы туралы// 
2.  https://articlekz.com//  Әбіш  Кекілбайұлының  тарихи-рухани  тақырыпты  көтерудегі 
көркемдік құдірет/ Амангелдиева Г.С. 
3.  https://articlekz.com//  Әбіш  Кекілбайұлының  тарихи-рухани  тақырыпты  көтерудегі 
көркемдік құдірет/ Амангелдиева Г.С. 
4.  https://e-history.kz/  Әбіш  Кекілбаев  шығармаларындағы  тарихи  тұлғалар//  Самат 
Өтениязов 
5. https://ust.kz// Ә. Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі//  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет