Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет4/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
 
 
 


11 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫ ТУРАЛЫ  
 
Сөйлемез О. 
Қастамону Университеті, Түркия  
(Қазақ тілінен аударған Айнагүл Даниярова) 
 
Аңдатпа.
  Мақалада  жазушы  Әбіш  Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры»  романындағы 
тарихи кейіпкерлер, олардың өмірдегі прототиптері туралы сөз болады. Адамзат тарихында 
өзіндік орны бар тұлғалардың образын берудегі жазушы шеберлігі талданады. 
Түйінді сөздер:
 Шыңғыс хан, шындық, роман, оқиға, оқырман, Әбілқайыр хан. 
 
Түріктердің  басым  көпшілігі  өмір  сүрген  аумақтар  –  ескі  атымен  Түркістан 
топырықтарында  үстем  еткен  әміршілер  Шыңғыс  хан,  Темір,  Ұлықбек,  Бабур  және  т.б. 
Шыңғыс ханның қатігездігі, оның  Отырар қаласын күлталқан етуі,  зұлымы, қаталдығымен 
танымал әмірші өмірінің соңына таянған шақта, өлім адамзаттың барлығына тең екеніне  көз 
жеткізген.  Қазақ  ақыны,  әрі  жазушы  Мұхтар  Шаханов    ең  зұлым  әмірші  ретінде  тарихқа 
таңба қалдырған Шыңғыс ханның ауыр дертке ұшырағанда, бұл дерттен айықтыратын білім 
адамы – Айбар – Отырар қаласының тұтасымен күлге айналған көтерілісте шейіт болғанын, 
оның ойлап тапқан ем жолының Отырар кітапханасында өртке оранғандығын ащы шындық 
ретінде үйренуін кітабында жазады. Айбардың ақылды, пысық және ержүрек әйелі, Отырар 
қаласының ханы Қайыр ханның қарындасы Ақеркенің бұл дерттің шипасын білетін жалғыз 
өзі екенін, Шыңғыс ханның құзырына шыққанда өлімнің баршаға тең және әділ болатынын, 
бай-кедей, жас-кәрі, еркек-әйел деп бөлінбейтінін Шыңғыс ханның жүзіне қарсы сөйлегенде 
хан үнсіз қалған еді. Соңында бұл ащы шындық ішіне түскен от болды.  
Кекілбаев  кітабында  атын  атамаса  да  Шыңғыс  ханның  өмірін  бір  хан  ретінде  емес, 
қарапайым  адам,  үйлі-баранды  еркек  ретінде,  ішін  жалмаған  үлкен  күдікпен  құлдырауын 
көрсетеді.  Романда  махаббат,  қызғаныш,  күдік,  арман,  даңқ  сияқты  адамзаттың  негізгі 
сезімдері  бір  ортада  жинақталған.  Түрік  әлемі  жазушыларына  тән  ерекшелік  ретінде 
көрсетілген  романдарда  шығыс  философиясын  еңбегіне  арқау  ету  дәстүрін  одан  бұрында 
Айтматов  пен  Шахановта  қолданады.  Еңбекте  Хазіретті  Сүлейманның  құмырсқа  мен 
жүздесуі,  оның  сұрақтарына  жауапта  кідірмесі  оқырман  қауымға  терең  әсер  қалдырады. 
«Баяғыда  сұңғыла  Сүлейменге  бір  күні  құмырсқа  кеп:  «Саған  жаратқан  ием  желді  неге 
бағындырып  бергенін  білесің  бе?»-деп  сұрапты.  Сүлеймен  қапелімде  жауап  таба  алмай 
мүдіріп қалыпты. «Ол сенің патшалығыңның ақыр түбі желге ұшатынына меңзегені»,-депті 
құмырсқа.  Сүлейменнің  бұны  естігенде  өңі  ауып  кетіпті.  Әлгі  құмырсқа:  «Алланың  әмірін 
ұлыларға кішілердің сөзі жеткізеді деген осы болады»,-деп тайып тұрыпты. Сүлейменнің де 
басынан  ауған  бақ  кімнің  басынан  аумайды  дейсің.  Бірақ  Сүлейменнің  басынан  бақ 
ауғанмен, даңқ ауды ма? Соған қарап-ақ, бақ-аз ғана күн тіршіліктің ырызығы да, ал даңқ -
ұлан-асыр мәңгіліктің несібесі екенін біле беруге болмай ма?» (9-10 бет) Бұлар ханның үлкен 
сапардан  қайтар  жолда  ойын  мазалаған  риуаяттардан.  Шөлде  алтынға  оранған  көлігінің 
ішінде  ескі  күндерін,  қиналған  жұбайы  және  баласымен  бірге  дұшпаннан  қашқан  қиын 
замандарын  есіне  алады.  Кейін  қол  жеткізген  даңқының  әсерінен  ол  күндерді  ұмытады. 
Өзінен басқа жан баласы білмейді. Бағы басынан ұшқан еді. «Төрт жылдан бері Ханның жүз 
мың  әскері  өзге  жерлерді  басып  алған  еді.  (8-бет)  Бірнеше  күннен  бері  алай-дүлей  болып, 
бірде тыныштылған шөл дауылының бір күн өзін де із қалдырмадан жоқ қылып жіберер не 
жібермесін  ойлайды.  Жазушы  романның  соңының  тұспалыны  берген  сияқты.  Иә,  Хазіретті 
Сүлеймен  бахтиярлық  және  даңқтан  нәсібіні  алып  бұл  дүниеден  бос  құрқол  өткен.  Бірақ 
артынан із қалдырып өткен. Ұлы Хан болу үшін, артыңнан өшпестей із қалдыру үшін үлкен 
істер  атқару  керек.  «Кішкентай  көздерге  жақсылық  істе  мейлің,  жамандық  істе  мейлің, 
жанарының шарасына сыймайтындай алапат қып істе. Әйтпесе, аз жақсылығыңа бәрібір місе 
тұтпайды,  ал  сәл  ғана  жамандығыңды  көрсе-жерден  алып,  жерге  салып  жазғыра  жөнеледі. 
Біреудің  тұмсығын  қанатсаң,  бар  пәлені  басыңа  үйіп-төгіп  бағатын  немелер  кең  әлемді 


12 
 
белшеден  қанға  малып  қойсаң:  «Бұл  не  істегенің?»  деп  нәлет  айтпайды.  -  «Апырай,  қалай 
істедің?»  деп  қайран  қалады»  (10-11  бет)-  деп  жазады.  Бұларды  жасау  үшін  де  кісі  күшке, 
құдіретке, даңқа мұқтаж. Ханда  барлығы да бар. Мұны тек қана таңдаулылар жасай алады. 
Ол да  таңдалған ұрпақтан тараған. Қол астында бітпес байлығы, сансыз ержүрек әскері бар. 
Мүмкіндік болғанда, пайдалану керек.  
Хан  алғаш  рет  сапардан  келер  жолда  ойға  шомылады.  Бұрын  соңды  мұндай  ойлар 
мазаламаған.  Оны  құпия  ретінде  сақтау  керек.  Бірақ  бұл  жолы  сыры  жүрегінің  түбінде 
сақтаулы сыр сандықтан төгіліп жатқандай мазалайды. Ойлай береді, өйткені үлкен дұшпаны 
қарсысында.  «Кәрілік!».  Жауыңнан  да  аса  қауіпті.  Оны  ешбір  әскер  бағындыра  алмайды. 
Қылышың оған өтпейді, байлығыңмен құртыла алмайсың. Ең жаманы «Қас жауың» сияқты 
реті  келгенде  тап  беріп  шабуыл  жасамайды.  Керісінше  баяу-баяу  және  бойыңды  қорқыға 
билетіп  әрекет  етеді.  Сары  уайымға  шомылдарады.  Хан  да  енді  сары  уайыммен  бетпе-бет. 
Бірақ  жеңіс  туын  арқалаған  Ханның  бір  тілегі  бар.  Әмірі  жүрмеген  тек  бір  ғана  өлке, 
құмырсқаның  илеуі  сияқты  құжынаған,  қысық  көзді  халықтың  мемлекетін  басып  алу. 
Құмырсқа сияқты қырғын халқы болғаны үшін үстемдік орната алмаған бұл өлкенің халқы 
одан қорықпаған. Иемденген басқа өлкелерде барлық тұтқындарды өлтіргені үшін арқасына 
бұрылып қараудың қажеттілігі жоқ еді.  
Бірақ  Ханның  ойлануы  керек  болған  басқа  жағдай  бар.  Сапарға  шыққанда  бас 
қаланың  орталығында  емес,  бірақ  мен  мұндалаған,  айналасыны  мақтанышпен  көре 
алатындай мұнара бар болатын. Қаланың кіреберісінде Ханның көзіне шалынады. Хан қалаға 
кірерде «көк аспанның ұшы қиырсыз кеңбайтақтығын мақтан тұтқан» мұнара көзіне түседі. 
(15-бет) 
Саябақтың  оңаша  түкпіріне  барып,  сылдырап  ағып  жатқан  бұлақ  басындағы 
қойтастарға  отырады  да  қояды.  Мынау  жарық  жалғанда  тек  осы  бір  аядай  тұма  бұлақтың 
басында  ғана  ол  өзін  билеуші  сезінбейді.  Сылдыр-сылдыр  ағып  жатқан  мөлдір  бұлаққа  да, 
жасыл-желек арасында мігірсіз шықылықтаған сансыз құстарға да, су үстінен шыр айналып 
шықпай қойған көк қанат инелікке де оның ешқандай әмірі жүрмейді. Бұл арада одан ештеңе 
ықпайды.  Тек  қалың  нудың  ішінен  шыға  кеп,  бұны  көргенде  дүркіреп  кейін  қарай  зыта 
жөнелетін үркек еліктер ғана сескенеді. Бірақ олар да бұдан атақты билеуші екен деп емес, 
көп екі аяқтылардың бірі екен деп қорқады.(16-17 бет) 
Өмірлік  тәжірибесінен  білген  бір  сыры  бар  Ханның  ойында:  «Әмірші  көп  сөйлемеу 
және  бос  өсек-аянға  құлақ  түрмеуі  қажет.  Ал  егер  өсекке  құлақ  түріп,  өзінің  мансабын 
кішірейтетін  болса,  өсекшінің  алдында  басындағы  тәжін  шығарып,  түкірік  тостақаны  етуге 
дайын деген сөз». (20-бет) Мұндай саяси пікірдегі Хан, «Өзгелерге қасақана немесе әдейілеп 
жала  жапқандарды  құтырған  итті  жек  көрген  сияқты  жек  көреді».  (20-бет)  Жазушы  Темір 
ханның  өмірі  мен  қиял  әлеміні  жақсы  біледі.  Оны  жақсы  талдаудың  арқасында  сеніммен 
суреттейді. Соғыс майданында мыңдаған әскері  намыс азабынсыз өлтіре білген әмірші. Бір 
кісінің  әміріні  берерде  өте  сақ  әрекет  етеді.  Себебі,  «бейбіт  өмірде  қайыршыға  қарсы 
жасалған  тарыдай  ғана  зұлымдық  намысына  дақ  түсіргендей  болушы  еді.  Қарапайым  бір 
кісіге  Хан  тарапынан  көрсетілген  мейірім,  мыңдаған  күнәсіздің  өліміне  себепкер  болған 
қанішердің  қорқынышты  даңқын  ұмыттырады.  Дана,  әділ  Хан  қауесетіні  тоқтата  алатын 
еді».  (21-бет)  бұл  өте  орынды  анықтама.  Себебі  жиырмасыншы  ғасырдың  ең  үлкен  зұлым 
диктаторы болған Сталин аяусыз миллиондаған халықты өлімге қиды. Жүз мыңдаған күнәсіз 
ағартушы айдындарды жұбайларымен өлімге, абақтыға, ату жазасына, айдап жіберуге, басқа 
жаққа жер аударуға мәжбүрледі.  Онша қатігездік жасай отырып, бейкүнә балалармен бірге 
жарияланған  фотоларымен  безендірілген  афишалар  халықтың  үреймен  құрмет  көрсетуіне 
себеп болды.  
«Сыр - сенің қаруың» деп жазады жазушы. Халыққа билік орнатқан адамдардың бұл 
сырды  қалай  қолдану  керектігінің  құпиясын  ашады  және  «бүтін  үстем  етушілер  мен 
мықтылардың  басқалардан  басты  ерекшелігі  де  осында  емес  пе?  Үстем  етіп,  басқалардың 
сырыны  біліп,  өз  сырларын  ешқашан  бөліспеу».  (19-бет)  Бұл  сөйлемдер  басқарушы  мен 
бағынушы арасындағы шекараның құпиясы мен арақатынасының Түйіндіі сияқты. Жазушы 


13 
 
қарапайым халық пен оларды билеушілер арасындағы бұл ұсақ болып көрінген шындықтаа 
үлкен  ерекшелікті  көрсеткеннен  кейін  ханның  да  бұл  ерекшеліктен  басқа  қарапайым  адам 
екендігі  түгел  романға  арқау  болады.  Ешкім  оның  сырларыны  білмегендіктен  Хан  ретінде 
қала береді.  
Романда  айтылатын  қысқа  қиссалар  немесе  Ханның  естеліктері  стиліндегі  бөлімдер 
бір  жерлерде  жазушының  Ханды  бейкүнә  етіп  көрсету  амалдарының  бір  бөлігі  ретінде 
көрсетеді.  Мықты  бір  қолы,  даңқты  әскерлері  бар  Ханның  басқа  да  халықтарға  құрған 
үстемдігі және оларға қарсы қолданған зорлық-зомбылықты кешіріммен қарауды көрсететін 
кеңестер  береді.  Бір  жорықта  үзіліс  жасаған  Ханның  жасақтарын  суреттеуде  жазушы 
әскерлерін  өртеп  жібергенін  «жанған  алаудың  алапаттығы,  көктегі  жұлдыздардан  да  көп 
сияқты  еді»  (22-бет)  деп  білдіре  отырып  бұл  жасақ  әскерлерінің  саны  аспандағы 
жұлдыздардан  да  көп  деп  салыстыру  жасайды.  Мұндай  мықты  әскердің  қоршап  алуының 
астарында  қорқы  ішіндегі  қала  халқы  үшінші  күн  өткен  соң  жауға  беріле  бастайды.  Жауға 
бас  игендердің  саны  жүз  мыңнан  астам  және  бұл  әскерлердің  санынан  асып  түседі.  Бұл 
жағдайда  Хан  қалай  әрекет  ететіндігін  қолбасшысы  мен  кеңесшілерімен  ақылдасады. 
Қолбасшылары  халық  санының  көптігінен  қорқа  бастайды.  Хан  жанына  алған  Хазіретке 
бетбұрып оның пікірін сұрайды. «Бұның оң жағында сыртын тай жарғақпен қаптаған қалың 
Құранды,  қарсы  алдындағы  күміс  тағанның  үстіне  қойып,  таспиық  тартып  отырған  ақ  сұр 
хазірет әңгімеге араласты.  - Уа, тақсыр, қара шыбындай быжынап, мынау жарық жалғанды 
қайдағы  бір  ыбылыс-ластыққа  жайлатып  бара  жатқан  кәпір  тұқымды  қалай  қырсаңыз  да, 
қанша қырсаңыз да сауап. Мен өзім ол найсаптардың онын өз қолыммен бауыздауға әзірмін. 
Оларды  осы  қазір  қылыштың  астына  алмасаңыз,  алдымызды  түнге  айналдырсақ,  қапы 
қалуымыз ықтимал, - деді. (22-бет) 
Үлкен  ұлы  мен  бас  уәзір  оның  сөзін  қосарлана  қостады.  Бесін  ауа  қалың  әскер 
босқындар  иірілулі  тұрған  түбекке  беттеді.  Олар  әуелі  бұлардың  не  мақсатпен  келе 
жатқанына  түсінбей,  айқайлап  қуанды.  Күн  екіндіге  таянғанда  тығырық  түбекте 
жауынгерлер  жұлықтарынан  қан  кешіп  өліктерді  төбе-төбе  қып  үйіп  жатты.  Ертеңіне  таң 
намазын оқып болған соң, хазіретке Құран аштырды. азірет оны: «Бұл жерде жаратқан ием 
кәпір мен мұсылман жайлы мисалды айтып отыр. Біреуі-алтынға сатылатын құлақ кесті құл, 
қор; екіншісі-өз ырзығын алланың шарапатынан алған, не істеп, не қоям десе де еркі бар азат 
адам;  ол  екеуі  ешқашан  бір-бірімен  тең болмайды  деп,  сіздей  сайыпқыранның қылышынан 
өлгендердің  сұраусыз  екендігіне  меңзейді»,  -  деп  түсіндірді.  Сосын  басталғалы  тұрған 
ұрыстың кәпірстанды пайғам-бардың ақ туының астына жығуын тілеп бата қылды».(23-бет) 
Жазушы  бұл  жерде  ақылды  әрекет  ету  арқылы  ханның  күнәсіз  екендігін,  оны  бұл 
зұлымдаққа  апарғандардың  кеңесшілері,  сенім  артқан  адамдары  болғанын  көрсетеді.  Бұл 
қаншалықты  дұрыс  немесе  мақұлданатын  әрекет  екендігі  белгілі  емес.  Бірақ  бүгінгі 
күнімізде қолданар болсақ еш қиналмастан мынандай тұжырымдама жасауға болады:  «Хан 
немесе  билеуші  жанына  кеңесші  таңдауда  өте  сақ  болу  керек».  Бір  жағынан  мүмкін 
жазушының өмір бойы дін және діншілер туралы пайымдауы орынды емес. Мұнда айтылған 
мәселе  тікелей  «қасиетті  Хазіретке»  тән.  Хазірет  ханды  зұлымдық  жасауға  көндіріп  қана 
қоймай,  жасағандарына  Құранда  мақұлданғанын  көрсетуге  тырысады.  Қаншалықты  дұрыс 
екендігі  талқылауды  қажет  етеді.  Бірақ  жазушының  стилінен  көргеніміздей  Хазірет  оқыған 
сүресіні  түсіндіргенде  өз  пікірін  жақтайтын  сөздер  қолданады.  Оқырман  қауымға  кішкене 
ғана  айырмашылықты  байқайды.  Осы  тұста  басқа  бір  романды  еске  алсақ.  Өзбек  жазушы 
Әділ Иакубоғлү «Ұлығбейдің қазынасы» атты шығармасында заманнының дін адамдарының 
діннен, иманнан, ақиқат жолынан ұзақ, бас пайдалары үшін үлкен істерге, жала жабуға және 
саясатқа  араласқанын  көрсетеді.  Ұлығбейдің  «қазынасы»  ретінде  танылған  ең  маңызды 
қолжазба  кітаптарын  мешіт  ауласында  арнайы  рәсіммен  өртеу  оқиғасы  оқырманның 
жадында  ұзақ  сақталады.  Бұл  тұста  да,  «қасиетті  Хазірет»  дұрыс  әрекет  етпейді.  Басқаша 
көзқараспен қарар болсақ, шындығында Хан мұндай зұлымдықты бәрібір жасайды. Тек қана 
бұл  шешіміні қолпаштағандардың болуын қалайды. Осылайша үлкен ұлы мен бас  уәзірі де 
бұл  пікірде  және  бас  иген  қала  тұрғындарының  санына  байланысты  уайымдарының 


14 
 
болғанын  Хан  байқаған  еді.  Тек  бір  ғана  нәрсе,  діннің  және  дін  өкілдерінің  мақұлдамасы. 
Хазірет те бұл міндетіні орындайды. Бұл жағдайда да Хан ақылмен шешсе, Хазірет тұзаққа 
түскен немесе бұл дүние рахаты үшін жүз мыңнан астам өліміне себеп болған. Екі жағдайда 
да  Хазірет  жағымсыз  кейіпкер  ретінде  көрсетіледі.  Бұл  оқиғаның  маңызды  тұсы  қандай  да 
бір жағдай болмасын ханның мәселені зұлымдықпен шешуі. Хан қатігез. Қатігездік  – оның 
бір  сипаты.  Бір  жағынан  Хан  күнәсіз,  өйткені  шешіміне  себеп  болған  кеңесшілері  мен 
Хазірет.  Жеңілмейтін  ханның  басқа  бір  қасиеті  тағы  бар  –  қатігездігін  орап  кететін 
жақсылығы.  Езілген  халыққа  және  мұқтаж  жандарға  қол  ұшын  созуы.  Жазушы  басқа  бір 
оқиғаны баяндау арқылы Ханның бұл қасиетін алға тартады.  
Қала  басып  алынғаннан  кейін  ханның  әскерлері  үшін  есіктер  айқара  ашылады. 
Әскерлер  көші  екі  апта  бойы  жалғасады.  Әскерлер  сауық-сауран  құрып,  әрі  торбаларыны 
толтырады.  Кейбіреулері  жүздеген  құлды  меншіктейді,  кейбіреулері  аттарына  жүктей 
алатын  жүкті  ғана  алады.  Хан  адамдардың  бұл  қанағатсыздығын,  ашкөзділіктерін 
бақылайды. Қаланы аралап жүріп, дауласқан екі  адамға тап болады. Қысық  көзді  қараторы 
бір адам, көр бір адамның мойнына жабысып тамағынан қысып жатыр екен. Хан көлігінен 
түсіп  қысық  көзді  адамның  иығына  қойып  қалған  жұдырықпен  соқыр  адамды  құтқарады. 
Ханның ашуын келтірген де бұл екі кісінің қалалары жау әскерлерімен қоршаланып алынған 
кезде  қарсы  тұрмастан  оларға  берілуі.  Жауға  біраз  бұрын  төбелескендей  қарсы  шыққанда 
қалаларын  жоғалтып  алмас  еді.  Соқыр  адамды  құтқарып,  қысық  көзді  адамның 
торбасындағы  алтындарды  көрдің  басына  төгуді  әмір  етеді.  Құлдарды    босатады.  Соқыр: 
«Алла, Алла. Бұл қатігез халықтың ішінен әділ болған кім екен?» деп сұрайды. Ол жеңілмес 
Хан.  Қаламгер  осындай  сценарий  жазу  арқылы  Ханның  сол  күннен  кейін  қандай  да  бір 
қаланы немесе мемлекетті басып алып, қан төгуі емес, бұл байғұс соқыр адамды құтқарған 
хикаясын  алдыңғы  қатарға  қояды.  Бұл  саясат.  Саясаткерлердің  саяси  ойыны.  Мұндай 
мысалды  Сталиннен  де  көре  аламыз.  Халық  оны  құшағында  қыз  балақаймен  бірге  түскен 
суретімен  таниды.  Жер  аудару,  ату  жазасы  сияқты  миллиондаған халыққа  жасаған  зұлымы 
арқылы  емес.  Бірақ,  халық  Сталиннің  құшағындағы  қыздың  ата-анасы  халық  дұшпаны 
ретінде ұсталып, ату жазасына ұшырағандығын білмейді. Қаламгер Кекілбаев осы тұста өте 
маңызды бір көзқарасқа тоқталады және романына бұл көзқарасты өте жақсы енгізеді.  
Жеңістің тойлануы да бірнеше айларға созылады. Хан сарайына келеді. Бірақ мазалы 
ой үстінде. Сапардан қайтар жолда назарына қаланың шетінде бір мұнара ілігеді. Екіншіден 
өзіне  қызметшінің  әкелген  құрттаған  алмасы.  Қызметшісі  сол  алманы  тағы  да  әкеледі.  Хан 
алмада құрт болғанын білсе де, білмегендей кері қайтарады. Алманы құрттатқан құрт сияқты 
Ханның  да  ішіне  құрт  түскен  еді.  «Шіріген  жемістен  жаман  басқа  не  бар?»  деп  ойланады. 
Хан  адамның  шіруін  «бағындырған  белесінен  құлдырауы,  өлуі»  ретінде  түсінеді  және 
әрқашан  тек  белестерді  бағындыруды  қалайды.  Бірақ  ағаштағы  жемістердің  мұндай  бір 
қажеттілігі  жоқ.  Жаратушы  оларды  солай  жаратқан.  Қызметші  қыз  Үлкен  ханымның 
жіберген  «құрттаған алмасын» қайта әкеледі.  Хан бұл  жолы Үлкен ханымның өзіне айтпақ 
болған дерті болғанын түсінеді. Бірақ не екенін таба алмайды. Ұлдарыны ойлайды. Бірінші 
ханымынан  болған  үлкен  ұлыны  жаулап  алған  өлкелердің  біріне  басшы  еткен  еді.  Үлкен 
ұлын  есіне  ала  салысмен  «отыз  тоғыз  жасында  көз  жұмған,  онымен  азабы  да,  қасіреті  де, 
қауіпті де, адам сене алмас қиындықтарды бөліскен, оны нұрлы махаббатпен сүйген, үлкен 
ұлыны  сүйдірген»  алғашқы  ханымы  есіне  түседі.    Үлкен  ұлы  екеуі  зынданда  болғанда 
дүниеге  келген  еді.  Хан  алғашқы  жұбайыны  ұмытпады  және  ойында  жарқын  естеліктер 
сақтады.  Қазіргі  үлкен  ханымы  үлкен  ұлыны  сарайдан  ұзақтатуды  қалап,  ол  ойын  жүзеге 
асырды.  
Басқа  балаларына  әлі  ерте.  Хан  өлім  төсегіндегі  анасының  сөздерін  есіне  алады. 
Анасының сөздері өсиет сияқты және мұны жазушы өте әсерлі түрде шығармасына енгізген. 
Бұл  сұхбаттың  қарапайым  халыққа  түк  маңызы  жоқ.  Бірақ,  сөз  Хан  болғанда 
шынымен де маңыздылығы ортаға шығады. Еске алуының себебі үлкен ханымның жіберген 
құрттаған  алмасы  кесірінен.  Ішіне  түскен  күдік  кеміріп  жатырғандай.  Өзінен  балалары 
болған үлкен ханымы бір нәрсені тұшпалдап, мысқылдап жеткізгісі келетін гәп бардай. Арқа 


15 
 
сүйейтін  кіші  ханымы  оны    сабырмен  күтіп  отыр.  Үлкен  ханымның  айтқысы  келгені  кіші 
ханымға  да  байланысты.  Осылайша,  қаланың  ортасында  көк  аспанмен  текетірес  кіші 
ханымның салдырған көк мұнарасы Ханның ішіне найза сияқты қадалуда.  
Кейде ішіндегі күдігін ысырып қояды. Жазушы Ханның бұл әрекетін  «ішін кемірген 
күдік  құртын  өлтіргендей  үлкен  бір  жеңілдік  сезінді»  (41-бет)  сөйлемімен  береді.  Бірақ, 
расында  күдік  құртын  өлтіре  алды  ма?  Жоқ.  Шындығында    роман  да  бұл  күдікті  арқау 
етпейді ме? 
Романдағы оқиғалар бұдан кейін мұнара айналасында өрбиді. Хан кейбір рахаттанған 
сәттерінде мұнараға көз салып, тіпті өзімен ортақ тұстарын таба бастайды. Мәселен, Ханның 
байрағы  –  құдіретінің  символы  ретінде  әлемге  жоғарыдан  көз  тіккен  бұл  мұнара  сонымен 
қатар,  әлемнің  басқа  ұшыннан  өзіне  ілтипатпен  шақырады.  Бірақ,  жақындасаң  Хан  сияқты 
қатал бір көрініс береді. «Демек әміршімен ортақ тағдырды бөлісуде бұл мұнара. Екеуінің де 
сырлары  бар.  Сырттан  қарағанда  мұнараға  еркек  намысы  мен  ержүректігі  емес,  ханымға 
лайық  жанашырлық,  даналық,  сыпайылық    қасиеттерінің  сай  келгенін  көреді.  Әмірші  «бір 
ханымның  ғашығына  деген  сағынышының  бейнесін  көреді.  «тәкаппарлық,  суықтық  және 
сыпайылық,  мақтаныш  пен  оған  бас  ию,  сағыныш  пен  құмарлық  барығының  жиынтығы 
МАХАББАТ емес пе? (44-бет) 
Хан  қарапайым  адам  ретінде  оқырманның  алдына  кіші  ханымын  ойлау  үстінде 
көрсетіледі. Басқалары сияқты жалғыздық ішінде,  ғашықтық жолында азап шеге бастайды. 
Әр  бір  адамзатта  бар  бұл  -  жалғыздық.  Бірақ  оның  жалғыздығы  басқа.  «Отыз  жыл  бойы 
ешкіммен  ішіндегі  дертін  бөліспеген»  (47-бет)  сөйлемі  ішінде  біріккен  қайғысының  шыңы 
сияқты. Бұл қайғысы да Хан үшін «Дүние – тозақтың нақ өзі» .  
Ханды  мұнша  қарапайым  еткен,  басқа  кісілердің  көзқарастарынан  қорқытқан, 
үркіткен,  аяқтарына  тұсау  салған  не?  Махаббат.  Сарайында  да  тыныштық  бермеген 
махаббат.  Хан  мысық  сияқты  бөлмесінен  шығады.  «Оны  түн  жарымға  дейін  күттірген 
аяқтарындағы  байланған  жіп  шешілген»  сияқты.  Үнсіз  кіші  ханымының  жанына  барады. 
Қарапайым  бір  кісінің  ғашығының  жанына  көрінбей  жақындағаны  сияқты.  Бірақ,  Хан  кіші 
ханымның  кәрі  қызметшісіне  көрініп  қалады.  Бөлмеде  ұйқы  халіндегі  жас  ханымының 
жанына  жақындағанда  сыбырлаған  үнмен  басқасының  атын  атап  жатқанын  естиді.  Өте 
қорқынышты  бірнәсе  көргендей  бөлмеден  лезде  шығып  кетеді.  Басына  келген  бұл  жағдай 
өмірінде үлкен жара ізі қалдырды. Әмірші шарасыз.  
Қызыл,  құрттаған  алманы  есіне  алады.  Үлкен  ханымның  бұл  алма  арқылы  кіші 
ханымды  меңзегенін  түсінеді.  «Иә,  солай.  Еш  күмән  жоқ.  Оның  екі  қолын  ашып,  ұйқыда 
басқа  бір  еркекті  құшақтағанын  өз  көзіммен  көрдім.  Оның  бұл  басқасына  деген 
құштарлығы».  (53-бет)  Романның  трагедиясы  да,  барлық  мәселесі  осы  тұста  көрінеді. 
Жазушы  Әміршіге  «кіші  ханымың  сені  күтеді»  десе  барлық  мәселе  шешілген  болар  еді. 
Бірақ,  жазушы  шығармада  бұлай  баяндамайды.  Кіші  ханымның  құштар  еткен  еркегінің  ол 
емес  екендігін  көрсете  отырып,  тағдырын  күдікпен  безендіреді.  Қартайған  Хан  жас  әйелін 
мұндай  құштарлыққа  бөлей  алмайтындығын  ойлайды.  Бірге  болған  бірнеше  түнде  жас 
ханымында «еш сөнбейтін ғашықтық отын» байқамайды. Ханның ойынша «Түсінде басқаны 
қалады» жас ханым. (54-бет) Бұл ой дүниедегі жағыздықты есіне түсірді. Бірақ ашу-ызасына 
да ие бола алмады. Оның түсінде көрген еркегі кім және қайда? 
Терең ойға шомылған Хан мұнараның кімге махаббатын білдіргісі келгенін байқайды. 
Мұнараны салған кісінің бе, әлде мұнараны жасатқан ханымның күйеуіне деген сағынышы 
мен  махаббатын  ба?  Егер  әйелінің  өзіне  деген  махаббатыны  көрсету  үшін  жасалған  болса 
оны көргенде қатал, суық бір кейіпке кенелмес еді. «Демек, сәулетші кіші ханымның Ханға 
деген  сағынышын  емес,  өзінің  жүрегіндегі  ғашықтық  отын,  махаббатын,  құштарлығын 
көрсеткен.  Иә,  мұнараның  сыры  осы  еді.  (55-бет)  Хан  бұл  үлкен  сырдың  астында  шарасыз 
қалды.  Көңіліне  ауыр  жара  салған  күдіктерге  толы  сұрақтарға  жауап  таба  алмай  абдырап 
қалады.  
Жазушы  да  «Мұнара»  атты  бөлімде  осы  сырды  баяндайды.  Бұл  бөлімде  мұнарадан 
бөлек  жас  сәулетші  Жаппардан  сөз  етеді.  Қалада  бай  саудагер  Ахмет  мырзаның  үйінде 


16 
 
тұрады Жаппар. Бай мырзаның қызы үйленіп кеткен соң, оның бөлмесі  Жаппарға беріледі.  
Жаппар  өмірінде  алғаш  рет  әйел  иісіні  сезінеді.  Жас  сәулетші  өзгеріп,  әрекеттері  мен 
көзқарастары ауысады. Кіші ханым Жаппарды Сарайға шақырып «Ханды қуанту үшін, соғыс 
сапарынан оралу құрметіне» өзіне бір мұнара жасатқысы келтінін бас уәзір арқылы айтады. 
Хан соғысқа аттанғалы екі  жыл болды және ол келмеден мұнарының салынып бітуі  қажет. 
Бір  ай  бойы  мұнараны  қайда  салатынын  іздейді.  Соңында  биік  бір  төбенің  басына  салуды 
ұйғарады.  Мұнара  айналасындағы  үйлердің  ұзындығынан  асып  түсіп,  көктен  жердегі 
адамдардың  құмырсқа  сияқты  әрекеттерін  көріп  ойға  шомылады.  Жазушы  оның  бұл  ойы 
арқылы  терең  философиямен  байланыстырады.  Адамзат  өмірінде  мұнаралардың  діни  және 
әлеуметтік қызметін пайымдайды.  
Жас  сәулетші  қыштан  ыдыс-аяқ  жасайтын  әкесін  есіне  алып,  өміріні  өзгерткен 
жайттарды көз алдынан өткізеді. Оны қалаға әкелген жағдайлар оның тағдырын да өзгерткен 
еді. «Бұл қысқа ғана өмірде, қойшы немесе саудагер бол, әлде ханның мұнараларын салатын 
сәулетші  бол  бәрі  бәрі  тең  емес  пе?»  (94-бет)  Бұл  сұраққа  жауап  беру  оңай.  Жоқ,  бір  ғана 
емес.  Өйткені,  салған  мұнарасы  хабары  болмадан  тағдырының  тас  талқанын  шығаруы, 
қасіртке  орауы  мүмкін.  Жас  сәулетшінің  өз  қолымен  өрген  мұнарасы.  Сондықтан  романда 
трагедия қаһарманы тек Хан емес, жас сәулетші Жаппар да бар десек артық болмс еді. Тіпті 
оның қайғысы, ханның таргедиясынан да үлкен. Өз трагедиясыны өзі құрауда. 
Жаппар  салып  жатқан  мұнара  құрылысы  басына  кіші  ханымның  зияратқа  келуімен 
бар нәрсе өзгереді. Жаппар оны «пері қызына» ұқсатады.  
Қолбасшылар арасында хан сапарда болғанда қауесет тарататын біреулер бар ма деп 
ойланады кіші ханым. Ойына ешкім келмейді. Өз адамдары да адал. Өйткені басқаларынан 
олжа ретінде алған алтындармен сатып алған еді. Адамзатта шексіз ашкөзділік болған сайын 
бұл осылай жалғасын таба бермек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет