Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


V класқа арналған қазақ тілі оқулығын жаңа



бет73/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

V класқа арналған қазақ тілі оқулығын жаңа
программаға сәйкес пайдалану


V класта қазақ тілі грамматикасын жаңа программаның жобасы бойынша өткенде, І.Кеңесбаев, А,Ысқақов, К.Аханов жазған «Қазақ тілі грамматикасы» (I бөлім, фонетика мен морфология, 1959 жыл) оқулығы қолданылады.
Жаңа программаның жобасы жетекші құрал болғандықтан, оқулықты пайдаланғанда, программаның жобасы негізгі желі болуға тиіс.
Қазақ тілі жаңа программаның жобасы бойынша V класта өтілуте тиісті оқу материалының көлемі мынандай: бастауыш кластарда өтілген материалдарды пысықтаудан басталады да, есімдіктен аяқталады. Осы материал 162 сағатта өтіледі. Оқулықта берілген материал қомақты, оны 162 сағатта өту өте қиын. Сондықтан оқулықтағы кейбір материалдарды ықшамдап оқыту қажет.
«Тіл туралы жалпы түсінік» (3-бет), «Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем» (9-бет) деген тақырыптарды өтпеу керек.
«Қаратпа сөз жөне оның тыныс белгілері» деген тақырыпты сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен кейін өткен жөн.
Әрбір тақырыпты өткенде, бұрын оқытылған материал қайталануға тиіс. «Екпінді», «Дыбыс үндестігінен» кейін өткен орынды. Фонетиканы өткеннен кейін, оқушылардың тілін дамыту үшін, шығарма жаздырылады. Шығарма жаздырылар алдында, соған керекті сөздерді атап өткен жөн. Мысалы, егер қой фермасына байланысты шығарма жаздырылса, алдын ала осы шаруашылыққа байланысты сөздерді оқушылардың есіне салып өтуге болады...
«Фонетика» тарауында дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесіне ерекше көңіл бөлінсін, осымен байланысты диктанттар өткізіліп, олардың нәтижелері талдануға тиіс. Оқулықтағы және «Қазақ тілі жаттығулар жинағындағы» (I бөлім, 1958 жыл, 3-19 беттер) жаттығуларды мүмкіндігінше оқушыларға толық орындату керек.
... Оқулықтағы «Сөз құрам мен негізгі сөздік қор», «Лексика мен грамматика» деген тақырыптарды өтпей-ақ қойған мақұл. Ал программаның жаңа жобасы бойынша «Термин сөздер» деген тақырып өтілуге тиіс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақтылы мысалдар арқылы термин сөздер жөнінде түсінік береді. Мұғалім бұл тақырыпқа дайындалғанда, өз қолында бар әдебиеттерді пайдалануға тиіс. (Мысалы, «Словарь иностранных слов», «Русско-казахский словарь», А.А.Реформатский «Введение в языкозначение», 1955 т.б.).


«Морфология» тарауын оқытқанда (етістікке шейін) бастауыш кластарда өткен материалдарды еске түсіріп, қайталап отырумен бірге сөз таптарының сөйлемдегі қызметін, сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерін тиісті жерінде айтып отыру қажет...
Сөз таптарының іштей тақырыптарға бөліну тәртібі — оқулықпен программаның жобасында бірдей емес, сондықтан тақырыптарды оқыту тәртібі программаның жобасы бойынша өтілуге тиіс.
«Туынды зат есім жасайтын негізгі жұрнақтар» деген тақырыпты өткенде, жаңа программаның жобасында көрсетілген жұрнақтар түгел қамтылады, ал оқулықтағы мына жұрнақтар өтілмейді: -хана (88 бетте), -тай, -а, -и, -ист, -изм, -ат, -ир (89 бетте). Мұғалім программада бар, бірақ оқулықта көрсетілмеген жұрнақтарды өзі мысал тауып әзірленуге тиіс. Зат есімнің септелуін өткенде, оқушыларды септік жалғауларын іс жүзінде қолдана білуге үйрету мақсатымен, сондай-ақ, олардың тілін дамытып, емлеге машықтандыру үшін, жазбаша жұмыстар (мазмұндама, хат т,б.) жүргізу керек. Сын есімді өткенде, олардың көбірек қолданылатын түрлерін қамтырлықтай етіп оқушыларға шығарма жаздыруға болады. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтарды оқытқанда, -шаң, -шең деген жұрнақ өтілмейді. (92-бет). Есімдікті оның түрлерін жаңа программаның жобасында көрсетілген ретпен оқыту жөн. Кейбір есімдіктер септелгенде, барыс септік жалғауы -ған болатынын, оқушыларға айта кету керек. (мен-маған, сен-саған, ол-оған, сол-соған, бұл-бұған, осы-осыған т. б.) . Оқулықта жоқ, бірақ жаңа программаның жобасында бар тақырыптың бірі - «Іс қағаздарының үлгілері». Бұған тоғыз сағат бөлінген. V класта хабарландыру, арыз, анықтама, мақала, т. б. жазу үлгілері оқушыларға үйретіледі...
V класта қазақ тілі грамматикасы курсының жаңа программа жобасында көрсетілген оқу материалын өткен соң, олардың бас-аяғын жинақтап, пысықтап қайталауға ерекше назар аударылады. Бұлай ету оқушылардың оқу жылы бойы алған білімінің тиянақты, сапалы болуына жәрдемдеседі. Мұғалім оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне көмектесіп, олардың әрбір категорияны саналы түсінуін қамтамасыз ету үшін, өзінің барлық педагогикалық шеберлігін қолдануға тиіс.


(Материал «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1959 жылғы, 6- нөмерінен алынды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет