Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет70/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

ТАЛАПҚА САЙ ТАЛПЫНУ


Қай кезде болмасын, мектепте білімінің жүйелі оқытылып, сапасы мен нәтижесі жоғары нәтижеге жетуі үшін, программа мен оқулықтың талапқа сай жазылуы ерекше маңызға ие. Өйткені мектепте әр кез нені оқыту және қалай оқыту мәселелері - шешуші кілт. Мұның түп-төркіні еліміздің бүгінгісі мен болашағы туралы жан-жақты қарастырған партия мен үкіметіміздің кеменгерлік басшылығымен үндеседі. Сондықтан да оқу программасы мен оқулықтарды жетілдіру - мемлекеттік маңызды істердің бірі....
Одақ көлемінде елеулі мәселе болып көтерілген осынау маңызды істің бір түйіні ана тілін оқыту жайы болғандықтан, қазақ тілінің программасы мен оқулықтары қайта өндеуден өткізілді. Мұнда программалық материалдардың жүйелі курсын сақтап, басы артық материалдарды қысқарту, күрделілерін жеңілдету мәселелеріне баса назар аударылады. Мысалы, 5-сыныптағы жеке-жеке тақырып болып берілген әр түрлі сөздіктер (орфографиялық, түсіндірмелі т.б) лексика бөлімінің материалдарын түсіну үстінде таныстыруға (мысалы, сөз мағыналарын өткенде, түсіндірме сөздікпен таныстыру) лайықталып жүргізілетіндіктен, олар арнайы сабақ ретінде өтілмейді. Сондай-ақ, 8-сыныптағы «Тіл туралы мәлімет» ықшамдалып, 6 сағат көлемінде ғана етілуі орынды деп ұйғарылды. «Стилистика» материалдары бүтіндей тіл ұстарту сабақтарына (4-8кл) үлестіріліп, жазу және сөйлеу мәдениетін жетілдіру барысында түсіндіріледі. Мұның өзі бүкіл қазақ тілі курсына қатысты ережелер мен анықтамаларды оқу практикасымен ұштастырып, тілдің өмірде қолданылуы аясын ұға түсуге, әдеби тіл нормасын жетік меңгеріп шығуында мүмкіндік туғызады. Программа материалын оқушыларға жеңілдетіп ұсыну қазақ тілі пәнінің бұрыннан таныс қалыптасып қалған міндетін, әрине, азайтпайды. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың еркін жазып, еркін сөйлей алатын коммунистік қоғамды құрушылар үшін еңбекте, қоғамдық қызметтерде тіл қаншалықты қажет болса, сол дәрежеде игерген азамат тәрбиелеу міндеті сақталады. Олай болса, оқушыларға материалды жеңілдетіп ұсыну тек методикалық тәсіл ретінде іске асырылуы тиіс.
Жоғарыда аталған қазіргі программадағы стилистика материалы (8 кл.) тіл ұстарту ретінде берілгенде, ережелер мен анықтамалардан арылып, оқушылардың ауызекі сөйлеу мен ресми іс-қағаздар стилін, ғылыми, публицистикалық және көркем әдебиет стильдерін іс жүзінде игеріп, текстерден ажырата және бір-бірінен өзгешелігін аңғарып, өздері қажетті жерінде еркін қолданатындай болуға баулу көзделеді. Бұл мәселелер бірнеше сабақ көлемінде ғана ұғып алатын дүние емес. Сондықтан программаны өндеу және талқылау барысында стильдік ұғымдарды енгізуге қарсы болып, оқу материалының қиындап кететіндігін дәлелдеушілер де болды. Өйткені, бұрын тіл заңдылығын ережелер мен анықтамаға сүйеніп түсіндіруге дағдыланғандар үшін артық мәселе сияқтанады. Программаға енген жаңа ұғымның қай-қайсысы да оқушы міндетін ауырлататынын, әрине, мойындаймыз. Дегенмен, ережелер мен анықтамаларды оқушы жаттап алғанымен, тілдің күнделікті өмірге практикалық қажеттігін сезіп, қолдану аясын бойына сіңірмесе, нәтиже де аз болар еді. Соның үшін, стиль туралы ұғым оқушының нені білсе, оны өзі қолдана білуін әрқашан қадағалап, дағдылану ісіне басшылық болады деп ойлаймыз. Анықтап айтсақ, бүкіл қазақ тілі сабақтарындағы тіл категориялары туралы түсінік тіл ұстартуда оқушының күнделікгі өмір қажетіне бейімделеді. Осы кезге дейінгі қазақ тілі программасы да тіл ұстарту жөнінде осы мақсатты көздегені анық. Дегенмен, ондағы талаптар көбінесе, жалпылама болғандықтан, оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыстарын жетілдіруге көңілдегідей мүмкіндік бере алмады. Мысалы, мінездеме жазу мен публицистикалық шығарма жазудың, пікір, дәлел мен көркем сипаттама берудің арасындағы ерекшеліктерді үйретудің мүмкіндігі болмады. Сол себепті, стильдік қате оқушылардың жазба жұмысында көп кездескеніне қарамай, мұғалімдер орфографиялық, пунктуациялық қателерді көрсетумен қанағаттанып, стильдік шалағайлық сыры талданбай қала берді.
Осы жағдайларды ескере, жаңа программа бойынша 4-кластан бастап текстің не екендігі, оның қай стильде, не туралы жазылғаны, абзацтың, сөйлем мен сөйлемнің байланысу жолдары жаттығу жұмыстары арқылы түсіндіріліп, бірте-бірте әр түрлі стильде ауызша және жазбаша сипаттау, баяндау, шығарма жазу, тезис, өтініш, өмірбаян жазуға дағдылану жұмыстары қалыптастырылуы тиіс. Қазақ тілі сабағында оқушыларды еңбекке баулу осындай тіл мәдениетіне баулумен тікелей байланысты. Оқушылар өмірдің қай саласында болса да қажет болатын іс қағаздарын жазып үйренуі керек.
... Осындай жан-жақты қарастыру кластан-класқа ауыстырылған материалдарының орналасуында да баршылық. Мысалы, қазіргі қазақ тілі программасында грамматиканың негізгі курсын (фонетикадан синтаксиске дейін) 4-7 кластар аралығында, 8-класта жаңа материал ретінде «Тіл туралы мәлімет», «Стилистика» бөлімдері ғана оқылып, қалған сағаттарды қайталау үшін жұмсау тәжірибесі жеті жылдық білім беру кезіңде қалыптасқан болатын. Сегіз жылдық оқу жүйесіне көшкенде, бүкіл қазақ тілі курсын 4-7 класта оқытуда, біріншіден, программа материалының тығыз орналасуы салдарынан оқушыларға салмақ көбейеді, екіншіден қазіргі қазақ тілінің логикалық құрылысына нұқсан келеді. Сондықтан тілдің ең жоғары сатысы синтаксистің оқушылардың қабілеті өсе түскен, есейе бастаған 7-8 кластарда оқығаны тілдің құрылысы жағынан да, материалды жеңілдетіп, сиретіп өту тұрғысынан да тиімді болмақ. Осы мақсатпен, 4-класс материалдары бұрынғыша сақталып, 5-класта фонетика, лексика, сөздің жасалуы, морфологиядан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, көсемше, есімше оқылады. 6-класта етістіктің қалған материалдарын түгел, үстеу, шылау, еліктеу, одағай, 7-класта сөз тіркесі,. жай сөйлемнің синтаксисі, 8-класта құрмалас сөйлем синтаксисі, төл сөз, төлеу сөз, тіл туралы мәлімет өтеді.
Өңделген программадағы тағы бір өзгеріс - қазақ тілі пәнін оқыту арқылы оқушыларға тәрбие беру жолдарына айрықша көңіл бөлу. Сондықтан да программаның кіріспе бөлімінде қазақ тілі пәні оқушыларға тәрбие берудің негізгі қүралдарының бірі екендігі атап көрсетілді. Бұған қосымша өңделген программада әрбір класта оқу жылы басында өтілетін кіріспе сабақ енгізілді. Мұндағы негізгі мақсат - оқушылардың бірден тілдік материалды оқудан бастамай, кіріспе сабақта қазақ тілі туралы мәлімет алуын, сол арқылы сабаққа, оқылатын тілдік тақырыптарға, ықыласын аударып, тілге деген өзіңдік көзқарасын қалыптастыруды, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Программада кіріспе сабақтардың тақырыбы төмендегіше берілді: «Тіл - аса маңызды қатынас құралы» (4-класс), «Қазақ тілінің сөз байлығы туралы» (5-класс), «Қазақ тілінің туыс тілдер ішіндегі алатын орны» (6-класс). «Қазақ тілі - социалистік ұлт тілі» (7-класс), «Қазіргі қазақ тілінің совет дәуіріндегі дамуы» (8-класс). Қазіргі кезде методист ғалымдар да, мұғалімдер де пәнаралық байланыс туралы жиі сөз етіп жүр. Алайда, программада бұл туралы бұрын айтылмағандықтан, мұғалімдер өз интуициясы, өз икем-қабілетіне қарай жүргізетін еді. Мұның өзі пәнаралық байланыстың бір мектепте бар, бір мектепте жоқ, немесе бірінде жақсы, бірінде нашар дегендей, ала-құлалыққа жол беріп келген еді. Сондықтан жаңа программада әрбір тілдік категорияны өткенде, қай пәндермен байланыстыру мүмкіндігі барын көрсету және солай өтуін міндеттеу мақсатымен пәнаралық байланыс бөлімі арнайы енгізілді. Қазақ тілінен біз осы кезге дейін оқушылардың нені біліп, нені қолдана білуі керектігі жайында жалпылама айтқанымыз болмаса, нақтылап шығарғанымыз жоқ. Көп жағдайда мұғалім мен мектеп басшыларының, инспекторларының білім сапасын байқау кезінде келісе алмайтын кездері болатыны да осыдан болса керек. Осы жайтты программаны өңдеу кезінде шешу мақсатымен, әр класс материалының соңына «Оқушылардың білімі мен дағдысына қойылатын талаптар» деген тақырып берілді. Қазақ тілі сабағының сапасын анықтау жолдарының бірі — оқушылардың білімі мен дағдысына бағалау нормасын дұрыс басшылыққа алу. Осы кезге дейін программа бір бөлек баспадан шығуына байланысты (соңғысы бірнеше жылда жарық көретін) көпшілік мұғалімдерге қиын болды. Мұғалімдердің бірінде болса, бірінде жетіспейтін. Сол себепті бағалау нормасы программаның қосымша материалы ретінде жыл сайын басылуы дұрыс деп ұйғарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет