ДИКТАНТҚА ҚОЙЫЛАТЫН БАҒАНЫ
КЕМІТУГЕ БОЛАТЫН РЕТТЕР:
Диктант тым салақ жазылған, жеке сөздері қиындықпен оқылатын
болса;
Түзетілген сөздер тым көп (өшірілген, үстінен сызылған), соған
қарағанда оқушының білімі тиянақты емес екендігі көрініп тұрса;
Егер оқушы 2 жыл бұрын өтіп кеткен және осы кластың
оқушылары үшін қиын да емес емле және тыныс белгілерінен өте
үлкен қателер жіберсе, мысалы, V кластың оқушысы «белгілі»
(жуан «ы» арқылы), тас+дың (тас+тың орнына)-деп жазады.
Мұндай жазуды, хаталардың жалпы санына қарағанда «3» деп
бағалау керек бола түрса да, «2»-мен бағалау керек.
Сөйтіп, хатаның саны 2 болғанымен, өте үлкен хата болса «3»-пен бағалау керек; хаталардың саны 4 болып та, ішінде өте, үлкен хаталар болса, «2»-мен бағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |