Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет87/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Мазмұндама
Мазмұндамаға берілетін текст те мазмұны, сөз түрі, синтаксис құрылысы жақтарынан диктант тексіндей болуы керек, екінші сөзбен айтқанда, соңғыға қандай талаптар қойылса, мазмұндама тексінде де сондай талаптар қойылады. V класта мазмұндамаға сюжетті, қысқа әңгімелер, немесе қара сөз түріндегі шығармалардан бір бөлек уақиға беріледі. VI класта V кластағының үстіне әліптеме түрінде жазылған жеңіл үзінділер, VII класта мінездеме үзінділер беріледі.
V класс
а) Текстінің мазмұны хатасыз, фактылары, ой іргесі тәртібімен -ойдағыдай дұрыс жазылса; б) сөздері орынды, сөйлем құрылысы хатасыз болса; в) емле хатасы жоқ, тыныс белгілері хатасы 2-ден аспаса; г) сөзі үғымды, класс дәрежесіне қарағанда сөздері әсерлі болса: «5» - қойылады.
а) Үзіндінің мазмұны ешқандай хатасыз, түйінді жерлерінен түсіп қалғаны жоқ, толық жазылса; б) фактылар және ой іргесі тәртібімен дұрыс айтылса; в) қолданған сөздерде, сөйлем құрылысында хаталар 2-ден аспаса, емле хаталары 2-ден, тыныс белгілері хаталары 3-тен аспаса: «4» қойылады.
а) Үзіндінің мазмұнын беруде 1-2 дәл емес жерлері болып, ой тәртібі дұрыс, бірақ сол үзіндідегі түйінді жерлерін я алмасып кеткен, не түсіріп жазған болса; б) алған сөздері мен сөйлем құрылысында 4-ке дейін хата жіберсе; в) емле, тыныс белгілері нормадан аспаса: «3»-пен бағаланады.
а) Теріс мағына ұғынылғандай етіп хата мазмұндалса; б) уақиғаның тәртібі сақталмай, ой іргесінің байланысы бұзылса; в) емле және тыныс белгілер хаталары осы класта диктант үшін қойылатын «2» мөлшерінен аспаса: «2» қояды.
а) Оқушының үзіндінің мазмұнын мүлде дұрыс айта алмайтыны белгілі болса; б) мазмұндауында ешқандай байланыс жоқ;
в) алған сөздері мен сөйлем құрылысында 6-дан артық хата жіберсе;
г) емле және тыныс белгілері хаталары «2» мөлшерінен асып кетсе:
«1» - қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет