Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет92/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Шығарма жүмысын бағалау
Шығарма жұмысын бағалау оқушылардың әдебиеттен алған білімін және жазу жұмыстарына төселгенін тексеру деген сөз.
5-11 кластарда жүргізілетін шығарма жүмыстарының көлемі шамамен төмендегідей болады:
5-класс — 1,5 дәптер беті,
6-класс — 1,5-2 дәптер беті,
7-класс — 2-2,5 дәптер беті,
8-класс - 2,5-3 дәптер беті,
9-класс — 3-4 дәптер беті,
10-класс — 4,5 дәптер беті,
11 — класс — 5-7 дәптер беті (2 сағат ішінде)
Класта жазылатын шығарма көлемі жұмысты орындауға берілетін уақытқа байланысты.
Шығарма көлемі шамамен берілген нормадан кем болса, бірақ ол белгілі талапқа сай жазылса, көлеміне қарап қойылатын бағаны кемітуге, сол сияқты көлемінің көптігіне қарап бағаны асырып қоюға болмайды.
Кіріспесі, эпиграфы және жоспары жоқтығы шығарма сапасына нұсқан келтірмесе, оның бағасын төмендетуге болмайды.
Қандай шығарма болмасын 5-8 кластарда бір апта ішінде, ал 9-11 кластарда 10 күн ішінде тексеріледі және шығармаға екі баға қойылады: біріншісі — мазмұны мен тіліне, екіншісі — сауаттылығына, 5-11 кластарда мазмұны мен тіліне қойылатын баға әдебиетке, ал екінші баға ана тіліне қойылады.
Әдебиеттен шығарма жұмысын бағалағанда, нақтылы кластың бағдарламасы көлемінде төмендегі шартты негізге алу керек:
- тақырыпты терең түсінуі және оны толық қамтып, фактілерді
дәлме-дәл келтіре білуі, шығарманың идеялық-тақырыптық
мазмұнына орай, оқиғалар мен кейіпкерлер мінездерін дұрыс түсіндіруі, негізгі қағидалардың дәлелді болуы, тақырыпты ашу
үшін маңызды да елеулі материалды пайдалана білуі, түйіндеу, қорытынды жасай білу, цитаттардың дәлдігі, әрі оларды шығарма тексімен іштей қабыстыра алуы;

  • шығарма бөлімдерінің көлемі ескеріліп, олардың шамасы бірдей болуы, бір-бірімен іштей логикалық байланысуы, ой жүйесіндегі
    жалғастықтың сақталуы;

  • лексикасының байлығы және дәлдігі;

  • шығарма стилі жағынан дұрыс, орфография мен пунктуация
    жағынан сауатты болып орындалуы қажет;

Шығарманың тілдік сауаттылығы үшін баға оқушылардың ана тілінен білімін бағалау нормаларына сәйкес қойылады. «5» деген баға:

  • шығарма тексін, сол сияқты тақырыпты ашу үшін қажетті басқа да материалдарды өте жақсы біліп, тақырыпты ашу үшін қажетті басқа да материалдарды өте жақсы біліп, тақырыпты терең де
    дәлелді ашқан, қорытынды, түйіндеу жасай алған, өзінше ойы, топшылауы бар;

  • композициялық жағынан тұтас, ойын логикалық желімен, жүйелі баяндаған;

  • әдеби тілмен жазылған, стилі мазмұнына сай;

  • мазмұнында бір-екі дәлсіздіктері бар шығармаға қойылады.

«4» деген баға:

  • тақырыптан сәл ғана ауытқушылығы бар, тақырыпты толық та дәлелді ашып берген, әдеби материалдарды және шығарма тақырыбына орай басқа да деректерді жақсы білетінін көрсеткен,
    соларды өз ойын дәлелдеу үшін қолдана білген, сол сияқты қорытынды түйіндеу жасай білген;

  • мазмұнын логикалық желімен жүйелі баяндаған;

  • әдеби тілмен жазылған, стилі мазмұнына сай;

  • мазмұнында екі-үш дәлсіздіктер кеткен, сондай-ақ сөз қолданыстан 3-4 кемістік жіберген шығармаға қойьшады.

«3» деген баға:

  • тақырыпты негізінен дұрыс ашқан, бірақ жауабы толық емес, біржақты, тақырыптан ауытқушылығы бар немесе нақтылы материалды баяндағанда кейбір қателіктер жіберген, қорытынды
    түйіндеу жасауында олқылық бар;

  • материал логикалық жағынан бірсыпыра дұрыс баяндалғанымен,
    ойын жүйелі айтып беруде жекелеген ауытқулары бар;

  • сөз қолданысында 4-5-тен аспайтын қатесі бар шығармаға
    қойылады.

«2» деген баға:

  • тақырыпты аша алмаған, шығарма тексін үстірт білген, жеке оқиғаларды қорытындысыз, жинақтаусыз шатастыра мазмұндаған немесе текстке сүйенбеген жалпы қағидалардан тұратын;

  • бөлімдер арасында байланысы жоқ, материалдың орналасуында
    белгілі бір тәртіп жоқ, сөздік қоры жұтаң, сөз қолданысында
    өрескел қате жіберген шығармаға қойылады.

«1» деген баға:

  • тақырыпты мүлде ашып жаза алмаған, шығарма тексін мүлде білмейтін, өз ойын баяндап бере алмаған; қате саны «2» деген бағада көрсетілген мөлшерден асып кеткен шығармаға қойылады. Шығарманың тілдік сауаттылығы қазақ тілі бағдарламаларында көрсетілген бағалау нормалары бойынша бағаланады.

(Материал 1991-1992 оқу жылына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламасы» кітапшасынан алынды.-Алматы, «Рауан», 1991. Б.38-40 және Б.152-157).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет