Мағынасы - істің мезгілін не мекенін көрсету. Морфологиялық белгісі - қы (-ғы, -кі, -гі) үстеуін ертетіндігі: кеше+гі, бұрын+ғы, ілгер+гі, бастап+қы, ақыр+ғы т.т.
Синтаксистік белгісі: - анықталушысына жалғаусыз жетектеле тұрып орны (әйтеуір ілгері тұрса болады) еркін болатыны (жанас сөздер).
Бүгін мен Жанғазыдан хат алдым.
Мен бүгін Жанғазыдан хат лдым.
Мен Жанғазыдан бугін хат алдым.
Мен Жанғазыдан хатты бүгін алдым.
Бұл сияқты орны еркін болушылық септеусіз сөздің басқа таптарында болмайтын, тек мезгіл-мекен есімдерде ғана, немесе септеулі сөзде ғана болатын нәрсе.
Мезгіл-мекен -ғы жалғанса сын есімденеді. Зат есімнен -лы үстеуі, сан есімнен -ншы үстеуі, мезгіл-мекен есімнен -ғы үстеуі арқылы жасалған сын есімдер тек зат есімді ғана анықтай алады да, етістікті анықтай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |