2. Біздегі буын түрлері
Қазақ тілінің буындарын буын ішіндегі дыбыстардың санына қарай да жіктеуге болады; буын ішінде түрлі дыбыстардың түрлі тәртіппен тізілуіне қарай да жіктеуге болады; буынның аяк дыбысының түріне қарай да жіктеуге болады.
а) Буынды құраған дыбыстар санына қарай жіктегенде 4 түрлі буын болады: бір дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты буын.
Қазақ тілінде бір буында төрттен артық дыбыс болмайды.
Бұлайша жіктеудің кемістігі сол: мұнан буынның түр-түрін біліп болмайды. «Со» деген де екі дыбысты, «ос» деген де екі дыбысты буын. Дыбыстың саны бірдей болғанмен, бұл екі буынның тілде ұстайтын орындары әр түрлі.
«Қат» деген де үш дыбысты, «арт» деген де үш дыбысты буын.
Бірақ бұлардың бір-бірінен айырмасы мол.
б) Буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктегенде екі түрлі буын болады: ашық буын, тұйық буын.
Буынның аяғы дауысты дыбыспен тынса ашық буын дейміз.
Бұлайша таптастыру – алдыңғыға қарағанда дұрысырақ. Өйткені, буынның ашық не тұйық екендігін білуімізбен буынның тілдік қасиеттерінің бірқатарын ұғып қаламыз. Сөйтсе де бұл жеткіліксіз. Өйткені бұл тапсыруда «аш», «шаш», «арт», «шарт» деген 4 түрлі буынды бір қораға қамап, тұйық буын деген бір атпен атаймыз. Шындығында, бұлардың бір-бірінен айырмасы бар. Бір ғана емес күшті.
Сонымен, бұл екі түрлі жіктеудің екеуін де қойып, үшінші жолға тоқтауға тура келеді.
в) буын ішіндегі дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай таптастырғанда 6 түрлі буын болады.
Ды буын (жалаң).
Дз-Ды буын (ашық).
Ды-Дз буын (жеңіл түйық)
Дз-Ды-Дз буын (жеңіл бітеу).
Ды-сДз-кДз буын (ауыр түйық).
Ды-Ды-сДз-кДз буын {ауыр бітеу).
Буынды ішіндегі дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай таптастыру деген сөз,- алдымен, дауысты, дауыссыз дыбыстың ілгерілі-кейінді келуін ашу деген болады. Екінші, бір буында екі дауыссыз дыбыс қатар ұшырайтын болғандықтан және үшырағанда көрінген дауыссыз дыбыстар емес, дауыссыздардың белгілі түрлері ғана белгілі тәртіппен тізілетін болғандықтан, мұнда сол дауыссыздардың түрін, тізілу ретін көрсету керек болады. Дыбыстардың толық аттарын жазып жату көп орын, көп уақыт алатын болғандықтан, буын түрлерінің формулаларында дыбыс атқаратын қысқартқан өрнекпен бердік:
Достарыңызбен бөлісу: |