Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары



бет31/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары
«Сөйлей білу – ойлай білу» деп жоғарыда айттық. Олай болса дұрыс ойлау, дұрыс жазуға мүмкіндік тудырса керек. Меніңше, әрбір адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеп, әсіресе, дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да, дұрыс сөйлей, әсіресе дұрыс жаза білмейді. Қазақтың «сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс; Ойлауың дұрыс болғанмен, сөйлеп үйренбейінше, пікіріңді айта алмайсың. Соның сияқты ойлағаныңды жазып үйренбесең, тағы болмайды. Сөйлеуді адам коллектив ішішнде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп, үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды ойлай-үйрене алмайды. Мен бұл өмірде жазу дегенннің өзін екіге бөлем:
1) қалай болса солай, естіген-естігенінше, айтқан-айтқанынша жазу бар;
2) мәдени үлгілі жолмен жазу, әдеби тілдің нормасын, ережесін, жобасын сақтай жазу бар. Нормаға бағынбай, қолмен жазылған сөздерді біз тізгінсіз, үлгісіз жазу білмейміз. Ал, бас-аяғы жинақты, түсінуге ұғымды жеңіл, белгілі өлшеммен, белгілі ережемен жазылған сөзді, қысқасы, белгілі нормаға сала жазылған сөздерді әдеби тілдің қалыбы мен (нормасы) жазылған я айтылған білмейміз.
Қазақтың жазушылары да, орыс жазушылары да өздерінің көркем әдебиеттік шығармаларында халықтың ауыз айтып жүрген сөзінен де, сөйлемінен де пайдаланып жазуы заңды нәрсе. Өйткені халық тілінсіз әдебиет тілі, болмақ жасалмақ емес. Бұдан әрине, әдебиет тілі мен халық тілі бірдей деген ұғым тумасын. Әдеби тіл норма жағынан мүлде басқа, жоғары сатыға шыққан, ғылым-техника тарауларын қамтыған, сөздің асылын таңдап қолданатын тіл; сөйлемді әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрайтын тіл ғана әдеби тіл саналуы керек. Бірақ біздің қазақ жазушылары ауыз сөздің асыл, көркем жағын алып қана қоймай, тәртіпсіз түрін де алған, қолдаған жері бар. Әдеби тіл грамматикаға сүйенеді, соның үлгісі бойынша жазады; қазақ тілінде 1) өлеңді я сөзді сөйлемнен басқа жерде бастауыш – сөйлем құрамында келмейді, 2) баяндауыш – (қара сөзде) ылғи сөйлем аяғында тұра алмайды, 3) анықтауыштар мен пысықтауыштар сөйлем аяғында тұра алмайды,
Әр сөзді сөйлемнің тетігін тауып барып, қолдану жоқ. Сон-
дықтан мұндай шығармаларда өң, маңыз деген аз бола-
ды. Олпы-солпысы шығып тұрған «көркем» сөзді ешкім
оқығысы, жаттағысы келмейді. Сонымен қатар, ақын, жазушының. сөзініңде, өзінің де құны, қадірі түседі. Осыдай сөйлей, жаза білмеғен, адамның Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойы, аузынан шыққанда, өңі қашады».
Осының себебін, жағдайын ескере отырып, қазақтың кең мағынада нақтылы әдеби тілі Ұлы Октябрь революциясымен бірге пайда болған дейміз. Шынында, революцияға шейінгі әдебиет сыңар жақ, жетімсіз еді. Ғылым техника тілдері онда болмады дей аламыз. Мұның бәрі соңғы Кеңес дәуірінде ғана пайда болды. Олай болса, қазақтың әдеби тілі жас. Оның осы бастан тура бағытта, таза өсуі, социалистік қоғамның тілегіне сәйкес өсуі — зор қамқорлықты керек ететін әлеуметтік іс.
Соның үшін де біздің ақын, жазушыларымыз, аударушыларымыз газет-журнал қызметкерлері, редактор жолдастар, алдымен қазақ тілінін синтаксисін жақсы білулері керек. Сонда ғана әдеби тілдің нормасынан ауа жайылып, өз білгенімен жаза беруден, сөйтіп, тілді бүлдіруден корғаған боламыз. Тілді бұзу жалғыз жеке сөздерге ғана байланысты емес, сөйлемге, сөйлеу құрылысына да байланысты екенін ұмытпау керек. Әйтеуір мағынасы болса болғаны деп, батпақтатып, сөзді үйе-үйе салатын ақын-жазушылардың шығармасында береке жоқ. Көркем сөз несімен көркем?— Алдымен, сөзді орнымен қолданып, сөйлемін ықшамды құрғандықтан, екінші сөзді кестелі, бернелі етіп құрғандықтан көркем. Ұстазымыз Маркс — Энгельс — Ленин де көркем сөзге осындай талап қойған. Олар өздерінің көсемдік «публицистика» ғылыми сөздерін де ықшамды, түсінікті, мағыналы етіп жазып, үлгі көрсетті. Олай болса, сөз құрау — искусствоның, әдебиеттің ең бірінші керекті шарты, ол өзі — өнер. «Өнер алды — қызыл тіл» (мақал) деген бекер айтылып қалған жоқ. «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Ердің құны екі ауыз сөзбен шешіледі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ»...дегендер де бар. Мұның бәрі, әрине, тәжірибенің арқасында мың-мың тексеріліп барып айтылған нақыл сөздер.
Егер ақын, жазушы жолдастар әдеби тілдің нормасын
сақтаудың керектігін білсе, ауыздан шыққан сөзді қа-
лай болса, солай жаза салмас еді. «Сөйлемдегі сөздердің
орын-орнын сақтаудың қажеті не, онымен не бітеді»
дейтіндер де жоқ емес. Бұлар тілді асылдау, ұғымдылы-
ғын, түсініктілігін арттыру дегеннен — түк хабары жоқ
адамдар. Тіл — білім; грамматика — ойды сөз арқылы
білдірудің техникалық құралы. Ол құралды дұрыс пайдаланбаған жазушы пақыр адам. Болмаса, атақты Пушкин, Лермонтов, Белинский, Горький және қазақтың Абай сияқты адамдары алдымен «тіл - өнер алды» екенін, оның нормасын, теориясын білу әрбір ақын-жазушыға шарт екенін білгендіктен айтқан. Белинский,
Пушкиндер өздері де грамматика жазған. Олар әдеби
тілді жақсы біліп, өзі соны мықтап дұрыстау үшін, сол
жасаған тілін нормаға салу үшін жазған.
Біздің қазақ тілі әдеби тіл болуы Абайдан басталады деуіміз-тек өлеңді сөзге (сөйлемге), ғана қатысы бар пікір. Ол кісінің қара сөз жағынан жазғаны — алғашқы адым ғана, онысын қазіргі әдебиет тіліне норма боларлық деуге келмейді. Оның басты себебі: қара сөзбен жазғандарында әдебиеттік көрік, қырнау, сұлулау де­гендер мүлде қатыспаған. Сөздері үзік-үзік ауызша сөйлегендегі сияқты нормасыз түрде айтылған, сонымен қабат онда араб, парсы тілдеріңің ықпалы көп, молда-қожа тілдерінің.әсері күшті, Сондықтан да бұлары нақтылы, әдебиеттік шығарма қатарына қосылмайды. Бірақ оның қара сөзінде жақсы сөз мүлде жоқ дегеннен аулақпыз. Онда да талай асыл пікірлер бар, ол жағы өз алдына.
Қазіргі жазушылардың кейбірі сөйлемді дұрыс құрау, оны ықшамды, сұлу, түсінікті етіп жасау.жағына көңілді тіпті аз бөледі. Өздерінің жазғанына сығалап қарау, өзін сынау жоқ. Орыстың ұлы ақындары (мысалы: Пуш­кин, Гоголь, Толстойлар) бір жағынан 10—15 рет қайта жазып түзетуден жалықпаған. Оның себебі не? . Сөзді асыл қазына деп, оған өте жауаптылықпен қараудан туған. Сондықтан да олардың жазғаны әлденеше ғасырлар бойы тозбай, қадірі түспей, үлгілі шығарма есебінде сақталып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет