СЫН ЕСІМНІҢ МЕТОДИКАСЫ
Сын есіммен танысқанда оның мынадай ерекшелігін есте ұстау шарт: бізде сын есімдер зат есіммен байланысып жатыр. Бір сөздің өзі бірде зат есім мағынасында айтылса, екіншіде сын есімге айналып кетеді. Ондай сөздің сын есім екенін көрсетіп тұратын арнаулы жұрнағы да болмайды. «Біз үлкен тас үйде тұрамыз» дегендегі екі сын есімнің формалық айырмашылығын анық көрсету керек. Онымен қатар, жұрнақ арқылы пайда болған пайда болған сын есімдердің де кейбіреулері осындай екі жақты. Мысалы: шиелі, сулы, тасты дегендер анық сын болса, енді сол жұрнақ арқылы жасалған Қамысты, Шиелі, Қарағанды сияқты сөздердің жеке бастары зат есім мағынасын береді де, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда ғана сын есім болып ұғылады. Орталық деген сөз орта деген зат есімді де көрсетеді (аудан орталығында, орталыққа шық) сын есім мағынасында да айтылады (орталық қалалар).
Бұл сияқты ауысушылық әсіресе зат есім мен сын есім арасында көп кездеседі.
Орта мектепте сын есімді өткенде оның осындай екі жақты түрлерін бірден көрсетуден пайда орнына зиян келуі мүмкін. Сондықтан сын есім темасын өткенде әуел бастан-ақ сын есімнің тұтас сөйлемде тұрған күйін алып, ең болмағанда анықтайтын сөзімен қоса алып, оның мәнісін сөйлемдегі қызметімен байланыстыра отырып түсіндіру шарт. Сөйлемде сын есім алдымен анықтауыш болады, онымен бастауыш, баяндауыш, толықтауыш та бола алады. Баяндауыш, толықтауыш, сын есімдерді кейінірек түсіндіру керек те, көбінесе сын есімнің ең негізгі белгісі қандай? қай? қайсы? деген сұрауларға жауап болатындығы және сөйлемде анықтауыш болатындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |