Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Сауат мектебінде ауыз сөз бен жазба сөзге үйрету



бет36/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Сауат мектебінде ауыз сөз бен жазба сөзге үйрету


Сауат мектебінде ана тілін оқытқанда көзделетін мақсат- бір жағынан оқу мен жазуға үйрету болса, екінші жағынан ауыз сөз бен жазба сөзге дағдыландыру.
Сауат мектебінде үлкендер оқиды; бұлардың өмір тәжірибелері көп болғанымен, сауатсыздығы себепті әдеби тіл өрнектерін білмейді, сөз сапасы да аз болады, ойға алғанын дәлелдеп түсіндіре алмайды.
Сауат мектебінде оқытушыларға тіл жағынан мынадай қиыншылықтар кездеседі. 1. Жат термин сөздер ұшырайды. 2. Оқушылар сөйлемді дұрыс құра алмайды. Сөйлеген сөздері не өте шолақ, ұғымсыз болып шығады да, немесе тым шұбалаңқы, ажарсыз болып шығады, бір сөзді әлденеше рет қайталайды.
1. Әліппе кезеңінде ... : тексті оқып шығып, сұрауларға ауызша жауап бере білу,
... Жаңа сөздерді түсіндіру арқылы сөз сапасын молайту.
2. Әліппеден кейінгі кезенде: ұғымсыз сөздерді түсіндіріп, сол
сөздерді теріп жаздырып, сөз сапасын молайту,... Арыз тілі сияқты жеңіл іс қағаздарын жазғызып үйрету.
- терминдерді бөліп жазу -
Сөзге жаттықтыру жұмысын бөлек сабақ қылып өткізу керек пе, керек емес пе?
Арнайы сабақ жасап, бастан-аяқ тіл ширату жұмысын өткізудің керегі жоқ.
Сөзге дағдыландыру жұмысы оқу мен жазу сабақтарымен байланыстырылып оқылатын болған соң, оған бөлек жоспар жасаудың керегі жоқ деп ойлау қате.
Сөйлеуге үйрету маңызды жұмыс, сондықтан оны белгілі бір жоспармен істеу керек!
... Бұл жерде тағы бір айтып кететін әңгіме мынау — дұрыс сөйлеуге үйрету сабағына жалғыз ана тілі сабағында ғана емес, басқа сабақтарда да көңіл бөлінсін.
Сонда, сауат ашу мектебі сабағының бір-бірімен тарихи байланысы болып отырады.
... Оқушыларда ауыз сөз бен жазба сөзге дағдыландыру жұмысын қалай бастап, қандай методпен жүргізу керек. Бұл жұмысқа кірісер алдында оқушылармен мына түрде әңгіме жасау керек:
Сендер, ойлаған ойларыңды кейде дәлелдеп, әрі қысқа, әрі ұғымды қылып айта алмайсыздар.
...Біз сендердің бәрінді де шешендікке үйретпекші емеспіз. Шешендік жұрттың бәрінің қолынан келе бермейді. Бірақ, айтар сөзді шама келгенінше дұрыстап, жүйелеп айтуға тырысуыңыз керек.
...Сөйлеуге жаттықтыру үшін мынадай істер істеледі: Бірінші оқушының сөз сапасын молайту, екінші, оларды ойлағанын дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландыру, үшінші - дұрыс жазу.
Оқушының сөз сапасын молайту жұмысы мынадай жолдармен істеледі:
а) ... қиын сөздерді түсіндіру; жаңа сөздерді суретпен түсіндіру. (3-4, 4-5)
б) оқушылар сөйлеген уақытта оларға ойын дәл көрсететін сөзді
тауып айтуға мүмкін болғанынша жәрдемдесіп отыру керек.
в) жаңа сөздердің қүр өздерін жаздырғаннан да, оларға тұтас тексті
беріп, жаңағы сөздерді сол текстке кіргізіп жаздырған пайдалы.
г) «Әліппеден» соңғы кезеңнің аяқ шенінде жақындағанда сөздік
жаздырта бастау керек.
Әліппеден кейінгі кезеңнің ортасынан бастап, оқушының сөз сапасын молайтатын маңыздырақ жүмыс істеу керек.
Мысалы... «күресейік»
«аянбай шаралар істейік» - толығырақ.
- сөз шұбату


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет