Сын есімнің жұрнақтары
Сын есімде жұрнақ көп. Жұрнақ арқылы бір сын есімнен екінші сын есім туады, басқа сөз табынан сын есім пайда болады, сын есімнің өзі де жұрнақ арқылы босқа сөз табына айналып кетеді (ақта, көгер, үлкендік). Сын есім жұрнақтарының алдыңғы түрін өту керек. Соңғы түрі әр сөз табының өз тұсында өтілгені дұрыс. Мысалы, зат есім темасын жасайтын жұрнақтар өтіледі, етістік темасын өткенде сын есімнен етістік тудыратын жұрнақтар өтіледі.
Алдыңғы екі группаның жұрнақтарын екі бөлек өткен дұрыс. Алдымен, сын есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар тексеріледі. Олардың бәрі де шырай мағынасын береді. Бірақ, шырайдың үш дәрежелі негізгі системасын сақтау үшін (үлкен-үлкенірек, үп-үлкен, ауыр-ауырырақ, тым ауыр) сын есімнің жұрнақтарының шырай мағынасын беретіндігіне көп тоқталмау керек. Сол себепті шырайлар өз алдына бір тема болып өтіледі де, сын есім жұрнақтары бөлек өтіледі.
Қазіргі практикада мектептерде сын есім жұрнақтарының көпшілігі айтылмай жүр. Оқытушылар көбінесе -сыз, -дай, -ты, -қыш бірлі-жарымды жұрнақпен қанағаттанады да, басқаларын сөз қылмайды.
Грамматика кітаптарында толық тізім жоқ.
Орта мектепте сын есімнің барлық жұрнақтарын тексеріп жату қиын болатыны да рас. Бірақ бұл жерде мынадай принципті ұстау керек:
Теманы өткенде алға қойылатын негізгі мақсат сол темаларды объектінің (сын есімнің) қасиетін тереңнен таныту. Оқушы балалардың әлімен есептескенде, теманы айқын ұқтыру үшін ол теманың негізгі мәселелерін тексеріп, екінші дәрежеге жататын бір шама құбылыстарды көрсетпей-ақ қоятын орындар болады. Ал сын есім жүрнақтарының жартысын айтып, жартысын айтпай кету сын есім жайында толық ұғым алуға себепші болмайды, қайта кедергі жасайды. Жұрнақтардың түр-түрі неғүрлым көп көрсетілсе, соғұрлым сын есімнің қасиеті кеңінен ұғымды.
Мұнда жүмысты қиындататын нәрсе жұрнақтардың саны көбеюі емес, өйткені оларды ешкім де жаттатпайды. Жұмысты қиындататын нәрсе жұрнақтардың әр түрінің қасиеттерін, өзгешеліктерін жеке-жеке тексеру.
Біздіңше, орта мектепте сын есім жұрнақтарының өзгешелігін бас-басына тексеру міндет емес. Жұрнақтардың жалпы тізімін беріп, олардың бәрі де сын есімнің негізгі шартына, қандай? деген сұрауға жауап болатындығы көрсетілсе, соның өзі негізгі мағлұмат болып қалады:
- Басқа сөз таптарынан сын есім тудыратын жұрнақтарды өткенде, оларды өзара топтастырып зат есімнен сын есім туғызатындарын бір бөлек, етістіктен сын есім туғызатындарын бір бөлек шығарып жату қиын болады. Бұл арада мынаны білдіру керек:
туынды сын есім қандай жұрнақтар арқылы жасалып түр, қандай сөзден жасалып тұр соны білу керек. Мысалы, айтқыш деген сөз - айт етістіктен -қыш жұрнағы арқылы жасалған, қысқы -қыс - зат есім, қы - сын есім тудыратын жұрнақ т.т
Қай сөз табына қандай жұрнақ жалғанатынын айырып жатудың тағы бір қиыншылығын мынау - кейбір жұрнақтар түрлі сөз табына жалғана береді. Мысалы, аудандық, айлық (-дың, -лық) жұрнақтары зат есімге жалғанып түр. (Мұның бәріне V класс баласының шамасы келмейді. Басқа сөз табынан сын есім туғызатын мынадай негізгі жұрнақтарын көрсету керек.
-дық аудандық, күндік (жұмыс), өмірлік (жолдас).
- ды таулы (жер), астықты (колхоз), білімді (адам)
-қыш -білгіш (адам), жүргіш (ат).
-шаң -кіршең (мата), ашушаң (бала).
-шақ -сүріншек (ат), ұялшақ (бала).
-қы -қысқы (кеш), түскі (тамақ), шеткі (үй).
-ық -озық (класс), жетік (бала).
-сыз -жолсыз (жер), желсіз (түн).
-дай -үйдей, таудай, тастай
-та -төрт өрме қамшы, айнала (жас) ашпалы терезе(?).
-шыл/шіл -сауықшыл (ел), аяқшыл (ат).
-қыр/кір -өткір (пышақ).
-қақ/кек -тырысқақ
-ақ/ек -қорқақ, үрпек
-ған/ген -жүдеген (сиыр), тебеген (ат).
Бұлардан басқа да сын есім жұрнақтары толып жатыр. Олардың бірқатары алдындағы түбір сөзге сіңісіп, жігін айыра алмастық дәрежеге жеткен, немесе бірлі-жарымды сөзге ғана жалғанады. Балалар сын есім жұрнақтарының жалпы мәнісін айқын ұққан болса, оларға осындай сирек ұшырайтын жұрнақтарды байқатып кетіп отырудың көп пайдасы бар. Әрине, ондай жеке-жеке кездесетін жұрнақтарды таптастырып жатудың да, оларға көп тоқталып, басқа мысалдар іздетіп дағдыландырудың да қажеті жоқ..
Сын есім сөздің негізгі қасиеттерін осылайша біраз ұқтырып алғанның аржағында оның зат есімге айналатындығын, зат есім орнына жүретіндігін көрсетуте тура келеді. Сын есім темасындағы ең қиын бөлімі де осы.
Сын есімнің зат есімге ауысуы жөнінде мынадай екі түрлі нәрсені шатастырмау керек. Сын есім кейде зат есім орнына жүреді де, кейде мүлде зат есімге айналып кетеді. (Бұл жерде сын есімнің жұрнақ арқылы өзгеруін есеп қылмаймыз, ол - өз алдына бөлек жұмыс)
Сын есімнің зат есім орнына жүруі оның сөйлемдегі функциясына байланысты, әуелде анықтауыш қызметін атқарып, бір сөздің алдында келіп, енді сол анықталып тұрған сөзі мүлде айтылмай, оның орнына сын есімнің өзі айтылса, сонда сын есім зат есімнің орнына жүргені болады.
Мысалы, өткірдің жүзі дегенде өткір деген сөз өткір пышақ дегеннің орнына жүріп тұр, алуан-алуан жүйрік бар дегенде. жүйрік деген сөз «жүйрік ат» орнында тұр.
Үлкеннің сұрауына кіші жауап беруші еді (қора батыр) дегендегі үлкеннің сөзі үлкен кісінің деген сөздің орнына жүріп тұр.
Қорқақты көп қуса, батыр болады дегендегі қорқақ деген сөз
де қорқақ кісі орнына жүріп тұр. Мұндай сын есімдер және айтылмай қалған зат есімдердің тұруға тиісті болған жалғауларда тұрады да, соған сәйкес сөйлемнің толықтауышы да, бастауышы да, баяндауышы да болады. Мысалы, өткір пышақтың - өткірдің (ілік) жалғау (жүйрік ат бар — жүйрік бар) (атау), қорқақ кісіні - қорқақты (табыс жалғау) т.б
Осы себепті сын есімнің зат есім орнына жүруі оған жалғау жалғанумен байланысты. Нақтылы сын есімнің өзін алсақ, оған ешбір жалғау да жалғанбайды, сөйлемде ол анықтауыштан басқа мүше де бола алмайды.
- Енді бір қатар сын есімдер мүлде зат есімге айналып кетеді. Мысалы, жылы, суық, алыс, жақын, жаз, қарт сөздері, нақтылы сын мағынасында да, нақтылы зат есім мағынасын да көрсете алады. Бұл сөздердің зат есімге айналуы өздерінің алдындағы айтылмай тұрған анықталушы сөздің бөздің орнына айтылғаннан емес, бұлар тегі зат есімнен сын есімге ортақ сөздер.
Жоғарғы қорқақ, батыр деген сөздердің де мәні бірдей емес. Алдыңғысы зат есімнің орнына ғана жүреді, ал соңғысы зат есімде де, сын есімде де бірдей, кейбірінде зат есім мағынасын беріп, сөйлемде анықтауыш болғанда ғана сын есімге айналады деуге келеді.
Бала жігіт дегенде бала деген зат есім қалай сын есімге ауып тұрса, батыр деген сөз де сондай жағдайда сын есімге айналады.
Бұл араны түсіндіруге біршама әдіс қолданбаса болмайды. Дидактиканың жалпы принципі бойынша, екі жұмысты қатар ұсынуға болмайды.
Сын есім зат есім орнына жүріп тұр. Теманы бастағанда жоғарғы екі түрлі жағдайды бірдей айтып тастау дұрыс болмайды.
Әуелі сын есім сөз зат есім мағынасында жүретінін айтып, оған тиісті мысалдар келтіріп, дағдыландыру керек. Мұндағы мысалдарда суық, жылы, батыр сияқты екі мәнді сөздер болмағаны жақсы, ылғи нақтылы сын есім сөздерді алу керек. Мәселе. бірақ анықтауыштан кейін барлық кей сын есімдер зат есім орнына айтыла келе мүлде зат есімге айналып кеткен деген ұғым береді. Оған тиісті мысалды оқушы өзі айтып береді.
[«Халық мұғалімі» журналы]
Сейіл Жиенбаев
Достарыңызбен бөлісу: |