Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет22/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

IV. Жалпы қосымша тақырыптар
«Ауыл мұғалімі» журналының шыққан нөміріндегі
материалдармен таныстырып, жалпы оқытушылардың тегіс оқып
шығып тұруына жәрдемдесу (бірнеше оқытуды бірігіп мақалаларды
талдап оқуын ұйымдастыру).
Мектептердің оқушылар арасындағы өзара басқару
жұмыстарын жолға қойып, оларға байқау (смотр) жүргізу.
Бірнеше берілген үлгілі сабақтардың қалай құрылып
өткенін тындап, сынау.
Маркс-Ленин тәрбиесі негіздерімен байланысты
интернационалдық тәрбие мәселелері мектеп тәжірибесінде қалай
жүріп келгенін бақылау. Осы туралы оқытушыларға түсінік.
Басқа сабақтар: еңбек, сурет, ән-күй, дене шынықтыру т.б.
бойынша оқытушыларды кезекті жұмыстармен, сабақтың
мазмұнымен, әдістерімен және пайдаланатын әдіс құралдарының
түрлерімен таныстыра отыру керек.
Буын жігін қалай табуға болады?

1. Буын жүйесінің маңызы


Қ. Жұбанов


Қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұға алмайсың, буынды білмейінше, сөз екпіні (ударение), сөз сазы (интонация) секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, «ажарлап сөйлеу», «әсерлеп оқу» сияқты сабақтарды да дұрыс алып бара алмайсың; буын жайына қанық болмасаң, өлең құрылысының негізімен дұрыс таныс бола алмайсың....
Қысқасы, буын жүйесін жақсы білмей тұрып, ана тілі сабағын басқаруға болмайды. Буын жүйесі қай тілде де белгілі орын ұстамақ. Әсіресе қазақ тілінде оның маңызы өзгеше, артықша. Өйткені қазақ тілінің (...) дыбыстары көп орында өз бетілік кейіпке кіре алмаған; буын ішіндегі дыбыстар болып бірлесіп қана, тұрғылықты түрге енеді. Бірімен-бірі байланысты, бірінің-бірі қас қабағына қарап тұрғандай, үйірленіп, ымыраласып отырады. Жұртқа мәлім «үндестік заңы» дейтініміз - дыбыстардың осы ымыраласуы болатын (...).
Жеке дыбыс оңаша қалпында мұндай тұсаулы болғаны - тіліміз әлі күнге шейін буын кебенегін тастап болмағаннан келеді. Мұның ақылға қонбастай ешбір оғаштығы жоқ. Өйткені «дыбыс», «буын», «сөз» деген категориялардың өзі де «әлімсақтан бері бар» болып келе жатқан, бұлжымас ұғымдар емес. Бір кезде жоқ болып, бір кезде жарыққа шыққан. Бір кезде бірі болса, екіншісі болмаған. Жер үстіндегі тілдердің жалпы даму жолының түрлі сатылары бұларды кезегімен бірінің артынан бірін тудырып отырған.
Бүгіндегі түрлі тілдер дегеніміз жалпы тіл жүйесінің өркендеу жолындағы түрлі сатылар болғандықтан, «сөз», «буын», «дыбыстардың» әрқайсысының орны әр тілде әр түрлі болады.
Қытай тілінде сөз ерекше орын алады. Өйткені онда жалғау, жұрнақтар мардымсыз. Сөз тудыру, түрлендіру, сөйлем құрау секілділердің бәрі де бүтін сөздердің ілгері-кейінді келіп құрмаласуынан пайда болады. Сөздердің өзі де өңшең бір буынды ғана болғандықтан, «буын» мен «сөз» арасында түк айырма болмай, буын деген категория тумаған. Сөздер қайда жүрсе де түгелімен жүретіндіктен, жарықшақталып, сынып, үгіліп, дыбыс-дыбысқа бөлінбегендіктен, жеке дыбыстың атқаратын қызметі өте шағын болады. Сондықтан қытай тілінде тілдің ең кішкентай бөлшегі «сөз» болып табылып, жазуы сөз жүйесінде құрылған. Қытай жазуында әріптер, біздегідей, дыбыс-дыбысты белгілеп отырмай, түгел сөздерді таңбалайды. Онда неше сөз болса, сонша әріп болады.
Жалғалмалы жапон тілінде, ескі шумер тілінде «буын» ала-бөле орын ұстағандықтан, бұлардың әліппесі де буын жүйелі болып, әріптері бүтін сөзді емес, буындарды ғана таңбалайтын болған.
Семит (араб, еврей), европа тілдерінде жеке дыбыстар тіл элементі болып үлгеріп, дыбыстардың өзгеруінен сөздің негізгі мағынасы ғана емес, қосымша мағынасы да, формасы да өзгеретін болғандықтан, бұларда дыбыстың ұстайтын орны күшейген. Бұларда әліппе де дыбыс жүйелі болып келген.
«Сөз», «буын», «дыбыс» деген категориялар «ай мен күндей әммеге бірдей» болып көрінгенмен, осылай, әр тілде әр тілде әр орын ұстап отыр.
Біздің жазуымыз да ана Европа жазуы сияқты дыбыс жүйелі жазу. Бірақ тіліміз әлі дыбысшыл кезеңге түгел жетіп болмаған буыншылдық қасиеттерін түгелімен жойып бітірмеген тіл. Сондықтан буын жүйесінің маңызы біздің тілімізде артықша күшті. Буын жігін, буын сырын анық, жете білмей тұрып, шын сауатты болып кете алмайтынымыз осыдан.
Осы жағдайды еске алып, қазақ тілінің программасына да оқу құралында да буын жүйесіне жақсы орын бергенбіз. Ана тілі сабағының емле, грамматика тарауларында оқытушы мұны ұмытпай, буын жүйесін балаларға толық түсіндіріп өтуі керек. Әйпесе ана тілі сабағынан нөтиже шыкпақшы емес.
Қазақ тілінің буын құрылысын аңғару қиын емес. Бірақ соның өзінде, сол оңай құралған буын жүйесін оқытушыларымыз тегіс біледі дей алмаймыз. Өйткені қазақ буындары әлі күнге шейін дұрыс тексерілуден аман. Бұл туралы жасалған зерттеулер, шыққан кітаптар, мақалалар әлі жоқ. Сондықтан оқытушыларымыздың әрқайсысы өз бетімен бал ашуы, қайбірі қай кезде қателесуі ғажап емес.
Оқушылардың емле қателерін талдап қарағанда, қатенің көбісі осы буын жүйесін дұрыс ұға алмағаннан келгені байқалады. Емле жайындағы айтыс мақалалардан қайсыбір азаматтарымыздың да буынды жете түсініп болмағанын көріп жүрміз.
Сол себепті бұл арада қазақ тіліндегі буындарды біраз сөз қылуды дұрыс деп таптық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет