Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет25/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Мә!, де, де!, йә! со, бұ деген сөздер осындай ашық буындар.
Қа-ла, те-ре-зе, су-ла-ма дегендегі буындар бәрі де осы түрге жатады.
Бұл буын сөздердің басында да, ортасында да, аяғында да ұшырай беретіндіктен және еш уақытта түрін бұзбай, осы қалпында келе беретін болғандықтан, қазақ тілінде ең көп кездесетін түрі болып шығады.
ІІІ. Ды-Дз (дауысты-дауыссыз) - жеңіл тұйық буын.
Екі дыбысты буын. Алдыңғысы дауысты (Ды), соңғысы дауыссыз (Дз). Алды ашық болып тұрып, аяғы дауыссызға тіркелгендіктен, мұны тұйық буын дейміз (жеңіл дейтін себебімізді төменде 5-ші түрден қара)
Мысалы: ас, ән, ат, өс, үн, ұр, ық , іс сөздеріндегі осындай жеңіл тұйық буындар. Ат-қар, ер-ке, ән-ші, от-қа, өс-ті, ұй-тақ, үр-кіт, ық-тын, іс-кер сөздерінің бас буындары осы жабық буындар.
Бұл буын, осы мысалдардағыдай, не жеке өзі бір сөз болып ұшырайды да, немесе, сөздің бас буырдарында ғана кездеседі. Оның үстіне, сөз алқасында бұл буын өз қалпын сақтай алмай, өзгеріп кете береді. Сондықтан әсіресе ауызекі сөйлеген сөзде бұл буын сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет