Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет40/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Грамматиканы оқыту жөнінде
Басымов Хажым


Әлі күнге шейін біздің біраз оқытушыларымыз грамматиканың орнын, оны оқытудағы негізгі мақсаттарды ұғынып жете
алмағандығы, ұғынса да толық орындап жүре алмағандығы байқалады.
Грамматика құрғақ қисын жаттау үшін оқылмайды. Схемалық жолды қуалап, түрлі форманың жалаң артына түсуімен ешнәрсе шықпайды. Осы сияқты, бір қыңыр мағынасын қуалап, түрден қол үзіл қалуға да болмайды. Екі жағын тең ұстау керек болады. Грамматиканы оқытқанда, мағына мен түрін тең алып бару ғана негізгі мақсатымыздың бәрін шешіп бере алмайды, сондықтан тек бұл екеуімен қанағаттанып, жайбарақаттануға тағы болмайды.
Грамматика жалаң грамматика үшін, оның мағынасы мен түрі үшін ғана оқылмайды. Тұрмысымызға керектігі үшін, бүгін таңда грамматикадан алған білімімізді социалистік құрылысымыздың қай саласына болса да қару етіп жұмсауға күшіміз жету үшін оқылады. Екінші, грамматика оқыту үстінде оқушылардың шығармалық талантына да көмек беріліл, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе, өз уақытында жаттықтырылып отырылады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушылардың осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, не дөңгелетіл ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматика оқытушының кемшілігінен деп білуіміз керек.
Үшіншіден, грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматиканың әр тараулы білімін жаттықтыруда өзіне сай мөлшерде көркем әдебиеттен көніктіру үзінділері алынып отырылады. Бұл әрі дұрыс, әрі анық оқу, жете түсініп талқылау керек болады. Бұл жерде грамматика мен көркем шығармалар бірігіп, бір-біріне көмек етеді. Оқушылардың жан-жақты білім дамуы күшейеді.
Осы айтылғандардың бәрін бір бүтін етіп, бір жерге түйіп оқытқанда грамматикадан көздеген мақсат толық орындалуы мүмкін. Әдебиет тілімізді өркендетуге грамматика мұрындық болуы мүмкін.
Бұл арада тағы бір тоқтамасқа болмайтын мәселе, сауаттылығымыздың нашар болып келгендігі. Осы күнге шейінгі орталау мектепті бітірген оқушыларымыздың бір қатары қатесіз жаза алмайтын болып келді. Бұл да тек ылғи қисын жаттаудың әлегінен туған кемшілігіміздің бірі еді.
Кім не туралы жазса да, өзінің қара басы үшін жазбайды. Басқалар үшін, халық үшін, қоғам үшін жазады... Қате жазу деген тек еңбегінің пайдаға аспай қалғандығымен ғана шектеліп қалмайды... Өркендеп келе жатқан әдебиет тілімізді шұбарлайды, бұзады. Қатесіз жазу үшін күрес - әдебиет тілімізді өркендету үшін күрес екендігін естен шығаруға болмайды...
Дұрыс жаза білмейтін адамды сауатты адам деуге болмайды. Ондай адам сауатсыз саналады. Міне, осындай мықты адасудан құтылу үшін оқушылардың сауаты аса мол болып, қатесіз жазуға төселіп шығуын мұқият бақылауға тиіспіз. Грамматиканы сабақ үстінде өткізудің жалпы тәртібі қандай болуы керек?

  1. Грамматикадан оқылатын күнделікті сабақтың материалдары
    сатылы жүйелі жолмен өтіледі. Берілетін сағат мөлшеріне қарай өтілетін білім көлемі дәл пішіледі.

  2. Грамматиканың өтілетін материалдары бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толтырып, дами барылады. Сабақтың мазмұны күрделене,
    жеңілден ауырға көшіле барылады.

  3. План бойынша өтілетін әр теманың мақсаты түсіндіріліп, алдын
    алады. Өтілетін теманың беретін пайдасына оқушылардың көздері жеткізіледі.

  4. Грамматиканың әр өрілетін материалы тек түсінікпен,болмаса қисындарын білумен шектелмейді. Сол білімі қолма-қол іс
    жүзінде, практикада жаттықтырылады. Өтілетін материалдарға қарай, оқушылардың өздеріне жұмыс істеттіріледі.

  5. Грамматиканың өтілген материалдарынан бірте-бірте тілдің заңды
    құбылыс екендігін ашыла барылады. Қоғамның экономика, мәдениетіне, кәсіп өндірісіне, өз ара қатынасына қарай тілдің
    өсіп, жетілгендігі бақылата барылады.

  6. Грамматиканың қандай бөлімі, оның қандай элементтері оқылса
    датүрі, мазмұны бірдей байланыстырылып жүргізіледі. Бұлардың бір-біріне байланысты өсіп дамуы, бір түрге, бірнеше мағына, бір мағынаға бірнеше түр келіл тіркесуінің себебі ашыла барылады.

  7. Тілдің мағынасы да, түрі де қоғам тұрмысына байланысты, әр
    кезеңдегі қоғамда, өндіріске қарай, құбылып отыратындығы зерттеледі. Мысалы: «жарыс», «ақсақал»-дың қазіргі мағынасы
    жаңа, біріккен, тұжырымды сөз түрлерінің шығуын айту сияқты.

  8. Грамматикалық атауларға жетілдіру. Осы күнге шейінгі ала-құла
    болып келген атаулардың бір ізге түскендеріне жаттықтыру жаңа
    бұл атаулардың не үшін олай аталатындық мәнісін ол атаудың неге қарап қойылғандығын тани бару.

  9. Грамматиканың бөлімдерін бір-бірімен бөліп алып кетпей
    (фонетика, морфология, синтаксис-пунктуация) байланыстырып, араларындағы жақын қатыстарын аша отыру. Бірінен бірі
    құралып, белгілі мағыналы түрге келетіндігін әбден мұқияттау.

10. Граматика мен көркем шығарманы бірін-бірі пысықтауға көмекші
ете бару. Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуін өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере
аларлық халге жеткізу. Міне, грамматиканың күнделік сабақ үстінде, оқыту процесінде, ескерілуге керек жағдайлары қысқаша айтқанда, осылар.


(Материал Қажым Басымовтың «Ауыл мұғалімі» журналының 1938 жылғы, N14 нөміріне жарияланған мақаласынан алынды. Б.25-27..)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет