3. Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәргерге көрсету керек. 4. Қызып тұрған шыны немесе металл күйдірсе, күйген жерді алдымен таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орап, одан кейін күйдіруге қарсы май орайды. 5.Галогендермен, күкіртті сутекпен, көміртек(ІІ) оксидімен уланғанда, уланған кісіні таза ауаға шығарып, дәргерді шақырту керек. 6. Мышьяктың, сынаптың, цианды қосылыстармен уланғанда дереу дәргерді шақырту керек. 7. Фосфор тиген жерден, фосфордың қалдықтарын дереу алып тастап, күйген жерді мыс сульфатының ерітіндісінде суланған мақтамен орап, дәргерге қарану керек.
3 Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
Зертханалық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (зертханалық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.
Зертханалық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне өткен шақта (мысалы: алдық, құйдық, көрдік), бақылағандар мен қорытынды жазуға орын қалтырып, таза түрде жазып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды.
Есептің жоспары:
1. жұмысты орындау күні;
2. тәжірбиелік жұмыстың нөмірі, атауы, мақсаты;
3. аспаптың (қолданылса) суреті немесе сызбанұсқасы;
4. тәжірибе қандай жағдайда орындалғаны, тәжірибе кезінде қандай өзгерістер байқалғаны;
5. орындалған реакциялардың теңдеулері;
6. тәжірибенің сандық өзгерістерін жазу, қажет болса кестелерді толтыру;
7. есептеулер және анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу;
8. қорытынды және есептеулердің нәтижесі;
9. оқытушыға есеп беру: зертханалық жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың есебін тексерту.
Жұмысты орындаған кезде қателер жіберілсе, тәжірибені қайталау керек.
4. Ұсынылатын әдебиеттер
4.1. Негізгі әдебиеттер
4.1.1 Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық және коллоидтық химия: оқулық Алматы: Дәуір, 2011.- 488 б.
4.1.2 Мұсабеков Қ.Б. Коллоидтық химия: оқулық. Алматы, 2011.- 172 б.
4.1.3 Жайлау,С.Ж. Физикалық және коллоидтық химия: оқу құралы Алматы, 2004.- 225 б
4.1.4 Қоқанбаев Ә
Қ. Коллоидтық химия курсы: Беттік құбылыстар. Дисперстік жүйелер: оқулық. Алматы: Полиграф-комбинат, 2013.- 653б.
4.1.5 Кругляков П.М. Физическая и коллоидная химия: учеб. пособие.М.: Высш. шк., 2007.- 319 с.
4.1.6 Зимон, А.Д. Физическая химия: учебник. М.: Агар, 2003.- 316с
4.1.7. Краткий справочник физико-химических величин./Под ред. Равделя А.А., л.: Химия,1983.-232с.
4.2. Қосымша әдебиеттер
4.2.1 Кудряшов, И.В. Сборник примеров и задач по физической химии: учеб. пособие. М.: Высш. школа, 1991.- 527с.
4.2.2 Евстратова К.И., Купина Н.А., Малахова Е.Е. Физическая и коллоидная хими. М.:НЛИ.,1990.-372с.
4.2.3 Практикум по физической и коллоидной химии: учеб. пособие / Е.В. Бугреева, К.И. Евстратова, Н.А. Купина и др.; под ред. К.И. Евстратовой.- М.: Высш. шк., 1990.- 255с
4.2.4. Лабораторные работы и задачи по коллоидной химии: учеб.- М: Химия, 1986.- 215с.
4.2.5.Воюцкий С.С. Краткий курс коллоидной химии: Учебник. Киев: Выща школа, 2001.- 167с
5. Зертханалық жұмыстар
Зертханалық жұмыс №1 Органикалық қосылыстар құрылысын молекулалық рефракция арқылы анықтау
Жұмыстың мақсаты: Берілген заттың молярлық рефракциясы арқылы ықтималды құрылысын анықтау. Рефракция аддитивтілігін тәжірибеде зерттеу.
Қажетті құралдар мен ыдыстар: Рефрактометр ИРФ-22, пикнометр, аналитикалық таразы, түтікті тамызғыш.
Реактивтер:Толуол, ацетон, бензол, гексан, гептан, жай және күрделі эфирлер, этил, изопропил спирті, хлороформ, дистилденген су.
Жұмыс реті: Оқытушы тапсырған сұйықтықтың сыну көрсеткіші мен тығыздығын бірдей температурада өлшеп, анықтайды.
Тәжірибелік бөлім
Зерттелінетін заттың меншікті (мольдік) рефракциясын есептеу үшін, алдымен сол заттың тығыздығы мен сыну көрсеткішін анықтау керек. Ол үшін салмағы алдын-ала өлшенген бос пикнометрдің белгілі сызығына дейін дистилденген су толтырады. Судың артық мөлшерін сүзгіш қағазымен сорып алуға болады. Сонан кейін суы бар пикнометрді аналитикалық таразыда өлшеп, салмағын анықтаймыз. Мұндай өлшемді ішінде зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометрмен де жүргізеді. Сұйықтың тығыздығын (г/см3) келесі формул бойынша анықтаймыз:
(1.1)
мұндағы g0–бос пикнометрдің салмағы (г); g1, g2–ішінде суы және зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометрдің салмағы (г); –25оС температурадағы судың тығыздығы (г/см3).
Тығыздықты үтірден кейін үшінші санға дейінгі дәлдікпен 3 рет анықтап, орташа арифметикалық мәнінін алады. Зерттелінетін сұйықтықтың сыну көрсеткішін Аббе рефрактометрінің көмегімен анықтайды.
Мольдік рефракция RM электрондық поляризацияны көрсетеді және Лоренц- Лоренц теңдеуімен ( 1.2 ) өрнектеледі:
(1.2)
RM – мольдік рефракция, м3/ моль
n – сыну көрсеткіші
М – заттың мольдік массы
– тығыздық
Молекулалардың рефракциясын аддитивтілік (біртектілік) ережесі бойынша да есептеуге болады:
( 1.3 )
– атомдар рефракциясының алгебралық қосындысы,
– байланыстар рефракциясының алгебралық қосындысы.
1.2–теңдеу және аддитивтілік (1.3) ережесі бойынша анықталған мольдік рефракция мәндерін салтырамыз. Атомдар, байланыстар рефракция мәндерін анықтама кестесінен (қосымша 1.1)аламыз. Өлшеу нәтижелерін 1.1 кестеге енгіземіз.
1.1кесте.
өлшеу реті
|
бос пикно-метр салмағы, г
|
суы бар пикно-метр салмағы, г
|
зерттелінетін сұйықтығы бар пикнометр салмағы, г
|
тығыздық
,г/см3
|
Сыну көрсеткіші,
п
| RМ
тәж.
|
RМ
теор.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |