5-параграф. Конкурс комиссиясының
қорытынды отырысы
Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы бағалау парағына енгізіледі.
Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.
Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |