«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығы



бет12/38
Дата09.06.2020
өлшемі499 Kb.
#63290
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру


  1. Жалпы конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.



  1. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

  2. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:

  1. мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;

  2. негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;

  3. мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

  4. құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні);

  5. осы Қағидалардың 85-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;

  6. әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

  7. конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.

  1. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

  2. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қосуға рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет