Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті

Грузиндердің баклажан икрасы 
Баклажанды әбден жұмсарғанша духовкада пісірген соң 30-40 минуттай 
ащы сөлі шыққанша ауыр салмақпен бастырып қоясыз. Грек жаңғағының дәні 
мен сарымсақ баданаларын қосып үгіп жаныштап жаңағы баклажанмен қосып, 
паста сияқты масса болғанша езгілеп араластырасыз да тұздап, бұрыштайсыз, 
сірке суын құясыз. Піскен картоппен қоса дастарқанға қоюға болады. 
Грузиннің картоп салаты 
Картопты пісіріп, қабығынан аршып, дөңгелектеп кесесіз де салат 
ыдысына салып тұздаған соң қызыл бұрыш себесіз, сақиналап туралған пияз 
қосып, 2-3 қасық анар шырынын құясыз. Сөйтіп осының бәрін араластырып, 
үстіне себеленген петрушка, аскөкпен сәндейсіз. 
Салатқа керегі- 500 г картоп, 1 түйір пияз, 3 ас қасық анар шырыны, 
петрушка, аскөк, бұрыш пен тұз қалауынызша. 
Грузиннің сорпа харчосы 
Семіз қойдың төстігін қабырғаларынан бөліп алып, көлдеңінен бірнеше 
шауып бөлесіз де, қызған табаға салып, туралған пияз бен сәбізді, петрушка 
тамырын қосып майға қуырасыз. Бұдан соң мұның бәрін кастрюльге аударып 
, үстінен суық су құйып, тұздап, бәсең отта қайнатасыз. Біраз қайнаған соң ет 
тартқыштан өткізген помидор, тәтті бұрыш пен күріш саласыз да барлығы 
әбден піскенше қайнатасыз. Сорпа дайын боларда лавр жапырағын, түйір қара 
бұрыш және үгілген сарымсақ қосасыз. Ащы қызыл бұрыш та салұға болады. 
 
АРМЯН ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ
Армиян дастарханы ежелден дәстүрі бар мыңдаған жылдық
тарихы бар бай дастархан саналады. Бұл кавказ елдерінде ежелден
белгілі. Көптеген тағамдары Европа дәстүрінде жасалады. өзіндік
еркше тағамдары, жасыл қызанақ пен баклажан дайындау. Мұнда сүт
өнімдеріне еркше мән беріледі. Негізінен өсімдік майларын өңдеуге
қолдануға көңіл бөлінеді.
ЕКІНШІ ТАҒАМЫ. Құтыдағы ет тағамы, жүзім жапырағынан
жасалған ереван толмасы, мантапур, кәуәп, Ераван бозбашы. 


53 
ТӘТТІ ҰН ТАҒАМДАРЫ. Жаңғақ қосылған баруик. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет