Б. М. Демеуова әлем халықтарының тамақтану дәСТҮрлері мен мәдениеті


Армянның жаңғақ тұздығындағы баклажаны



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата23.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187686
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Демеуова-Б.М.-Әлем-халықтарының-тамақтану-дәстүрлері-мен-мәдениеті
В қызықты математика, 9 мамыр, f6204ad479ec250
Армянның жаңғақ тұздығындағы баклажаны 
Қабығы аршылған баклажандарды дөңгелектеп турап, тұздайсыз да 10-
15 минуттан соң сығып, қызған майға қуырасыз. Ал тұздық жасау үшін әбден 
үгітілген грек жаңғағы дәндерін кастрюльге саласыз, оған майда туралған 
петрушка, тұз бен бұрыш, ыстық су құйып, сірке су қосып қайнатасыз да 
суытып қоясыз. Дайын болған баклажандарға осы жаңғақ тұздығын құйып 
дастарқанға әкелесіз. 
Армянның асбұршақпен фарщталған баклажаны 
Баклажандарды жуып, сабақ жағын кесіп, ұзынынан бөліп, тұқымдарын 
алып тастап, қайнап жатқан суға 5 минут салып аласыз. Сүзіп алып суын 
сорғытып қоясыз. Баклажандарды томат-пюре қосып қуырған пиязбен, 
пісірілген асбұршақпен фарштап, май бүркіп, духовкаға қойып пісіресіз.
Фаршталған баклажандарға петрушка көгін себелейсіз де айранды бөлек 
ыдысқа құйып дастарқанға әкелесіз. 
Бұған керегі – 3-4 баклажан, 1 пияз, 40 г күйдірілген сары май, 25 г томат 
пюре, 40 г тазаланған асбұршақ, 100-150 г айран , тұз бен петрушка 
қалағаныңызша. 
 
Армянның помидор қосып бұқтырылған баклажаны 
Тазартып, жуылған баклажандарды дөңгелектеп турап, тұздайсыз 
да 10-15 минуттан соң сығып, майға қуырасыз. Кастрюльге осы қуырылған 
баклажандарды бір қабат етіп салып, оның үстінен майға қуырылған пиязды 
екінші қабат етіп, ал оның үстінен помидорларды екіге бөліп-бөліп саласыз да 
5-10 минутқа духовкаға салып қоясыз. Дайын болғанда айран мен үгітілген 
сарымсақты бөлек ыдыспен дастарқанға қоса әкелесіз. 
Бұған керегі – 3-4 баклажан, 2-3 пияз, 2-3 помидор, 3-4 ас қасық өсімдік 
майы, айран мен сарымсақ, тұз қалғаныңызша. 
Армянның көкөністермен бұқтырылған картобы 
 
Картоп пен баклажанды төртбұрыштап турап, пияз қосып майға 
қуырасыз да оған туралған тәтті бұрыш қосып, тұздайсыз, аздап су қосып 
қақпағы жабық ыдыста біраз бұқтырасыз. Дайын болардан 5 минут бұрын 
помидор турап саласыз. Дастарқанға әкелерде тарелкаға салып, 
бұқтырылғанда шыққан өз тұздығынан құйып, көктер себелейсіз. 
Бұған керегі – 600 г картоп, 2-3 баклажан, 3-4 помидор, 2-3 тәтті бұрыш, 
1-2 пияз, 100 г тортасын айырған сары май, аскөк пен петрушка көгі, тұз
қалауыңызша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет