34
Түркімен халқы тағамдарының өзбек және тәжік тағамдарынан ерекше
табиғи жағдайлары мен тұрған халықтар ерекшеліктеріне
байланысты біраз
айырмашылығы бар. Ертеде түркімен тайпаларының көбісі үшін негізгі азық.-
түлік ет пен сүт болған.
Олардың ет дайындау және өндеу тұғгысында көршілес халықтарда
кездеспейтін, тек өздері өмір сүрген табиғатқа ғана тән жағдайларға
негізделген ұлттық әдістері бар.
Осы әдістердің бірі — етті шыжыған күн астында желге қақтау. Ол үшін
ірі ет кесегін сүйегінен сылын-баған күйі биік те ұшы үшкір ағашқа бірнеше
тәулік іліп қояды. Мұндай етті олар қақшач, яғни қатпыш деп атайды.
Екінші әдіс күрделілеу. Жуылып, тұз және қызыл бұрыш жағылған қой
не ешкі қарнына ет
пен құйрықты кесектеп турап, ауа қалмайтындай етіп
тығады, содан соң аузын тігіп, ыстық құмға бір тәулік көміп тастайды.
Кешкілік алып, сырыққа іліп қояды. Осы
жағдай қарын әбден кепкенше
қайталана береді. Мұндай ет ерекше дәмді болады әрі ұзақ уақытқа дейін
бұзылмайды. Міне, осылайша сақталған ет гарын, яғни қарын деп аталады.
Түркімен халқының
қазіргі дастарқанын жарма, қамыр, көкөніс етпен
үндестік тауып, байыта түскен.
Сүттен анағұрлым көп пайдаланылатыны — қой мен түйе сүті. Солардан
түрлі сүт өнімдері дайындалады.
Көкөністен шалғам, помидор, аз да болса сәбіз бен асқабақ, ал маш
мүлде сирек пайдаланылады. Оның есесіне
бұл халық көкті өте жақсы
қолданады. Жемістерден — өрік, бақша дақылдарынан қауын, қарбыз
көп пайдаланылады.
Тәттіге келетін болсақ, ауыз толтырып айтатындай емес.
Дастарқанға
"Набат" пен қарбыз, кейде жүзім
сөлінен дайындалатын тосап қана қойылады.
Олардың бірден-бір өзіндік ұлттық тәтті тағамы-чарыштың тамы-рынан
даймндалатын аяуа тектес ерекше масса.
Достарыңызбен бөлісу: