ШУЖЫК,
Қоңдылығы орташадан жоғары және орташа майлы жылқы , етінен
дайындалады. Сүйегінен сылынып, майы мен сіңірінен та-зартылған ет әрбір
кесегі 300—400 г келетіндей етіліп туралады да, тұздалып, температурасы 2—
4 о С бөлмеде 2—3 тәулік ұсталады. Оны тұздайтын қоспа тұздан, селитрадан,
қант пен қара бұрыштан тұрады.
100 кг етке 4 кг птұз, 50 г селитра, 150 г
қант, 50 г бұрыш жұмсалады.
42
Тұздалған ет көзінің ірілігі 16—25 мм еттартқышпен тартылып,
ұшбұрыштап тұралған жылқы майы қосылып, араластырылады. Фарш
салмағының 30 процентіне іш май жұмсалады. Мұндай жағдайда оның дәмі
жақсара түседі, адам организмінің сіңіру ар-
тады, бір ұшадан шығатын дайын өнім шығымы ұлғаяды.
Дайын фарш щприцпен ішекке тығылады. Ішек әр жерінен
сақиналанып байлап
тасталады. Содан соң температурасы 5—6 о С-тан
аспайтын жерге бір тәулік ілініп қойылады, осы мерзімнен кейін 18—24 сағат
ысталады. Ысталған шұжық температурасы 12 о
С, ылғалдылығы 75% жерге 5 тәуләк бойы ілініп, кептіріледі.
Пайдаланар алдында шұжық асылады. Жеңсік ас ретінде салқын күйінде
де, ыстық күйінде де беріледі.
ҚУЫРДАҚ
640 г өкпе
/4 адамға есептегенде/ , 500 г қой бауыры, 270 г
жүрек, 360 г құйрық май, 3 түір пияз, петрушка көгі, қара бұрыш
пен тұз дәмі мен татымына қарай.
Құйрық май ұсақтап туралады да, шыжығы майға жүзгенге
дейін қуырылады. Содан кейін ұшбұрыштап туралған жүрек, өкпе,
салынады. 15 минуттан соң, үшбұрыштан туралған бауыр, пияз
қосылады. Бұрышталып, тұздалады. Осының бәрі қуырылғаннан
кейін үстіне аздап сорпа құйылып, дайын болғанша бұқтырылады.
Дастарқанға әкелерде үстіне көк себіледі.
ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫНЫҢ ТАГАМДАРЫ
Қырғыздың негізгі тағамдары технологиясы, тіпті құрамы бойынша да
*қазақ тағамдарына ұқсас. Қырғыз бен қазақтың көптеген тағамдары бірін-бірі
қайталайды. Тіпті аталуы да бір-бірне ұқсайды. Дегенмен қырғыз халқының
ұлтгық тағамдарының өздеріне тән ерекшеліктері де жоқ емес.
Қырғыздардың қазіргі дастарқанына маусымдылық жағдай тән.
Мәселен, жазда оларда — сүт, өсімдік тағамдары, қыстыкүні — ет, үн және
ет-дәнді дақыл тағамдары басым болады. Дәнді дақылдардан олар негізінен
бидай, тау арпасы, кейде жүгері тұтынады.
Қырғыз халқының ұлттық ет түрі — жылқы еті. Жылқы еті бұл елде өте
жоғары бағаланады. Одан әйгілі қырғызша ет /тураған ет/ дайындалады.
Қырғызша еттің қазақша еттен айырмашылығы негізінен тұздығында.
Мысалы, олар қоспа тұздықты /құрт езген тұздық/ жақсы пайдаланады. Кейде
еткен нан /кеспе/ салмайды. Оның есесіне пияз бен айран /қатық/
қолданылады. Сонымен бірге бұл халық қой етін де, әсіресе асылған күйінде
аса құрметтейді.
Қымыздан бастап сүт тағамдарының, бәрі қазақтың сүт тағамдарымен
бірдей десе де болады.
43
Қырғызстанда бақ шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуына
орай көкөніс пен жемістердің қоректік үлес салмағы едәуір өсті. Олар қазір
тамаққа ғана қосылмайды, сонымен қатар өздігінен, жеке тағам ретінде
тұтынылады. Әйтседе ұлттық тағамдар курамына енбейді. Тек
Қырғызстанның көкөніс өсірумен айналысатын оңтүстігінде ғана
дақылдардың кейбір түрі, мысалы асқабақ ұлттық тағамдар дайындағанда
кеңінен қолданылады.
Қырғыздар көбіне көк шайды, соның ішінде тақта шайды жақсы
көреді. Олар тақта шайдан сүт қатып, тұз салынған, бұрышталып, майға
қуырылған ұн \бірақ май қоспай\ қосқан/ сүт пен қатынасы 2:1\ қуырма шай
дайындайды.
Қырғыздардың көршілес халықтар тағамына ұқсамайтын тағамдарының
қатарында – көмешті ғана атауға болады. Қөмеш үлкен теңгенің көлеміндей
етіп, күлге көмілген, сөйтіп ыстық сүтке салып, үстіне май және сүзбе
қосылған ұн тағамы.
Достарыңызбен бөлісу: |