ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ИННОВАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Д. Женсхан
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы
Кіріспе. Қазақстан Республикасында ақпараттық-технологияның дамуы туралы мәліметтер әртүрлі. Кейбір мәліметтер «...Қазақстанда ақпараттандыру процесі 90 жылдардан басталды» деп көрсеткен. Бұл кезең ішінде республикамызда компьютерлік техника саны артып, біршама мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар мен ғылым, білім мекемелерінде жұмыс процесі автоматтандырыла бастады. 1996 жылдан бастап елімізде интeрнет жүйесі жұмыс жасап, оны тұтынушылар саны Actis System Asia компаниясының деректері бойынша 2000 жылдың күзінде 360 мыңға жеткен [1]. Ақпараттық сайттар саны қазірде ереше кеңейіп, олардың тақырыпық аясы мемлекеттік басқару органдарының, отандық кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен оқу орындарының ақпараттарымен толығуда. Дегенмен, Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталмаған ғылыми әзірлемелері жеткіліксіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Дамыған мемлекеттермен салыстырғанда ғылым мен инновацияны қаржыландыру деңгейі төмен деп есептеуге болады.
Экономикасы дамыған елдерде соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ЖІӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ (ЕО) өзінің барлық мүшелеріне ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ЖІӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.
Еліміздегі ғылым мен инновацияны қаржыландыру ЖІӨ-ге есептегенде 2005 жылы 0,28%, 2006 жылы 0,24%, 2007 жылы 0,21%, 2008 жылы 0,19% құрап отыр. Келтірілген көрсеткіштер еліміздің ЖІӨ-нің ғылым мен инновацияны қаржыландыру шығындарының Ресеймен салыстырғанда 6 есе, ал дамыған елдер: АҚШ – 12 есе, Жапониямен –14 есе, Қытаймен – 7 есе, Индиямен – 4 есе төмен екенін сипаттайды. Ғылым мен инновацияны қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қатар ғылыми техникалық қызметте жұмыс істейтіндердің жалпы саны 2008 жылы 2004 жылмен салыстарғанда 9,1%, ғылыми зерттеу ұйымдарыының саны 15%-дан астам азайды. Бұл жағдайлар инновацияны еліміздің нақты секторларда дамытудың аса қажет екенін көрсетеді.
Елбасы 2009 жылғы халыққа арнаған Жолдауында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы 2012 жылға дейін 25 есе артуы қажет деп көрсетті. Сонымен қатар жергілікті орындар да өзіндік шараларды қолдануы қажет. Ол үшін жергілікті орындар бос еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, олардың экономикалық жағдайын жақсарту, өндіріс көлемін арттыра отырып ауыл тұрмысының жалпы алғанда еліміздің экономикалық жедел дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты ұйымдастыру кезінде жаңа әдістер мен инновацияларды қолданудың маңызы зор. Бірақ, республикадағы ғылым мен инновацияны қаржыландыру мен олардың қаржылық жағдайы туралы мәліметтер келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Республикадағы ғылымның дамуының негізгі көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |