Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет81/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   320

Annotation


In this article of Korgan Sagynajuly Sholanov, Toleuhan Ermekuly Ermekov and Muratbek Iljasuly Arpabekov «Lagrange-Euler equipment using analysis the choose of manipulator dynamic» the system for serview mountain, and the robort for them, ECM - Computer help them to find the need reason for conture, and the discuess for dynamic of Lagrange-Euler system.


2-Секция: Экология және экономикалық технологиялар /
Экология и технологии экономического развития



    1. ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Дүйсенбек Азанұлы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы


Кіріспе. «Инновация» туралы отандық және шетел әдебиеттерінде әр түрлі анықтама берілген. Инновация ұғымы қолданыста жай болғанымен, мағынасы күрделі. Өзінің эволюциялық дамуында инновация әр түрлі түсінікпен қалыптасты. И.В. Афонинаның пікірінше «әйгілі жүз жылдық метаморфозаны» ұсынған ғалым Джон А. Гобсонның еңбегін ерекше атап көрсеткен [1]. Құнның үш факторына, яғни «жер-еңбек-капиталға» төртінші фактор ретінде «өндірісті» қосып, «ұлғаймалы өндіріс саласы» деген терминді енгізген. Автор, экономиканың соңғы сферасы деп ондағы өндірілетін, игеріліп жатқан жаңа технологияны және капиталдан алынатын пайданы есептеді. Қазіргі кезде ақпараттық қоғамның қарқынды дамуы барысында «ақпарат» бесінші өндірісітік фактор болса, біздің ойымызша, ҒТП-тің қарқынды дамуы кезінде электрондық қызметтердің сымсыз байланыс жүйесінің рөлі экономикалық тиімділігі жағынан қызметтердің алдыңғы қатарынан көрінуде. Демек, қоғам дамуына сәйкес өндіріс факторларының маңызлыдығы артып отыр.
1725 жылы ағылшын экономисі Р. Кантильон кәсіпкердің тек қана стандартты жағдайда ғана емес, сонымен қатар тәуекел жағдайлар мен инновацияда дұрыс шешім қабылдау арқылы өндірістің нәтижесі мен соған сәйкес пайда табу қасиеттерімен ерекшеленеді деп есептеген [2]. Бұл біздің ойымызша, кәсіпкерліктің негізгі қасиеттерінің бірі деп санауға болады.
Қазіргі заманғы инновацияның негізін салушы Й. Шумпетер 1912 жылы өзінің «Экономикалық даму теориясы» атты еңбегінде ең бірінші болып «жаңашыл» және «жаңалық енгізу» деген түсініктерді қалыптастырған болатын, яғни жаңаша ұйымдастыру қабілетімен өнеркәсіптік күштерді біріктіру деп есептеген [3]. Й. Шумпетер «инновация табыстың негізгі көзі ретінде және ол өз кезегінде жаңа комбинациялардың орындалуы болып табылады»-деп жазған.
Белгілі ресей зерттеушілерінің бірі С.Д. Ильенкова инновацияны «...мол материалдық қамтамасыз етудің нәтижесі, жаңа техника мен технологияны капиталдандыра отырып, еңбек ресурстарын ұйымдастырудың жаңа түрі, ұйымдастыру мен басқаруды қоса есептегендегі талдау, жоспарлау әдістерін жаңарту, т.б.» деп қарастырған [4].
Отандық зерттеушілер инновацияны кең мағынада қарастырған. Ф.М. Днишев инновацияны «...белгілі бір саланың тиімділігін арттыру үшін еңбек өнімдері немесе жаңа құрал-жабдықтарды өндіру, тиімділігі жоғары технологиялар, тиімді энергия көздерін қалыптастыру, мүліктерді сақтайтын жаңа құралдар мен құрылғылар, еңбекті ұйымдасытру түрлерін жақсарту, қаржы және саудада қатынастары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудегі адам ой-өрісінің жетістіктерін пайдалану» деп түсіндірді [5]. Б.А. Кембаев, Ф.И. Ахметов, А.К. Тулебаев және В.П. Дзекунов инновацияны «...жаңашылдықты (новшества) әр түрлі сипатталағы – тауарлар мен қызметтерді жетілдіру немесе өндірісті тиімді ұйымдастыру үшін технологиялық, техникалық ұйымдастырушылық және басқа да жаңа әдістерді қолдану» деп тұжырымдаған. [6]. С.Б. Әбдіғаппаровтың айтуынша «инновация­ ғылыми-негізделген идеялардың басым субъектілерімен жаңа енгізулерді және өңдеулерді қамтитын мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамдық өмір деңгейін арттыруға бағытталған мақсаттарға жету үрдісі» – деп көрсеткен. Н.А. Барлыбаева өзінің «Қазақстаннның ұлттық инновациялық жүйесі: даму механизмі мен болашағы» атты еңбегінде нарықтағы табысқа жету инновациялық іс-әрекетке қатысушылардың ықпалымен жүзеге асады. Сонымен қатар «инновацияның өзі қалыптасу заңдылығына сай, «технологиялық қозғаушы күш» пен «нарықтық сұраныс қажеттілігінің» үйлесімінің нәтижесінде пайда болады» деп есептеген [7]. Келтірілген мәліметтердің басым көпшілігінде инновацияны қоғам өмірінің сапасын арттырумен бойланысты жаңа идея ретінде қарастырылған.
Инновация қызмет сипаты бойынша барлық салаларға әсер ете отырып, ҒТП-тің сатылап дамуы кезінде циклдық кезеңдер бойынша сол салалардың дамуына әсер етеді. Оның қоғамдық өмірде тұтыну кезінде нәтижелігі мен тиімділігі жағынан әр түрлі екенін көруге болады. Кейбір инновациялар жоғары нәтижелі және тиімді болса, ал кейбіреулері керісінше болады. Егер пайда болған жаңа идея нақты секторларда қолданылып, оның экономикалық тиіміділігі мен маңыздылығы кең көлемде дами түссе, бұл ауыл экономиксының дамуында мол мүмкіндік қалыптастырады деп санаймыз.
Инновацияның қоғам өміріндегі маңыздылығының артуына байланысты қазіргі кезде мағынасы кеңейіп, инновациялық жоба, инновациялық қызмет, инновациялық инфрақұрылым, инновациялық қор ұғымдары қолданысқа ене бастады.
Инновацияның маңыздылығын зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастыратын болсақ: А. Садуакасов «...инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбай тұрып бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күштерін осы салаға жұмылдырып келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестікті жетілдіруде инновация – өнімнің өзіндік құнын азайту, инвестициялар көлемін арттыру, өнім өндірушілердің имиджін қалыптастыру және жаңа рыноктарды бағындырудағы аса тиімді құралға айналуда» – деп көрсеткен [8].
Р. Алшановтың еңбегінде инновациялық инфрақұрылымның маңыздылығы «...адам ресурстарын капиталдандыруға, қоғамдық капиталдың өнiмдiлiгiн өсiруге, зияткерлiктi қажетсiнетiн қызмет салаларында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған қажеттiлiктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді» – деп көрсеткен және оған: инновациялық бiлiм беру, бизнес-технологиялық кешендерге бiлiктi адам ресурстарын тарту, сондай-ақ технологиялар трансфертермен қамтамасыз ету саясатын жүргiзетін инфрақұрылымдық кешендерді жатқызған [9]. Бұл жерде автордың адам ресурстарының сапалық әлеуетін арттыруға бағытталған салаларға баса көңіл бөлгенін байқауға болады. Біз келтірілген пікірмен толық келісеміз. Себебі, қоғам дамуына сәйкес, адам қажеттіліктері арта түсуде. Осы қажеттіліктерге байланысты шикізат ресурстарына тәуелді емес балама экономика құру үшін ең алдымен оны дамытатын еңбек ресурстарының сапалық әлеуетін арттыратын әлеуметтік салаға баса назар аудару қажет деп есептейміз.
Жаһандану үдерісіне сәйкес, білім беру мен жаңа ақпараттық-технологиямен қамтамасыз ету, интернет және сымсыз байланыс жүйесін сапалы деңгейге көтере отырып, әлеуметтік инфрақұрылымның барлық элементтеріне ауыл тұғындарының толық қолжетімділігін қамтамасыз ету – еліміздің әлеумеметтік-экономикалық дамуына әсер етуші негізгі фактор болып табылады.
Отандық ғалымдар Кенжегозин, Қошанов, Әлиев, Сағадиевтердің еңбектерін негізге алатын болсақ, қай елдің болмасын өндіріс деңгейінің өсуі қазіргі замаға сай инфрақұрылымдардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне тәуелді деп түсіндіреді [10]. Инфрақұрылымның маңыздылығын қазіргі заманғы технологияны енгізуге және әлемдік нарықта бәсекені арттыруға мүмкіндік береді деп көрсете отырып, оған алдыңғы қатарлы дамыған көлік құралдарын, логистика және телекоммуникацияны жатқызды. Біздің ойымызша, бұл пікірде көбінесе өндірістік және материалдық инфрақұрылымдарға баса назар аударылған. Ал қазіргі кездегі инфрақұрылымның ерекшелігі ақпараттық қоғам мен интернет, компьютердің дамуымен маңызы болып отыр.
Инновацияның мәні мен маңыздылығын анықтау кезінде біз оның кез- келген сала дамуындағы ерекше маңызға ие екендігін көреміз.
Қорытындылай келе, инновацияның мәні мен индустриялдық қоғамдағы орнын келесідей сипаттауға болады.
1. Инновация жаңа негіздегі өнер табысы, қызмет түрлері мен шаруашылықты жүргізудің жаңа әдіс тәсілдері, заманауи талаптарға сәкес білім мен ғылымды дамытудың нәтижесінде пайда болатын өндірісті ұйымдастыру мен шоғырландыру, басқарудағы жаңашылдық, жоғары сападағы жаңа өнімдерді ұсыну.
2. Инновацияның қоғамдық өмірдегі маңыздылығы – кез-келген саланың табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында пайда болған жаңа идеялардың нәтижесінен көрінеді. Сол себепті инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбай тұрып бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігі қазіргі кезде барлық елдерде анықталып отыр.
3. Қазіргі индустриялық қоғамда ғылым, білім және ақпараттық технология, интернет, компьютердің маңыздылығы артып, оны өндірісте кеңінен пайдалану өнім өндірушілердің имиджін қалыптастыру, өндірісті жаңа негізде дамытудың әр түрлі мүмкіндіктерін пайдалану, инвестициялар көлемін арттыру, жаңа рыноктарды бағындыру, өнімнің өзіндік құнының төмендеу және басқа да артықшылықтарымен сипатталатын аса тиімді құралға айналып отыр.
4. Инновациялық потенциалды бағалауда экономикалық инновациялық субъектілердің даму мүмкіндігін анықтайтын: интелектуалдық, қаржылық, ғылыми-техникалық, ақпараттық, институционалдық секілді сандық көрсеткіштері, ал инновациялық технологияларды енгізу деңгейі, сапа менеджмент жүйесін енгізу деңгейі секілді сапалық көрсеткіштеріне жаңа ұсынылымдардың қолданыс аясының кеңею деңгейі деген ұғымды қосу маңызды деп есептейміз. Себебі адам ресурстарының әлеуметтік жағдайын жақсартуда рухани, мәдени құндылықтарды арттыруда оның ауқымын кеңейту өте маңызды болып саналады.
5. Республикамыздың нақты секторларының ішіндегі дамуы әлсіз ауыл шаруашылығындағы ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілер заманауи керекті құралдармен толығымен қамтамасыз етілмеген. Техникалық эксплуатациясы бойынша қажетті арнайы мамандандырылған құрылымдармен жарақтандыру, ақпараттар мен экономикалық жағынан тиімді электрондық өнімдермен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Ауыл тұрғындарының өміршеңдік деңгейін арттыру мен ынталандыруда басқару мен ұйымдастырудың бұрынғы әдістерін қолдану тиімсіз. Сол себепті ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жедел арттыруда инновациялық негіздегі механизм керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет