Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет258/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   320
М. Шоқай үлгілі отбасында дүниеге келіп, ұлттық дәстүрдің маңызын толығымен игеріп, өз заманындағы тәрбиенің маңызды қағидаларын бойына
сіңірген. Өзінің туған ауылында мұсылманша және орыс мектебінде оқып одан кейін Ташкентте білімін жалғастырумен қатар Орта Азия халықтарының тарихымен де кеңінен танысады. Одан кейін Ресей жерінде болғанда саяси қозғалыстардың негізгі бағдарламаларымен кеңірек танысып оның мән-мағынасын өздігінше талдап азаттық жолының ақиқаттық жайларына түсіне бастады.
Уақытысында Мустафа Шоқай халқының болашағын ойлап, біз қалайда жеке ұлттық азаттығымызды алуға тиістіміз деген сөзі жай өр көкіректік емес, керісінше оның қазақ ұлтының тарихын біле отырып, оның қандай шынайы мүмкіндіктеріне көз жеткізе білгендігі деуіміз керек (Бәкір Әбдіжәлел. Мұстафа Шоқай. // Жаңа Сарыарқа. – № 6, 2007. – 8 б.)
Сонымен М. Шоқай қазақ және Шығыс мұсылман қауымдастықтарының мүддесін қорғап отаршылдық орыс саясатының мәнін түсіндірген және сол заманда өз әріптестері мен жалпы бұқара халықтың дұрыс жолын бастаған көрнекті дана ойшыл көсемі болған.
Лидердің әрқашанда сөзі анық, сөз саптау мәнері айшықты, әсерлі және айтар ойының маңызды және сондай-ақ өмірдің өзекті жағымен байланысты идеясы бар сөзі ойға қонымды ақылға сиымды әрі шешендік қабілеті болуы керек. Қазіргі көсемдердің ойының рационалдық болуы заман ағымының талабы.
Саяси лидер болсын немесе қоғамдық өмірдің қай саласында істесін мейлі педагог, тәрбиеші ,қайраткер, қолбасшы болғанда олардың білімдарлығы, жоғарғы мәдениеттен көрінгені жөн. Жоғарыда аталған лидерлік қасиеттер ежелден шешендік риторикалық білімнің ережелеріне жатады. (С.Ф. Иванов. Специфика публичной речи. – М.,1978).
Кеңес өкіметі тарихында тоталитарлық орыс саясаты қазақ зиялыларының лидерлік қасиеттерін қалыптастыру былай тұрсын, ұлттық мәдениет, дәстүрдің және тілдің дағдарысқа ұшырауына апарып соқтырды. Бірақ сондай қиын жағдайларға қарамастан Сәкен Сейфуллин, Қаныш Сәтбаев, Тұрар Рысқұлов, Дінмұхаммед Қонаев, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов индивидуалдық және өнегелік болмыс бітімдерін жетілдірмесе, одан айырылған жоқ.
Қазақстандағы белгілі мемлекет қайраткері Кеңес Аухадиев Дінмұхаммед Қонаевтың ұйымдастыру қабілеті асыл адамгершілігі, ұлағатты істері түралы, ерекше лидерлік қасиеттері жайлы толғана жазады. Белгілі себептермен оны қызметінен де алады. Бірақ Д. Қонаевтың дұрыс шешім қабылдап, шиеленіскен саяси іс-әрекеттерден ақиқат жол таба білетіні туралы былай дейді: «Бірақ мен соған бола Қонаевпен көріспей кеткем жоқ. Қиын да болса ол кісінің неге ондай әрекетке барғанын ұғуға, түсінуге тырыстым. Ақырында амалсыз, қыспақта қалған кісінің шарасыздықтан барған ісі екенін ұқтым. Тіпті ол кісіні аядым. Жан-жақтан талап, тұс-тұстан тартқылап, әркім өз жағына икемдегісі кеп, қолдарынан келсе, о кісіне де көкпар ғып тартқысы келгендер болды ғой. Соның бәріне шыдау, шыдай отырып ел басқару, біреуге кектенбей, біреуді қудаламай, әділдіктен таймауға тырысу – бәрі де ол кісіден адам айтқысыз шыдамдылықты, білімділік пен мәдениетті талап етті ғой. Соның бәрі Димекеңнің бойынан, құдайға шүкір, табылды ғой».
Д. Қонаев елімізде ұзақ жылдар бойы жемісті қызмететіп, тек ғана кеңес өкіметінің өкілдерімен емес сонымен қатар сол уақыттағы шет елдердегі ірі саяси, мәдени,ғылыми салалардың көрнекті мүшелерімен қабырғасы тең кемеңгер адам ретінде өзін танытты (Ә. Тәтіғұлов, академик. Азаттық туын биік ұстаған. – Ақиқат, №12. – 2008. – 118 б.)
Ал Қазақстанда Д. Қонаев, Асқаров, Әшімов, Жәнібеков сияқты мемлекет қайраткерлерімен күрделі әлеуметтік мәселелер бойынша пікір алысып, ақыл кеңесін айтып, жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп еліміздің еңсесін түсірмеуге бар күш жігерін сарп еткен ұлы көсемнің бірі болған.
Саясаттану ғылымының зертейтін лидерлік проблемалары түптеп келгенде көздейтін мақсаты еліміздегі тыныштық, тұрақтылық, өзара түсінушілік немесе бірлік екені айқын. Өткен замандағы Тоныкөк, Анахарсис Скифский, Әл-Фараби, А. Яссауи, Майқы би, Әйтеке би, Тәуке би, Қаздауысты Қазыбек, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Махамбет Өтемісов, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов, Алихан Бөкейханов, Қаныш Сәтбаев, Дінмұхаммед Қонаев т.б. ел бірлігін, достығын, ар-ұятты, намысты сақтауды болшақ ұрпаққа асыл қазына өсиет ретінде қалдырған жоқ па? Міне, сол бабалардың елдің тізгінін қалай бекем ұстап, ұлттың түтастығын ешбір жау бұза алмайтын құрыштай берік ережелерін қалдырған ғой.
Сондай асыл ереже мынау емес пе: «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау араз болса – ауыздағы кетеді».

  • Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін. (С. Иетеғұлов Ұлттық дін мен қасиет. // Ақиқат, №3. – 2009. – 62 б.)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет