Annotation In this article G.T. Azembaeva and D.A. Aubakir «The innovative technology of cryptographic protection of the information» is offered on the basis of new results of the theory of numbers innovative technology of protection of the information. It is theoretically proved that for today degree cryptographic stability above, than at existing methods of cryptographic protection of the information.
АБСОЛЮТТІ ДЕМОКРАТИЯ, БАЙЛАНЫС ҺӘМ ЭНЕРГИЯНЫ БОЛАШАҚТЫҢ ҰТҚЫР ТАУАРЛАРЫ РЕТІНДЕ ҚАРМАЛАУ
А.Н. Пивоваров*, Д.Ә.Әубәкір**, Ерабылай Әзен*** *Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ізденушісі һәм «Самұрық-Қазына» Халықтық әл-ауқат
қоры жанындағы «Парасат» холдингі; **Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры;
***Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Математика факультетінің студенті. arkankz@mail.ru
Кіріспе. Болашақта абсолютті байланыс, абсолютті энергия және абсолютті демократия делінетін тауар түрлері нарықты жайлайтыны аян. Олай болмаған күнде:
орнықты даму тұрақтана алмақ емес, ал тұрақты даму болмаса, онда адамзат өркениетінің жойылып кету қаупі күшеймек;
абсолютті – таса байланыс болмаса, онда тың-тыңдау – тыңшылық етек алып, демократияға орны толмас зор нұқсан келеді, яки ол абсолютті бола алмайды;
энергия жеке-бастық және абсолютті болмаса, онда органикалық энергия көздері (көмір, мұнай, газ, отын түрінде қолданылатын ағаш) таусылады да, адамзат тіршілігі қараң қалады, ол орнықты дамымақ түгілі сақталып қалу-қалмауымен басқайғы боп, жүнжіп кетпек;
ал егер демократия абсолютті болмаса, онда қоғам мен қауымдастық іштей, сырттай іріп-шіріп, ланкестік, өркениеттер қақтығыстары, бу-жылу құрдымдарына «қара апанға» жұтылғандай, жұтылып кетпек.