Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
index


Зақымдалуларды 
соттық-ветеринариялық 
зерттеу. 
Зақымдалуларды  анықтауда  зерттеу  нысаны  ретінде  соттық-
ветеринариялық сарапшыға сараптаманың тірі де, сонымен қатар өлі де 
нысандарымен  жұмыс  істеуге  тура  келеді.  Зақымдалу  себебі  бойынша 
тірі  жануарларды  зерттеу  осы  жануарлардың  иелерінің  немесе  жануар 
үшін жауапты тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілуі мүмкін. 
 
 Жануарлардың 
жұмыс  уақытында  зақымданулары  әртүрлі 
кездейсоқтықтың  (жазатайым  оқиға),  қызмет  етушілердің  өздерінің 
міндеттеріне  ұқыпсыз  және  немқұрайлы  қарауының  немесе  адамның 
әдейі  еріксіз  ашу  әрекетінен    зақымдар  алуы  мүмкін.  Өлекседе 
зақымданулар анықталған кезде олардың себебін және өлімге келтірген 
зақымдаулармен байланысын анықтауғы тура келеді.  
Денедегі зақымдарды қарау барысында сарапшы келесілерді ескеруі 
керек:  зақымдану  орнын;  пішінін,  әртүрлі  бағыттағы  көлемін;  дене 
беткейі  бойынша  зақымдардың  өлшемін;  олардың  түрлері  мен 
бағыттарын;  түсін; құрылысын,  ену  тереңдігін;  бөгде  денелердің  енуін; 
шеңберінің  сипатын;  қан  кетудің  орын  алуы  мен  сипатын;  қабыну 
немесе  жазылу  белгілерін;  зақымдалу  сипатына  байланысты  сарапшы 
анықтаған  басқа  да  қасиеттерін.  Зақымдалудың  шоғырлануы  барынша 
дәлме–дәл  көрсетілуі  керек.  Егер,  мысалы,  сарапшы  кеуде  жарасын 
анықтаса, жараның оң немесе сол жақ кеуде жарасы екенін анықтау азға 
соғады,  осыған  сәйкес  бұл  кезде  анатомиялық-топографиялық  және 
клиникалық  тұрғыдан  анықтамалар  қолдану  арқылы,  жараның  нақты 
орналасу  орнын  анықтау  керек.  Осы  кезде  көлденең  және  тік 
сызықтарды  қолдана  отырып,  жараның  қай  қабырғамен,    қандай 
бөлігімен  шектелгенін  көрсетіп  өту  керек.  Табылған  зақымдалулардың 
пішінін 
салыстырмалы 
түрде 
жалпы 
танымал 
геометриялық 
пішіндермен  (шеңбер,  сопақ,  шаршы,  үшбұрыш  және  т.б.)  немесе 
заттармен (крест  тәрізді,  алмұрт  тәрізді  және  т.б.)  анықтау  ұсынылады. 
Егер  зақымның  пішінін  салыстыру  қиын  болса,  онда    «дұрыс  емес 
дөңгелек  немесе  сопақ  пішінді»    немесе  жай  ғана  «пішіні  дұрыс  емес» 
деген сөздерді қолданған дұрыс.   
 
 
 
 
Зақымдану  көлемі  сантиметрмен  өлшенеді.  Өлшеу  барлық 
бағыттарда  жүргізіледі:  ұзындығы,  ені,  биіктігі  немесе  тереңдігі.  Бұл 
өлшемдер зақымның пішіні дұрыс емес болған кезде қиындауы мүмкін. 
Ұзын  және  терең  зақымданулар  кезінде  сондай  зақымдану  осінің 

 
97 
бағытын  анықтау  да  маңызды,  ол  тігінен,  көлденеңінен,  қандай  да  бір 
жаққа қарай еңкіш орналасуы мүмкін. 
Зақымданудың  сыртқы  түрі  мен  түсі  де  маңызды,  өйткені  олар 
зақымданудың дәрежесін, мерзімін және т.б. көрсетеді. 
Зақымданудың  бедерін,  оның  сипатын  да  суреттеу  керек.  Егер, 
мысалы,  зақымдану  ағзаның  беткейінен  шығып  тұрса,  онда  бұл  не 
қанталаулар  не  бөгде  денелер,  немесе  сүйек  ұлпасының  сынықтары 
болуы  мүмкін.  Ену  тереңдігі  тек  қарау  арқылы  ғана  анықталады. 
Зондпен  тексеру  ұсынылмайды.  Зақымданған  жерінде  де,  қоршаған 
ұлпасында  да  бөгде  денелердің  енуі  байқалуы  мүмкін.  Зақымданған 
жердің маңайын да ескеру керек. Егер қанның кетуі байқалса, онда оны 
міндетті  түрде  белгілейді.  Қабыну  мен  жазылу  белгілері,  олардың 
байқалу  дәрежесі  (жара  шеттерінің  жақындауы,  олардың  бітуі, 
грануляциялық, фиброздық немесе тыртықшалық ұлпаның пайда болуы) 
зақымданудың  ескергенін,  оның  қасиеттерін,  жараның  тазалығын, 
емдеудің дұрыстылығын және т.б. көрсетеді. 
  Соттық-ветеринариялық 
тәжірибеде 
зақымдану 
жөнінде 
туындайтын    сұрақтар  алуан  түрлі  болуы  мүмкін.  Олардың  көбісі 
зақымдану  пайда  болған    істің  мән-жайына,  олардың  түр-сипатына,  
орнына,  түріне,  жануардың  жасы  мен  жеке  өзгешеліктеріне, 
зақымданудың  өзінің  ауырлығына  тәуелді.  Егер  зақымдану  қасақана 
зорлықпен  жасалса,  онда  қандай  қарумен  немесе  әдіспен  түсірілгенін, 
олардың  ескілігін  және  т.б.  анықтайды.  Оқтан  болған  қасақана 
зақымдану  кезінде  қандай  қарудан  істелуі  мүмкіндігін,  қандай 
қашықтықта жасалғанын және т.б. анықтау қажет. Бұл сұрақтар сансыз 
көп, және оларды болжау тіпті қиын. 
  Әртүрлі  механикалық  зақымдану  бойынша  сарапшыға  келесідей 
сұрақтар қойылуы мүмкін: 
Дене бүтіндігінің қандай бұзылулары орын алған? 
Бұл зақымдалулар қандай әдіспен келтірілген? 
Бұл зақымдалу жануар өміріне қауіпі бар ма? 
Бұл зақымдалу жазылу және сауығу кезінде жануардың өнімділігіне 
қалай әсер етеді? 
Бұдан  былай  жануар  пайдалануға  жарамды  ма  және  осы  жағынан 
қаншалықты толық құнды болуы мүмкін? 
Зақымдалудың ұзақтығы қанша? 
Егер жануарды лажсыздан сою керек болған жағдайда еті жарамды 
бола ала ма және қандай дәрежеде? 
Осы  және  басқа  да  сұрақтарға  дұрыс  жауап  беру  үшін  әртүрлі 
зақымдардың  патологиясын  зақымдалуларға  қатысты  қандай  да  бір 
бұзылулардың соңы неге әкелетінін білу керек. 
 Механикалық 
зақымдалу. 
Жануарлардың 
механикалық 
зақымдалуларын  шартты  түрде  бөледі:  сызаттар,  қанталаулар,  жаралар, 
орнынан жылжып кету, сынулар, жарылулар, жаншылу.  

 
98 
Сызат.  Эпидермис  бүтіндігінің  бұзылуын  сызат  деп  атайды.  Егер 
зақымдалу  терінің  негізін  қамтитын  болса,  онда  оны  өрескел  немесе 
терең сызат деп атауға болады.  
Сызат  азғантай  құбылмалы  қысыммен  дөрекі  заттармен  жанап 
өткен  кезде  пайда  болады.  Жануарларда  сызаттың  пайда  болуының 
себебі,  бекіту  үшін  белдіктің    және  шынжырдың  және  т.б.  заттардың, 
айдау кезінде ерттеу мен әбзелдерін дұрыс қолданбау болып табылады.  
Олар  алғашқыда  сызат,  ал  кейін  одан  әрі  тереңірек  зақымдаулар 
тудыруы  мүмкін.    Сызаттың  басталуының  алғашқы  белгісі,  мүйіздік 
дистрофияның білінуі ретінде, жүннен айырылу болып табылады. Ұзақ 
механикалық  тітіркену  салдарынан,  тері  жамылғы  түгінен  айырылады, 
жылтырлау  болып  келеді  және  үстіртін  домбыққан  болады.  Әрі  қарай 
бұл себептің әсері жалғаса берсе, эпидермис бүтіндігі бұзылады, қысқа 
уақытта  сол  жердің  температурасының  көтерілуі  және  қалыпты 
жылтырлығының  жоғалуы  байқалады.  Тері  бұдырлы  болады. 
Пигменттелген  жануарлардың  сызаты  бар  жерлері  сол  жердегі 
эпидермистің қыртыстануынан сау теріге қарағанда бірқатар ашық түсті 
болып  көрінеді.  Эпидермис  ұйпа-ұйпа  болады.  Осы  жерде  біршама  тез 
гиперемия дамиды да және домбығу байқалады. Зақымдалған жерлерін 
ауырсынады.  Жаңадан  пайда  болған  сызаттарды  пальпациялау  кезінде 
жануар  айтарлықтай  сезінеді.  Егер  сызат  терінің  қозғалатын  жерінде 
орналасса,  онда  ауырсыну  қозғалған  кезінде  де  байқалады.  Сирақтағы 
орналасқан  сызаттың  мұндай  түрі,    жануардың  ақсауына  себеп  болуы 
мүмкін.  Кейін  сызаттың  орнына  лейкоциттері  бар  серозды  экссудат 
орын  алады.  Ылғал  буланғаннан,  эксудат  өлі  эпителиймен  бірге 
қабықша–қабыршақ  түзеді,  ол  ақау  орнын  эпидермис  жапқаннан  кейін 
түседі. Орташа алғанда қолайлы жағдай кезінде сызат 15-20 күн ішінде, 
жас малдар кәрілерге қарағанда тезірек жазылады. 
Басқа  қолайсыз  жағдайларда,  себебін  жоймаған  кезде,  сызат  іріңді 
қабынумен  асқынады,  ойық  жаралардың  пайда  болуына,  тіпті 
флегмонаның дамуына әкеп соғады. 
Жануарларда 
сызаттың 
болуы, 
соттық-ветеринариялық 
сараптаудың 
көзқарасы 
тұрғысынан, 
біріншіден, 
адамдардың 
жануарларға  немқұрайлы  қарауын  көрсетеді,  екіншіден,  жануардың 
жұмысқа қабілеттілігін төмендету мен ауыршаңдыққа әкеп соқтырады.  
Қанталаулар.  Тері  астындағы  және  басқа  да  жабындылардың 
астына  қанның  құюылуын,  зақымдалған  ұлпаларға  қанның  сіңуін  – 
қанталау деп аталады. Егер  қан құюлар кезінде, ұлпалар ажырап және 
қан  жасанды  қуысқа  жиналса,  онда  гематома  пайда  болады.  Ұсақ  қан 
құюлар  нүктелі  (экхимоздар),  дақты  (петихиялер)  және  жолақшалы, 
жеке  немесе  көп  болып  келеді.  Олардың  барлығы  жарақаттанған  кезде 
зақымдалған  қан  тамырларынан  айтарлықтай  қанның  құйылу 
салдарынан  болады.  Мұндай  жануарларда,  әсіресе  ауқымды  жарақатты 

 
99 
қан  құюлар,  кейде  дөрекілік  көрсеткенде,  сабап,  қорлағанда  және  т.б. 
туындайды. 
Ұсақ  қан  құюлар  тері  беткейінде  онша  білінбейді  және  оларды 
жарып-сойған  кезде  ғана  анықталуы  мүмкін.  Тірі  кезінде  жануарларда 
жарақатты  қанталауларды  анықтау  қиынға  соғады,  тек  олар  тері  асты 
шелінде  орналасып,  белгілі  бір  мөлшерде  ұлғайған  кезде,  сипалағанда 
ғана суық түрде білінеді. Сараптау мақсаты ретінде қанды анықтау үшін 
қанталау  маңынан  қаны  қоюланғанша  дейін  диагностикалық  пункция 
жасауға болады. 
  Аққан  қан  ағза  үшін  өлі  дене  болады  және  өзгеріп,  сіңіріледі. 
Қанталаудың  түсі  бойынша  қан  құюлуының  ескілігін  жоруға  болады. 
Алғашқы  сағаттарда  және  бір  тәулікке  дейін  оның  құрамында 
оксигемоглобин  болады  және  қанталау  қызыл  түске  ие.  Гемоглобин 
оттегін  жоғалту  барысында  екі  тәулік  ішінде  қанталау  ашық  қызыл 
түстен  қошқыл  қызыл  түске  дейін  өзгереді.  Гемоглобиннің  ыдырауы 
қанды  пигменттердің  түзілуіне  әкеледі,  олар  қанталауға  алғашқыда 
қоңыр түс, ал кейін сары-қоңыр және сары-жасыл түс береді. Қанталау 
7-12 күннен, кейде одан ерте сары түске ауысады.  
Фиброногеннен фибрин түзіліп, қан ұюғаннан кейін лейкоциттердің 
ферменттері  протеолитикалық  (еру)  әсерге  ұшырайды  және  қанның 
сұйық  бөлігімен  сіңеді.  Зақымдалған  ұлпалар  толығымен  қалпына 
келеді.  Ауқымды  қанталаулар  мен  гематомалар  кезінде  ұлпа  қалпына 
келмей,  нәтижесінде  фиброзды,  ал  кейін  тыртықты  ұлпа  орын  алуы 
мүмкін.  Кей  жағдайларда  мол  және  ауқымды  канталаулардан 
ұлпалардың  некрозы  (өліеттенуі),  одан  кейін  ыдырау  өнімдерінің 
улануы, дене температурасының жоғарылауы, жіті қаназдық, тіпті өлім 
туындауы  мүмкін.  Егер  қан  тіршілікке  маңызды  ағзаларға,  әсіресе  бас 
миына қан құйылса, аздаған қанталаулар да өлімге себеп болуы мүмкін. 
Жануарлардың  жарақатты  қанталаулары  жануарды  өрескел  
қараудың  дәлелі  екендігін  анықтағанда,  сарапшы  оның  орналасуын, 
мөлшерін, санын, қанның жағдайын және т.б. сипаттау керек.
 
Сонымен 
қатар,  бір  уақытта  осы  жердегі  тері  жамылғысының  бүтіндігіне, 
сызаттардың болуына және бүлінгеніне қарайды. 
Өлген  малдың  терісін  алғаннан  кейін  анықталған  қанталаулар  ең 
сенімді  дәлелдемелер  болады,  дегенмен  оларды  өлекселік  дақтармен 
шатастырып алмау қажет. Ең басты қанталаулар қоршаған ұлпадан күрт 
бөлінген, жиі тері асты шелде көтеріңкі шығып тұруымен өзгешеленеді. 
Ұлпалар  арасында  немесе  ұлпаның  тілінген  беткейінде  ұйған  қанның 
белгілі  бір  мөлшері  анықталады.  Ал  өлекселік  дақтарда  мұндай 
қасиеттер жоқ. 
Жиі жағдайда қанталауларды – жануарлардың әр түрлі ауруларында 
өздеріне-өзі  жарақаттар  туғызатынын  ескерген жөн.  Әсіресе  жануарлар 
қатты еденге бірнеше рет құлағанда, тұрып қайра құлағанда немесе ұзақ 
уақыт  тұра  алмай  жатып  қалғанда  болады.  Осындай  жағдайдағы  

 
100 
жарақаттанудан  пайда  болған  қанталаулар,  жиі  бас  аумағында,  бет 
сүйектерінде,  қабақ  асты  доғада,  жауырын-иық  буыны  деңгейінде, 
жамбас сүйектің дөңесінде анықталады.   
Атап  кететін  жайт,  қанталаулар  сол  жерде  дамыған  өлекселік 
дақтармен жамылып қалу мүмкіндігін естен шығармаған жөн. 
Жаралар. 
Жұмсақ 
ұлпалардың 
механикалық 
зақымдалуы  
нәтижесінде  тері  жамылғысының  тұтастығының  бұзылуын  жара  деп 
атайды. Олар кілегей қабықтарда да болуы мүмкін. Соттық медицинада 
зақымдалудың осы түрін жиі кездестіруге болады.   
Жаралар 
алуан  түрлі болуымен өзгешеленеді.  Морфологиялық белгілеріне қарай 
келесі жаралар түрі бар: 
 
 
 
 
 
 
 
 
1) беткейлік – терінің тек бетін ғана зақымдайды; 
 
 
 
2) терінің барлық қабатынан өтіп, тері асты шелге дейін жетеді; 
3)  терең  –  теріден  басқа  терең  жатқан  ұлпалар,  бұлшық  еттер, 
сіңірлер, шеміршек ұлпасы, жүйкелер және т.б. зақымдалуы мүмкін; 
 
4)  ішке  енетін  –  ол  қандай  да  бір  жабық  жерді  сыртқы  ортамен 
байланыстырады. Ол кеуде, құрсақ, бас қуыстарына,  сонымен қатар сол 
қуыстардың  мүшелерін  де  (перикард,  жүрек,  қарын,  ішек  және  т.б.), 
буындарға және т.б. іштеріне енетін жаралар болады. 
 
 
 
Жаралар  шеттері  мен  айналасының  жағдайы  бойынша  қарапайым, 
соның  ішінде  операциялық  және  асқынған,  немесе  қабынған,  аймағы 
үлкен  жаралар  болып  бөлінеді.  Шеттері  түзу,  тегіс  жаралар,  мысалы, 
кесілген жараларды, зақымдану аймағы шектелген қарапайым жараларға 
жатқызуға болады. Айналасындағы және тереңдегі ұлпалар жыртылған, 
жаншылған,  қанды  күшті  сіңірген  жараларды,  зақымданған  аймағы 
үлкен асқынған жараларға жатқызуға болады. Бұл категорияға соғылған 
жаралар тән. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаралардың  түсірілуі  бойынша  соғылған,  тілінген,  жыртылған, 
шаншылған, шабылған және оқ тиген болып бөлінеді. 
 
 
 
Әсер  етуші  күштің  бағыты  бойынша  перпендикулярлы,  қиқымды, 
сегментарлы, жанама немесе тангенциалды жаралар деп ажыратады. 
 
  Жараның қалыпты жағдайы үнірею болып табылады. Ол ұлпаның 
иілгіштігімен  сипатталады.  Көптеген  ұлпалар  қалыпты  жағдайда 
керілген  жағдайда  болады.  Зақымдалғанда    керілу  жағдайы  бұзылады, 
ұлпалар арасында кеңістік пайда болады.  
 
 
 
Жараның үңіреюінің көлемі мен дәрежесі бұлшық ет талшықтарына 
қатысты зақымданудың бағытына байланысты болып келеді. 
 
 
  Жаралардың  организмге  әсері  әрқалай:  кейбір  жаралар  жылдам 
және  жеңіл  жазылады,  ал  басқаларына  ұзақ  ем  қажет  және 
асқынулармен  сипатталады,  үшіншілері  болса  жануарлардың  өлімімен 
аяқталады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Жараның  жазылуы  оның  сипаты  мен  қасиетіне,  ағзаның  жалпы 
резистенттілігіне  және  иммунологиялық  реактивтілігіне,  тазалығы 
немесе  ластануының  дәрежесіне,  микроорганизмдердің  бар-жоғына, 

 
101 
бөгде  денелердің  және  өзге  де  жағдайларға  байланысты.    Таза,  әсіресе 
операциялық жаралар   алғашқы  тартылу  кезінде  жазылады,  бірақ 
көптеген  жарақаттар  зақымдану  аймағының  үлкендігіне  байланысты 
екіншілік  тартылу  кезінде  жазылып  жатады.  Беткейлік  жаралар  әдетте 
қабыршықтың  астында  жазылады.  Терең  және  асқынған  жаралар  және 
жазылу  кезінде  пайда  болған  тыртықтар,  тіпті  жақсы  пигменттелген 
терінің  өзінде, тері пигменттелмеген  болып қалады.  
 
 
 
Орнынан  жылжу.  Жарақат  алудың  нәтижесінде    жарықтар    және 
ішкі  ағзалардың  әртүрлі  жылжу  жағдайлары  орын  алады.  Көп 
жағдайларда  ит  пен  жылқыларда  диафрагманың  травматикалық 
жағдайына байланысты асқазан және ішектің жылжып кету жағдайлары 
белгілі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Буынның  шығуы.  Бұл  жағдай  көбіне  буындарды  құрайтын 
сүйектердің  ұштарының  жылжып  кетіп,  анатомиялық  қалыптың 
бұзылуы  буынның  шығуы  деп  аталады.  Буынның  шығуы  толығымен 
болған  жағдайда,  буын  сүйектерінің  беткейлік  жанасуы  толығымен 
бұзылады.  Кей  жағдайларда  буынның  шығуы  жартылай  немесе  толық 
емес шығуы кездеседі. Жиі мұндай оқиғалар,  қалыпты жағдайда үнемі 
қимылдайтын  және  де  физикалық  ауыртпалық  көп  түсетін  буындарда 
орын  алуы  мүмкін.  Шығып  кеткен  жағдайда  аталған  буындардың 
конфигурациясы  бұзылып  қана  қоймай,  осы  жерде  шұңқыр  немесе 
төмпешік  пайда  болып,  сирақтардың  қысқаруы,  ақсаңдау  және 
ауырсыну белгілері байқалады. 
 
 
 
 
 
Сынықтар.
 
Сынық  деп  сүйектің  жартылай  немесе  толық  сынуы, 
қандай-да бір күштің әсерінен болады. Қағида бойынша, сүйектің сынуы 
кезінде  азды-көпті  айқын  байқалатын  бұзылулар  және  басқа  да 
ұлпалардың  зақымдалуымен  қосақтаса  жүреді,  яғни  сүйек  қабығының, 
бұлшық еттердің, жүйкелердің, қан тамырларының және т.б ағзалардың 
бүтіндігінің  бұзылуына  әкеледі.  Жануарларда  сынықтар,  буынның 
шығуына қарағанда жиі кездеседі.   
 
 
 
 
Сынықтар  жарақаттық  және  патологиялық  процесстер  салдарынан 
болуы  мүмкін.  Осы    түрдегі  сынықтар  тек  қана  белгісіз  жарақаттардан 
ғана  емес,  жануардың  өздігінен  сыртқы  әдеттегі  өмір  сүру 
жағдайларында  да  болады.  Бұл  төлдің  рахиті  кезінде,  ал  ересек 
жануарларда  остеодистрофия,  тістердің  және  астыңғы  жақ  сүйегінің 
жегісінде  кездеседі.  Жиі  жануарлар  жайылым  жағдайында  ұстағанда 
олар бірін бірі соққылап түрлі механикалық жарақаттар тудырады, осы 
кезде  көбінесе  артқы  аяқтардың  және  қабырғалардың  сынуы  болады.  
Кей уақытта адамның жануарға қатал күтім жасау салдарынан сынықтар 
болуы  мүмкін.
 
Жылқының  ортан  жілік  мойнының  немесе  шонданай 
сүйегінің  сынуы  сауырға  тиген  соққыдан  болады

Жамбас  сүйегі  және 
ортан  жіліктің  сынығын  анықтау  қиын  және  болжауға  қолайсыздық 
тудырады.  Сол  себепті  ауыл  шаруашылығы  малдарының    мұндай 
зақымдануларын  емдеген  тиімсіз  болғандықтан,  көбіне  малды 

 
102 
лажсыздан  сою қажеттілігі жөнінде қорытынды береді. 
 
 
 
 Сынықтарды  ашық  және  жабық,  толық  және  толық  емес,  күрделі 
деп  бөледі.  Ашық,  толық  және  күрделі  сынықтар  айналасындағы  тері 
мен  ұлпалардың  зақымдануымен  қатар  жүреді.  Соның  салдарынынан 
ұлпаның терең және үлкен зақымдануына ұшырап, содан соң ол жердің 
ластануы орын алады. Ірі қан тамырлары үзілген жағдайда көп қан кетіп, 
нәтижесінде  соңы  өлімге    әкелетін  қан  кетуі  ықтимал.  Бірақ  та,  аяқ-
қолдың  ашық  сынығына  қарағанда, бас  сүйегінің жабық  сынығы  үлкен 
қауіп-қатерге алып келуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. 
 
  Рентгенологиялық  зерттеу  жүргізу  арқылы,  сүйек  сынуының 
балауын, гипсті таңғышты салып және жазылуын болжауға манызды рөл 
атқарады.  Соңғы  шешім  қабылдар  алдында,  біріншіден  екі  әртүрлі 
проекцияда зерттеу жүргізу қажет.  
 
 
 
 
 
Оқтан  болған  жарақаттар.  Оқтан  болған  жарақаттарға  -  оқтан, 
бытырадан,  шрапнельден,  снаряд  жарықшақтарынан,  гранаттардан, 
бомбалардан,  сонымен  қатар  жануар  денесін  жоғары  температурамен 
және  газбен    жару    салдарынан  пайда  болған  зақымдануларды 
жатқызады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Оқтың  жануар  денесіне  әсерін  төрт  түрге  ажыратады:  тесілген, 
сына  тәрізді,  соққылаған  және  жарылған.  Күшті  жылдамдықпен  келген 
оқ  ұлпаларды жұлып өтіп,  саңылау пайда болады. Оның пішіні домалақ 
немесе сопақша болып келеді және орнында тиісінше ұлпасы болмайды. 
Осылайша,  ұлпаның  тұйықталмаған  ақауы  пайда  болады.  Өлген 
малдарда оқтын кірген саңылауын терінің ішкі жағынан,  бас сүйегінен, 
жауырыннан  және  жамбастан  оңай  анықтауға  болады.  Егер  оқтың  ұшу 
энергиясы біршама әлсіз болса, онда оқ сына тәрізді саңылау туғызады- 
алғашқыда  теріні  созады  да,  кейіннен  жыртады,  салдарынан  жарық 
немесе  жұлдыз  тәрізді  саңылау  қалдырады.    Оқтың  соққылаған  немесе 
жарымжандық  әсері  соққы  күші  таусылғанда  болады.  Мұндай 
жағдайларда оқ қанталаулармен бірге сызат және жарақаттар тудырады. 
Оқтың жарылғыш әсерінен зақымданған ағза, оқтың көлеміне қарағанда 
көп  аумағы  жарылады  және  бұзылады.  Мұндай  оқтардан  кейін,  кең 
жыртылған  жаралар  және  радиалды  бағыттағы  жарықтар  туындайды.  
Егер  оқ  қандай-да  бір  қатты  денеге  соғылған  жағдайда,  оқтың  әртүрлі 
дәрежедегі  пішінінің  өзгеруі  байқалады.  Егер  оқ  тік  бағытта  емес, 
қиғаштап  келіп  қатты  денеге  тисе,  онда  зақымдалу  түрі  басқа  сатыда 
өтеді,  кейде    бір  жерге  тиіп  сосын  қайта  басқа  жерді  де  зақымдауы 
мүмкін.  Осы  жағдайларда  оқ  жиі  пішінін  өзгертеді,  бұзылады,  тепе-
теңдігін  жоғалтады,  кейде  домаланып  ұшып,  салдарынан  жарақаттану 
және  ұлпалардың  жарылу  аумағы  ауқымды  болады.    Тесіп  өткен 
жаралардың  өзіндік  ерекшелігі-кірген  және  шыққан  саңылау  көлемі: 
яғни  шыққан  саңылау  әрқашанда  кірген  саңылауға  қарағанда  үлкен 
болып тұрады.   
 
 
 
 
 
 
 

 
103 
 
Оқтан  болған  жарақаттарды  сараптағанда,  келесі  сұрақтар 
туындайды:  
1) Жарақат шынымен де оқпен атылатын қарудан болғаны анық па?
 
2) Оқтын атылуы қай бағытта болды? 
 
 
 
 
 
3) Оқтын атылуы қай қашықтықта болды?  
 
 
 
 
4) Қандай қарудан? 
 
 
 
 
 
 
 
 
5)  Егер  жарақаттану  бірнешеу  болса,  онда  олардың  реттілігі?
 
Жоғарыда  аталған  және  өзге  де  сұрақтарға  жауапты,  айғақты 
дәлелдемелерге негізделе отырып беру керек. 
 
 
Соттық -ветеринариялық сараптама қорытындысының 
мысалы. 
 
  (Иттің  механикалық  фактордың  әсерінен  өлуіне  байланысты, 
17.03.97  ж  Мәскеу  қ.,  Нижнегородск  шағын  ауданы  ІІО  №75748 
қылмыстық іс материалдары). 
Сарапшылардың 
тексеруіне 

Ветеринариялық  медицина  және  биотехнология  Мәскеу  Мемлекеттік 
академиясының 
патологиялық 
анатомия 
және 
физиология 
кафедрасының меңгерушісі
 
профессор А.В.Жаров және оның ассистенті 
В.Д.Илиешаға  оперөкілетті  И.В.Нагорянский  5  айлық,  қара-ақ  түсті 
шотланд овчаркасының өлексесін алып келді.   
 
 
Сараптама жүргізу үшін келесі сұрақтар қойылды:   
 
 
1. Иттің өліміне не себеп болды?   
 
 
 
 
 
2.  Өлекседе  қандай  өзгерістер  болды,  егер  бар  болса  ол  өлімге 
дейін болған ба, әлде өлгеннен кейін болған ба? 
 
 
 
 
3.  Жануардың  денесіндегі  жарақаттар  қарудың  қай  түрімен 
жасалған?   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4. Өлім жарақаттың себебінен болуы мүмкін бе?  
 
 
 
5.  Жануардың  өлімі  жарақат  алғаннан  кейін  қай  мезгілде  орын 
алды? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет