Б. С. Оралбекова 05 ж


-дәріс. Келіссөз және оны жүргізу. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы. Амалдары мен тиімді жолдары



бет12/27
Дата07.02.2022
өлшемі123,06 Kb.
#90043
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
09cbc67e-b6b8-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД конфл

7-дәріс. Келіссөз және оны жүргізу. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы. Амалдары мен тиімді жолдары. 2 сағат.
Қарым-қатынас серіктерінің жеке-психологиялық ерекшеліктері (мұғалімнің де, оқушылардың да, студенттердің) көбінесе коммуникативтік қиындықтардың себебі болады. Оның түсіндірілуі, біріншіден, осы қиындықтар кем дегенде үш күштердің өзара байланысы мен өзара әрекеттерінің нәтижесі: оқытушының, студенттің даралық –психологиялық ерекшеліктері және олардың бір-бірін қабылдауы.
Е.А. Климов атап көрсеткендей, адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі – олардың қиналмай қарымқатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі.
Шиеленіскен жағдайларды алдын алу, оны басқара білу, ұжымдағы психологиялық ахуалдың сақталуы үшін түрлі әрекеттер қолданылады:

  • шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;

  • қарсы жақтағыларды ортақ келісімге келуге икемдеу; - толеранттылық;

  • ынтымақтастық;

  • келісімге, мәмілеге келу (компромисс)

  • шиеленісті жағдайды тиімді шешудің жолдарын қарастыру; - «оқытушы-студент» қатынасын сақтау.

Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп, бірлесе отырып қызмет атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы – ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы өмір тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан қалайда қарсыластардың өзара қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы үшін аяққа тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы атақ әпермейтіні мәлім.
Кедергілерді жеңудің тәсілдерін таңдау өз кезегінде, және тұлғаның эмоцианалды тұрақтылығына, өз көзқарастарын қорғау құралдарының болуына, биліктің және басқа көптеген факторлардың көлеміне тәуелді. Психологиялық түзету жұмысының мақсаты қақтығысты жағдайларды шешуге, алдын алуға, өзара үйлесімді қатынас орнатуға және тб. сипатта ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет