Бақ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013


«Возрождение аралының құпиясы»



бет5/18
Дата29.12.2021
өлшемі329,5 Kb.
#106001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise7069
Әтак 5 дарис
«Возрождение аралының құпиясы»

Атамекен

Адамға табиғат берген байлықтардың бірі – ауа. Ауасыз тірлік жоқ. Сондықтан өзге де табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Қазіргі кезеңде шаруашылық тардың теріс әрекеттерә мен өндіріс құрал – жабдықтарытабиғатқа күн сайын әсер етіп, ықпалы барған сайын ұлғайып отыр. Оның қолайсыз әсері ауаны, су көздерін, топырақты, жер ресурстарынолармен тығыз байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесін білдіруде Бұл түптен келгенде адамның өмірі мен денсаулығынаелеулі кауып төндіріп отыр. Демек шаруашылық әрекеерін ең алдымен ластанып, зардап шегетін - жер, су, ауа. Міне осған орай кешегі тоқырау кезінде суармалы егістік жерлердің шамадан тыс ұлғайтылуы Әмудария мен Сырдария өзендері суының 70-*80 процент су қорын, әсіресе, мақта мен күріш егістіктерін суғаруға, яғни бір сөзбен айтқанда , құмға сіңіп жойылып кетті.

Сондай-ақ, осының әсерінен соңғы 20-30жылдың шамасында халықты асырап, қатардан қалдырмаған яңни өмірдің көзі болған Арал теңізінің деңгейі 17 метрге түсіп, су көлемі жартылай жойылып кетті. Мақта өсірі технологиясындағы басқа егіншіліктерде де көптеген улар -әрқилы пестицидтер, гербицидтер, бұдан басқа түрлі химиялық тыңайтқыштар қолданылады. Олар сол қолданылған жерлеріне жерге сіңіп қалып қоймады, қайтадан Әмудария мен Сырдарияға құйылды. Міне, осындай өзен суының тұздануы мен улануынан оның суы мен суғарылып жатқан егіншілік алқап уланды. Сөйтіп, топырақтағы улы нәрсе шөпке өтеді. Шөп арқылы мал иен аңның етіне сіңеді. Жалпы өзен суында тек егістіктен шыққан улар ғана емес, сонымен бірге өндірістік қалдықтар – мұнай өнімдері, фенолдар таты, басқалар да бар. Бұған бір ғана мысал,обылыс егіс алқаптарында өздігінен су шықпайтын жерлер бар. Міне,жаз шыға обылыста Сырдария бойына мыңға тарта насос қондырғылары орнатылып, олар күріштіктерге, басшылықтарға және шабындықтарға су айдайды. Бұл орнатылған насостардың жанында қалдық жұмыс атқарғанмайларды құйатын арнуалы ыдыстары болмағандыұтан әлгі мұнай қалдықтары араласқансу двигательдің астымен ағып, қайтадан дәрияға кетіп жатады.

Ал насос орнатылған жерлерге май сіңіп, ол тұрған жердің беті қара күрең майлы топыраққа айналады тіпті қылғаланып қайтадан дарияға ағады. Сөйтіп дария суындағы пестицидтер мен нитраттарға әлгі мұнай қалдықтары қосылып, оның өттегілік режимін бұзады. Яғни, бір сөзбен айтқанда ең уланатын да ол малдың етін, егістің өнімдерін улы судағы балықты жейтін адам болып шығады.

Сонымен бірге біздің өңірдің ауасы да зиянды. Өйткені іргедегі жатқан теіңз ұлтанынан шаң, тұз желдің ісерімен көтеріліп, тұған қаламыздың атмосфералық ауасын ластап, төңіректегі егістіктерді, маңайдағы жерден өсіп шығатын шөптерді басып тастап отырады.Сөйтіп әлгі жерден өсіп шығатын кейбір өсімдік түрлерін жер бетіне шығариайды, ал шыққаны болса қурап ұшып кетеді. Міне, осының әсерінен күні бүгін ауадан көлемінде аурутүрлері көбейген үстін – де көбейіп отыр. Мысалы, ббүйрек, жүрек, қан қысымы, қуық, өтте тас пайда болуы, анемия тағы басқа ауру түрлері өте көп Әсіресе, соңғы кездері есі кеміс, психика ауруы көбейіп, яғнм өзін-өзі асып өлтіру тіпті етек алып бара жатыр. Соңғы бір-екі жылда ауруы түрін емдейтін аурухананың ашылуы бұл айтқан сөзімізге толық дәлел бола алады.

Сонымен бірге бұл қңірдегі кейбір малдардың күніне жетпей, әш тастайтыныда көбейіп барады. Мұның өзі 1946 жылдан бастап химиялық және экологиялықбомба жасау жөніндегі қупия әскери мекемелердің лаңы екен. Олардың осы бағытта сынақ жүргізгенін бүгінгі күні ақпарат құралдары –газеттер мен телерадио арқылы оқып булуп отырмыз. Сол кезде біздің Қазақстан Республикасы территориясында осындай химиялық бактериологиялыққару жасайтын құпия сынақ орталыға болған.Бқл Арал теңізінің ортасындағы «Возрождение» аралы еді. Онда биологиялық, химиялық қару эасайтын сынақ болыпты. Негізінен мұнда бруцеллез, оба,шешек және безгек ауруларын қоздырғыш бактериялар сыналған екен.

Мысалы соңғы 4-5 жыл тұсында теңіздің батыс беткейінде орналасқан осы жердегі «Ауан»деп аталатын еді мекенде оба ауруы бұрық түсті. Бұдан кейбір үйдің жанұлары түгелдей қайтыс болды. Сол кезде Мәскуеде атағы бар күшті дәрігерлер келіп оба ауырумен ауырған адамдарды емдей бастағанның арқасында ғана көптеген жан ұялар ажалдан аман қалды. Сол жылдардан бастап обаға қарсы күресу станасы аудан орталығы Арал қаласында да ашылды.

Ал оба ауруының негізгі шығу себебін сол келген дірігерлер үй және дала тышқандарынан таоалған деген қортындыға келді . Осыдан бері кей жылдары аудан көлеміндегі елді мекенге жақын учаскілерде оба аурумен ауратын жәндіктер көбейе бастады. Аудандағы обаға қарсы күресу стансасы оны болдырмау жөнінде күресіп те келеді.

1970-75жылдарда Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ Республикасының Мойнақ қаласына жұмыс жөніндегі іс- сапапрмен моторлы кеме қайығы арқылы жүзіп бара жатқан кездерімізде сол «возрождение» аралының жақын тұстарынан өлген балықтардың да бірнеше түрлерін мен қз көзіммен көрдім. Олар сол тұстағы теңіз суыныңбетінде қалқып жүретін. Демек, ол кезде бұл балықтардың неден өліп, су бетінде қалқып жүргенін білмейтін едік. Ал қазір мұның сол кезде «Возрождение» аралында химиялық, бактериологиялық соғыс қаруын сынаудан екенін біліп отырмыз. Менің пікірімше, бұл өңірдегі ауаның ластануы ауырып өлген балықтардың, болмаса басқа да су жәндіктердің қаңөасынан ауаға ұшқан жағымсыз микробтардың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен бірге соңғы бір-екі жылда аудан көлеміндегі адамдардың денесіне сары жара – шиқан түрлері қаптап кетті. Бұрынғы кезде адамдарға шыққан мұндай жаралар түрі бір жетіге жетпей- ақ өзінен-өзі жазылып кететін.Ал бүгінгі кезде бұл өнердегі адамдардыңденесінен шыққан осындай жаралар тіпті 2-3 айға созылып, тек қана дәрігерлердің көмегі арқасында әрең дегенде жазылады.Ал тіпті кейбір түрлері адам бойында жылдап жылдап жүре берді. Өйткені мұндай жара түрі әуелгі кезде дененің бір жеріне шығып жазала бергенде тағы дененің екінші,үшінші жеріне шығып қайталай береді. Қазір бұл жара тек қана операция жасау жолы арқылы жазылады. Ал кейбір түрлері тіпті жазылмайды. Сонда мен ойлаймын, бұл төңіректегі тіршілік етіп жатқан қазіргі адамдардың денесіндегі қанның құрамында әртүлі улардың түрлері бар – аудеп. Сондықиан да адамдардың түрлері кеселді ауруларға ұшыраудың негізгі түйіні осыдан деп білемін.

Жалпы «Возрождение» аралында көп жал бойы химиялық батериологиялық қаруды сынаудың құпия, жасырын түрінде жасалуы бұл өңірдің, жер, су, ауа, құрамын радиациямен уланған.

Сонымен бірге бізге жақын «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы көп жылдан бері ұшып жатқан зымырандар атмосфералық ауаның радиактивтілігін көбейтіп отыр. Осының әсері болуы керек, бұл өңірде республика бойынша балалар өлімі аса жоғары.Ал адамның орташа өмір жасы тым қысқа. Сондықтан «Арал өңіріндегі экологиялық қасрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» қабылданған заңды тез жүзеге аыру кезек күттірмейтін міндет. Онсыз бұл өңірдегі адамдар ауырып, өле беретін болды.

Қорта айтқанда, аянышты Арал тағдыры үкімет дәрежесінде тез әрі шұғыл шара алуды керек етеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет