Бақ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013



бет4/18
Дата29.12.2021
өлшемі329,5 Kb.
#106001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise7069
Әтак 5 дарис
Әлемдегі әйгілі апат

Газеттің «Әлемге әйгілі ....» атты жаңа айдарының айасында біздің елімізге қатысты материалдар да ауық-ауық беріліетінін айтуға болады. Мысалы, дүние жүзіне мәлім табиғат ғажайыптары қатарында қазақтың Сарыарқасының алқабына ғайыптан орнай қалғандай әсер қалдыратын Көкешетау, әлемге әйгілі қазыналар қатарында Алматының маңындағы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», барша жұртшылық білуге тиіс кереметтердің ішінде бір де біршегесіз тұрғызылып,10 балл зілзалаға шыдас берген Алматыдағы кафедральды сбор сияқты елдің еңсесін көтеріп ұлттың рухын биіктететін ғажайыптар әлемдік ауқымда танымал екендігін жан сүйсінсе, дүние дидарындағы аса ауқымды апаттардың қатарында айдынды Аралдың тартылуы енгені,әрине, қөңілді құлазытады. Арал апаты- теңізді тартылуына байланысты Орталық Азияның алып аймағындағы адамдарға, табиғатқа өсімдіктермен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апа. Әлгі айтылған кітапта Жер жарылып, су аққалыбергі ең ерекше жүз апат табиғи апаттар және техногенді апаттар деп екіге бөлінген. Олардың алғашқысында Тәуіратқатүскен әлемдітопан су қаптауынан бастап 1998 жылғы тамыз да Оңтүстік және Шығыс Каролина штаттарын жайпап өткен «Бони» дауылына дейінгі аралықтағы табиғи апаттар еңгізілсе, екінші түріне техногенді яғни адам қолымен жасалған апаттар жатқызылған. Бір замандарда гүл жайнаған Сахараның құм суырған шөл далаға айналуынан Чернобль сұмдығына дейінгі аралықта адамзат баласы куәболған апаттардыңбел ортасында Аралдың тартылуы атты қасірет тұр.

Айдың күннің аманында,айналасы қырықшықты жылда бүтінбір теңіздің жер бетінен жойыла жаздауғажақын тұрғаны – кешегі коммунистік жүйенің планетада қалдырып кеткен ең кесірлі қолтаңбасы.

1713 жылы Маңғыстау түркімендердің елшісі Қожа Непес Петербургке «ақ патшаның» алдына жетіп, өзінің адам таңғаларлық ұсынысын айтты: Ресей бары-жоғынан да хабары шамалы алыстағы бір елде шөл даланы көктей өтіп Әмудария деген қуатты өзен ағып жатыр екен. Әлгі өзен бұрын Каспийге құйған, енді Арал теңізіне құяды. Егер өзеннің арнасы қайтадан Каспийге құйатындай етер болса, онда орыстар Еділден шығып, Каспийге өтіп, әрі қарай Әмударияны бойлап Индия өзенініңбастауына жете алар еді...

Қарап тұрса шынында да елеңдетерлік-ақ ұсыныс. Ұлы Петр Индиядағы су жолымен жетудің түйінін тарқата аламай-ақ жүрген болатын, оның үстіне Әмударияның жағасына жақын жердегі алтын шығатын мекендер туралы әңгімелер де патшаны әбден желіктіріп-ақ жіберді.

Ақыры мұсылмандар Дәулет-Керей деп атап кеткен кавказдық князь А.Бекович-Черкасский басқаратын ірі экспидиция жасақталып Хиуаға аттандырылды 1975 жылы арнайы кемелермен Астаханнан шыққан экспидиция Каспийдің шығыс жағалауын зерттеді де, Қарабұғазды қоса қамтыған тұнғыш профессионалды картаны сызып шықты. Сол экспедиция Арал бойын Каспиймен байланыстырған Үзбой өзенінің сағасында тапты. Содан бері осынау романтикаға толы хикая геграфтар мен көне тарихқа қызығатындардың мазасын алумен келеді.

I Петр А.Бекович-Черкасскийсзып шыққан картаны Еуропаның көрнекі географыДелильге көрсетіп, Окс өзені Птолемей айтқандай Каспийге емес, бұрын соңды ешкім білмей келген Арал деген теңізге құятынын анықтап, ғылым әлемін аң-таң қалдырды. I ПетрПариж Ғылым академиясының академигі құрметті атағын осы жаңалығы үшін алған. Оның бұл хабарламасы Арал теңізі туралы тұнғыш мәлімет екендігіне XVIII ғасырдың географы Карл Бэрдың: «Адам айтса нанғысыз жай,бірақ Петрге дейін ғылым әлемі жер бетінде Арал теңізінің бар екенін де білмегені анық», деген сөз дәлел.

Алайда Еділден шығып су бойымен Үндістанға жете саламыз деген деме жүзеге асқан жоқ, сонан кейін Ресей тағы бір жүз жылдан астам уақытқа Аралды ұмыт қалдырды. XIX ғасырдың орта шеңінде ғана А.И: Бутаков экспидициясынан кейін теңізге қызығыушылық қайта басталды. Миллиондаған жылдар бұрын бүгінге Арал мен Каспий маңайындағы ел жайлаған кең алқапта ежелгі Тетис мұхитының су шүпілдеп жатқан болатын. Мың-мыңдаған жылдар өтіп, аса қуатты тектоникалық жарылымдар дүниенің дидарын бірте- бірте өзгерте берді, сондай бір катаклизмдердің тұсына ақыры Тетис мұхиты жоғалып тынды. Оның орнында екі тұзды көл – Арал-және Каспийкөлдері пайда болды. Бұл көлдердің үлкендігі соншалық олардың теңіз деп атау баяғыдан –ақ орнығып кеткен. Арал көл-теңіз Азау теңізінен екі есе үлкен, Аралдың айдынына Бельгия мен Голландия қоса-қбат сыиып кетер еді. Өзінің айдынының аумағы жағынан Арал әлемге төртінші орнында, оның алдында Каспий Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл және Африкадағы Виктория көлі ғана түсе алады.Лейтенант А.И. Бутаковпен бірге экспидицияда сол тұста айдауда жүрген ақын Т.Г: Шевченко да болып сапар кезінде Арал өңірінің өмірінен көптеген сүреттер салған.А.И. Бутаков Арал теңізі туралы алғашқығылыми мәліметтерді жеткізісімен –ақ адамдардың оны өзгерте қоюға қолдары қыши кетті. 1871 жылы Киевте жарық көргенжұқалтаң ғана жинақтың авторы Я. Демченко «прорыть мнгосотникиломметорвые каналы, по которым нужен направить в Среднюю Азию врды сибирских рек» деп тұрып бір-ақ тартқан.Сол-ақ екен адам Аралдың тынышын алуды бастап жіберді. Тіпті Әмудария мен Сырдарияны теңізге жеткізбей бұрайық, сөйтіп теіңздің айдынын азайтайықдегенлер де,тіпті жойып жіберейік деушілер де шыққан!

Жыл сайын Аралдың көгілдір айлынынан қалындығы бір метрдей су бұға айналып ұшып кетеді. Әмудария мен Сырдарияның теңіздің жоғалтқанының орнын толтыруға асыға ағатыны да сондықтан. Үш мың жылдан астам уақытан берісолай болып келе жатқан-ды. Табиғатқа адам қол салуы мұң екен, теңіз тартылып жүре берді. Адам деген сол –қашанда өзіне пайда келетін жағына ғана бұрады.

Су балансы 1950-ші жылдардың аяғына дейін сақталып келеді: жыл сайын Аралға 64 текше километрсу құйылып, 63 текше километр су буланып кететін.Алайда,1965 жылдан бастап өзен ағындысының азаюына байланысты теңіздің деңгейі күрт төмендей бастады. Сырдария мен Әмудария суын1960-шы жылдарда қазылған Ферғана, Бетпақдала және басқа да арналар мен су тораптарына қарай тартұылайтын болды. Әрине, мақтаны суару да енді Аралға артылды.

Орта Азияда су баратын жердің бәріне мақта еге береді. Кйде мақта үйдің терезесіне төніп тұратында болады. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыш, ондаған килограмм улыхимикаттар төгіледі.Әр гектардан 23 центнермақта алу үшін мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалады.Әлемдік өлшемдермен алғанда бұл тіпті жоғарғы өнім емес.

Талайға дейін елге қанша мақта керек екенін де ешкім жөндеп білмей келген Тоғыз миллион тонна ма әлде бес милиион тонна ма? Мүмкін тоғыз миллион шығар. Онда неге екі миллион мақта техникалық мақсаттарға жұмсалып үшінші сортты өнімге айналып кетеін? Ысырапқорлық дегенніңшет-шегі болмайтын, экономика бейне бір құтырынып алғандай әсер қалдыратын.

Дабыл қағарлық әңгімелер талайдан естіліп жүргенімен, 1970-ші жылдардың аяқ шеңінде күшейіп алды. Ана жақтан да, мына жақтан да көңіл құлазытар хабарлар жетіп жатты. Аралдың табаны жалаңаштанабастады... Жоғалу теңіз портынан оншақты шақырымға ұзап кетті... Ауа райы өзгерген жан- жануарлар дуниесі құрып бітуге айналған: 178 түрлі жануарлардың арасында қалғаны 38... Тоғайлар төзып барады. Судың жетіспеуінен адамдардың тыныс- тіршілігінің де тамыры тартылып,семіп барады...

Сутартқылардың бей-берекет іске қосылуы, су өлшегіш құралдардың жоқтығы,суарунормаларының тым көтеріңкілігі (оның үстіне жылдар бойы ғылыми тұрғыда дәлелденіп, түзетілмеген) суды оның-солдыысырап етуге әкеліп соқтырады. Ақыр аяғында су жерді күнарландырудың орнына төздыруға айландырады. Мысалы Ферғана алқабына жүз мыңдаған гектар егістіктер бірнеше метірлік судың астында қалып қойады. Айналасы жирмажылдың ішінде Арал теңізі 640 текше километр суынан айырылды. Теңіз өз көлемінің де, аумағының да үштен екі бөлігін жоғалтты, заманында ол ұшы қиырына көз жетпейтін көгілдір алып айдын болатын. Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі-қарсылы жүзіп жататын.Енді болса теіңз деңгейі он үш метрге төмен түсіп кетті. Аралдың айтақырланған табаны (бұл дегеніңіз 2,6 миллион гектарлықжер) қолдан жасалған шөлге айланып шыға келеді, оған Аралқұм деген ат та беріліп үлгерді. Аралқұмда улы тұздың миллиардтаған тонналары шөгіп жатыр. Теңіздің шөлейтке айналған табанынан аспанға тұзды -улы шаң- тозаңның миллиондаған тонналары көтеріліп, оны дала желі алыс аймақтарға алып кетуде. Теіңз тартылған соң шаң бораны жиілей түсті. Шанды бұлттар Памирдің, Алтайдың, Тянь-Шаньның мұздақтарына барып түсіп, бастауың сол жақтан алатын өзендердің режимін бүлдіретін болды.

Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның солыма (вилт) деген ауруына қарсы ДТТхимикаты қолданылатын. Оның құрандысы адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейтін бір бәле. Сол ДДТ және басқа да улы химикаттар көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп тоғыиыла берген. Қазір содан улы бұлттар аспанға көтеріледі.

Кейінгі жылдарда Арал өңірінің малға, балыққа,көрек болып, адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдері тартылп тынды. Осыдан жиырма жылдай ғана бұрын өтіп бара жатқан пойыздарға жұрт жапа- тармағай ұмытылып, жолаушыларға майлы табан мен үп-үлкен қаяздарды ұсынып жататын, диқандар қауынын,қарбызын, қызанақ, қиярын әкелетін вокзалдарға. Сырдың қамысы жайқалған жағалаулар жалаңаштануға айналған соң Қызылорда целлюлоза комбинаты да өлместің күнін зорға көруде. Бурын Қарақалпақстанның, Хорезм жіне Ташауыз облыстарының территориясы Арал теңізінен ескен қоңырсалқын леппен тыныстап тқратыненді ол жақта да ауа құрғап кетті. Аяз болмайтын кезеңжиырма күнге қысқарды.

Бір кезде Арал өңірінде жаңа елді мекендер салынып, ес кілері жаңартылып, үлейтіліп жататын. Тіпті халықаралық курорт ашу жөнінде де әңгіме қозғалған, өйткені көгілдір теңіздің жағалауында жанынане керкетің бәрі табылатын, сәуірден сонау қарашаға дейін судан шықпай шомыла берсең де өз еркің.

Қазір Арал маңайы қаңырап қалған өңірдің халқы да азайып барады.Үшсай деген балықшылар поселкісінде бұрын он мың адам қмір сүрсе, сексенінші жылдардың аяғына қарай мың шамалы ғана адам ұалған болатын. Бір кездежайнап тұрған Арал қаласында бүгінде жұмыссызсенделген адамдарды көресіз. Қаланың өзінің де құты қашып барады:тұз жеп тастағандай сұрқай үйлер, судың жетімсіздігінен құрап кете жаздап тұрған талө терек...Өлі теңіздің жанындағы бұрынғы қалалық портта қансып қирағанбалықшылар кемелері. Арал маіайында 29 сасықкөлпайда болды. Ауыл-аймақтардың малы солардан су ішеді.

Сексенінші жылдардың аяғында «Новый мир» және «Памир» журналдарының тілшілері «Арал-88» атты экспедиция ұйымдастырған болатын. Екі аптаның ішінде экспедицияға қатысушылар Арал теңізі, Сырдария мен Әмудария бассейінінде13 мың шақырым жер жүріп өтті. Теңіз өз порттарынан алпыс-жетпіс шақырым шегініп кеткенінөз көздерімен көрді. Балықшы траулерлері, шхуналар, катерлер, моторлы қайықтар мен барқастар қу медиен далаға айналған теңіз табанында суырылған құмға жонын тосып, тот басып, шіріп жатыр. Сол жерде өткізілген «дөңгелек үстел» мәжілістерінің бірінде «Ноый мир» журналының бас редакторы, жазушы С.П. Залыгинкүйініптұрып былай деген еді: «Біз дәлдүрішсіндер тұмсықтарыңды сұқпайтын жерге сұғасыңдар деп жиі жазғырады. Онда неге бірде- бір министірлік, бірде- бір ведомство осы біздің экспедициямызды бірде-бір рет ұйымдастырмай келген? Ұйымдастырмайтыны – ол ведомстволар өздерінің мүдделерінен басқа ештеңені білгілері де келмейді. Ұйымдастырмайтыны- мұндай іс сапарларға тек өздерінің мамандары ғана шыққанын қалайды».

Расында да, Аралдың ауыр ахуалын ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білетін, ғалымдар мен мамандар да білетін... Біле тұра тақап келе жатқан апаттуралы ащы ақиқатты халықтан әдейі жасырады. 1988 жылдың мамыр айында бұрынғы Көкарал аралы оңтүстікпен құрылықпен қосылып кетті (солтүстік жағында 1977 жылдың өзінде қосылған болатын), сөйтіп Арал Үлкен және Кіші теңізге бөлінді Суы тайыз, тартылуы да қарқынды. Кіші теңіз Қазақстан жағында Үлкен теңіз Өзбекстан жағында қалды. Сол кезде-ақ әр республика өздерінің бөгеттерін тұрғызып, «өз Аралың сумен толтыру қамына кірісті».

Енді Ресей үшін Арал проблемасы таяу көршілердің бас ауыртар мәселесәне айналды. Қазақстанның, Өзбекстан мен Түркіменстанның билік орындарының Аралдан ьасқа айланысар мәселесі де бастан асады. Аралға бөлінер уақыи та,бөлер қаражат та жетпей жатыр. Теңіздің деңгейі жыл сайын жарты метрге төмендеп барады, яғни енді бес - алты жылда Арал теңізіретінде жойылп, әр жер-әржерде бөлек-бөлек қалған, әблен ластанғанбірнеше су қоймаларына айналып кетуі де мүмкін.

P.S. «Сто великих котостроф» жинағындағы «Исчезающий Арал» атты мақаланың авторлары Н. Ионина мен М.Кубеев аяқ жағында тым қара бұлтты төндіріп жібергендей де көрінер. Ылайым, болжамдары келмесін. Дегенмен, Арал апатының ауқымын азайтып көрсетудің де жөні жоқ. Бір үміт еткізерлік жай – тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияның діні бір, тілі ұқсас, бауырлас мемлекеттері Аралдан түпкілікті айырылып қалмаудың қамына кірісіп халықаралық көлемде бірах мәселелерді шешуге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтыңұсынысымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 1993жылдың қаңтарында Ташкентте қабылданған шешімі бойынша сол жылғы 26 наурызда Қызылордада өткен бірінші конференцияда Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық Кеңес құрылды.1993 жылдың 24-26 қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысмен Арал теңізінен сақтау жөніндегі халықаралық шаралар туралы келісім жасалда. Бұл тарапта қолға алынған7 бағларлама 18 жобаның қандайлықнақты нәтиже беретінін уақыт көрсетеді

3 ДӘРІС. Қазақстандағы қупия нүктелер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет