Бақ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013



бет6/18
Дата29.12.2021
өлшемі329,5 Kb.
#106001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise7069
Әтак 5 дарис
Хамза Суханбердин,

Инженер-гидротехник

«Аралға араша» қоғамның мүшесі

Қызыл орда обылысы

Арал қаласы

4 ДӘРІС. Аралдың «Возрожденеие» ядролық қару жасайтын кұпия сынақ аралы



Оба, шешек, безгек және бруцелез ауруларының шығуына себеп болып отыр

Бұл күндері атом космос атом электр станциялары деген сөздер көп айтылып та, жазылып та жүр. Өйткені біз атом электр станцияларының энепгиясын пайдаланып өмір сүріп отырмыз. Бұл терминдер біздің күнделікті тұрмысымызда кең қолданылады. Атом энергиясы –ядролық энергия. Ол табиғи радиоактивті химиялық элементтерден алынады.Олардың атомдарының ядросы ыдыраған кездекезде қисапсыз көп энергия бөлініп шығады. Мұны радиоактивті құбылыс деп атайды. Атом ядросының бөлініп шыққан энергиядан радиациялық сәулелену пайда болады. Ол сәуленің тіршілікке қандай түрі болмасын қатты әсер етеді. Радиациялық сәулелену дозасы бір организмге пайдалы әсер еткенде екінші организмге кері ықпал жасайды.Тіпті оларға мутациялық өзгерістер еңгізіп, тіршілігін жойып та жібере алады. Мысалы қазір дүние жүзінде белгілі ьолып отырған Чернобыль атом электр станциясындағы апатты алайық. Оның негізігі отыны теорий элементінен құралған. Бұл өте күшті радиоактивті элемент. Ол ыдыраған кезде ядросынан көптеген радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, айналадағы тірі организмдерге зиянын тигізеді. Семей полигонында болған ядролық сынақтарда да тапосындай болған. Осы Семейдегі ядролық снақтардың салдарынан соңғы жылдар ішінде елімізде әр жүз мың адамға шаққанда жүйке – психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл ойы кем адамдар 1305 тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дертібарлар3692-ге көбейген. Ал сары ауру,іш ауру, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдетіп барады.Заманымыздың көренктіақыны Олжас Сүлейменов «Известия» газетінде «Мараторийді халық жариядады» деген көлемді мақаласында ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін қазақ елінің жазира даласында 1945 жылдан 1989 жылғы желтоқсанның 31 жұлдызына дейін 642 атом және термоядролық сынақтар өткізілгенін айтады.

Әрбір сынаққ кезінде 25-30 миллион сом ақша жұмсалып отырған. Жалпы қазақ жеріне атом және термоядролық сақтау қондырғылары 1945 жылдан басптап салына бастаған. Және осы жылдан бастап сынақ жұмыстары жүргізіліп отарған. Ол кеде бұл халыққа кұпия еді. Ол кезде бұл аталған қаруды сынаудың халыққа қаншама зиян әкеліп жатқанды да ашық айтылмай келеді. Тағы бір құпия – сол кезде біздің республика территориясында осындай химиялық бактериологиялық қару жасайтын құпия сынақ орталығы болғаныеді белгілі болып отыр. Соның бірі – Арал теңізіңің ортасындағы «Возрождение» аралы. Бұл биологиялық, химиялық қару жасайтын сынақ аралы болған. Мұнда бруцелез, оба, шешек, және безгек ауруларын қоздырғыш бактериялар сыналған. Осыған орай 1948-1950 жылдары теіңздің солтүстік батыс беткейінде орналасқан осы жердегі «Аудан» деп аталатын елді мекенде оба ауруы бұрқ ете түсті.

Бұдан кейбір отбасылық түгелдей қайтыс болды.Сол кеде Мәскеуден анақты дәрігерлер келіп оба ауруымен адамдарды жақсылап емдеудің арқсаында ғана көптеген семьялар ажалдан аман қалды. Сол жылдардан бастап аудан орталығы Арал қаласында обоға қарсы күресу станциясы ашылды. Ал оба ауруының негізгі шығу себебін сол келген дәрігерлер үй және дала тышқандарынан таралған деп дәлелдеді. Осыдан бері кей жылдары аудан көлеміндегі елді мекнге жақын участкелерде оба аурумен ауратын жәндіктер кездесіп отырады. Оның соңғы үстіміздегі жылдың маусым айының 6 күні болды. Оба аурумен ауырған он жеті жасар Жанасыл Мақажановты ағасы трактормен Арал аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне алып келіп, оны аурухананың кезекшісі дәрігер- рениматологы Б. Бармағанбетов тексеріп, оның ауруы обаның «бұындық» дегені деп дәл диагноз қойған. Өйткені науқастың оң жақ шабында ісік пайда болып, жағдайы өте нашарлапкеткен. Дене қызуы 40,5градустан түспеген. Ал бұл Жанасыл Мақжанов Арал қаласының жергілікті тұрғыны екен. Осы жылдың мамыр айының екінші он күндігінің басында ол Арал қаласынан 12 шақырым қашықтықтағы дайлаудың «Маймақ» бөлімшесіне келіп үш отбасының малдарын бағады. Бірақ ол көшіп барған жердегі киіз үйден 5 шақырым жерде малды арнаулы киімсіз, жеңіл аяқ киіммен бағып, құмдағы бүргерлерге мән бермеген. Ал обамен аурған бүргерлердің бір сол жасөспірімді шаққан.

Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстық санэпидстанция және аудандық орталық аурухана дәрігерлері дереу хабардар етіліп, аурудың алдын алу мақсаты мен шопандардың киіз үйлері айналасындағы жерлер, мал бағылатын 3 шақырым радиустағы 450 гектар жер бүргерлер менкеміргіштерден тазартылып, қызтақтағы кеміргіштер жойылды. Ал «маймақ» бөлімшесіндегі 26 түйенің барлығы тексерліп бүргелердентазаланды. Аудан әкімінің шешімімен медициналық қызметтің қолдауын және эпидемиалогиялық негіздерге байланысты «Маймақ» бөлімшесі мен ауданның орталық емханасының жұқпалы аурулар бөлімі «оба ошағы» болып жарияланды. Барлық женрге тәулік бойына дәрігерлік және және полициялық бақылау қойылды. Науқаспен қатынаста болған 31 адам дәрігерлермен егілді. Қазыр бұл кісілердің жағдайлары жаман емес.

Мамандардың айтуы бойынша оба, бүрге,қоян, түлкі сияқты аңдардан, үй жануарлары- түйе, жылқы арқылы адамдар арасында кең таралуы мүмкін. Өйткені осы маусм айы бітпей ақ бұл ауру түрі алдмен Аралда шықса, ол басылмай жатып Ақтөбе обылысының Шалқар ауданының «Мұрынқұм» бөлімшесінен шықты. Мұнда оба аурумен аурған 1992 жылы Ақжол Қорғанов тіркелді «Мұрынқум» бөлімшесі Арал мен Шалқар аудандарының нақ шекаралас жерінде орналасқан. «Мұрынқұм» бөлімшесі қалың құмдақ жерде. Мұнда 24 адам жылқы бағумен айналысады екен. Аймаұтағы құмда оба микробымен уланған тышқандар ұясында бүргелер өте көп болған. Эпизотяның орналасқан жері сол ауыл тұрғындарынан20-30меир ғана қашықтыққа болған. Ал әлгі ауырған бала 24-ші маусым күні малға су беретін науадағы құдықтан алынған салұын суға түседі. Сол күні әр жаңбыр жауған. Кеште баланың қызуы көтеріліп басы аурады, денесіе әлсіздік билейді. Ауру меңдей бастайды.Содан бала жақындығы Арал аудандық ауруханасына жеткізіледі. Баланың дене қызуы 41 градусқа дейін көтеріледі.



Сондықтан дәрігерлер шілденің бірінші жұлдызында оба деген қаупті диагноз қояды. Жіне бұл сирек кездесетін «ангинозды бубонды» түрі екен Республика тарихында обаның түрлері бірнеше рет тіркелген. Балаға бұл ауру осы «Мұрынқұм» бөлімшесіндегі жерден 15 метр тереңдігтегі құдықтың суынан болған. Өйткені құдық сантарлық-гигиеналық талапқа сай болмаған, лас болған. Оның арнайы қоршауы болмағандықтан жан- жақтағы тесігінен ішіне түрлі кеміргіштер түсіп кеткен. Бірақ судың бетінде түрлі лас заттар жүзіп жүрсе де адамдар оны ауыз су ретінде пайдаланған әрі жылқыларды суарып келген. Дәрігерлердің болжамы бойынша бала науадағы суға түскенде обамен зақымдалған суды жүтқан, ал сумен бірге оба микробы ішке енген. Тек дер кезінде көрсетілген шаралардың арұасында ғана ауру уақытында тоқталады.Аурумен қатынаста болған 99 адам профилактикалықем алып оларға егу жұмыстары жүргізілді. Мұнда оба аурумен аурған адам биыл сонау Маңғыстау обылысыныңшеткері бір «Мантай» құмында да тіркелді Мұндағы обамен ауырған адамоны түйенің етінен жұқтырыпты. Бұл оба ауруы тек қана осы Арал теңізінің айналасынан шыққан. Оның бірден бір себебі «Возрождение» аралындағы жасырын химиялық бактериалогиялықсоғыс қаруын сынаудан болған.Өйткені бұл өңірдің жері су,ауа, құрамы кезінде радиациямен уланған. Бұл аталған аралда бактериологиялық қалдықтардың қоймасы сақталуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Ажал тудыратын бактериалогиялықадамзат үшін қауіпі өте зор. Арал теңізі бұл күндері жер бетінен жоғалуға таяутұр деп айтуға әбден болады. Өйткені теңіздің бұрынғы 66 мың шаршы шақырымнан қазір оның үштен біріндей-ақ су айдыны қалып отыр. Бұл шамамен 25 мың шаршы шақырымға жуық. Осыған орай теңіздің аңқасы кеуіп, табандағы құрғау процесі ұлғайған сайын жұқпалы бактериялардығ таралу мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан бұл өңірінде жұқпалы аурудың қандай түрлі болса да кездесуі мүмкін. Соның ішінде кейінгі кездері аудан көлемінде бүйрек, жүрек, қан қысымы, құық, өтте лас пайда болу, анемия аурулары көбейіп барады. Әсіресе соңғы кездері есі кеміс, психика, өзін-өзі асып өлтіру аурулары тіпті етек алып бара жатыр. Бұған қазір аудан орталығынан жүйке ауруын емдейтін аурухананың ашылуы толық дәлел бола алады. Тубуркулез ауруы да бұл өіңрдің халқын әбден меңдетіп барады. Қазір бұл төңіректе тіршілк етіп отырған адамдардың денесіндегі қанның құрамында жоғарыда сөз болған әртүрлі бактериялықулардың түрі кеселді ауруларға тез ушыруы себебі де осыдан болуы керек.

Мен Арал теңізі өзінең деңгейінде толып тұрған кезінде оның оңтүстігінде Қарақалпақ еліне маторлы кеме қайығы арқылы жүзіп бара жатқан кезімізде сол «Возрождение » аралының жақын тұстарынан өлген балықтарды басқа да су жәндіктерінің бірнеше түрлерін өз көзіммен. Олар су бетінде қалқып жүрді. Кейін де сол Мойнақ қаласынан 4-5 жыл бойы барып жүргенбе «Возрождение» аралынан түнде де күндіз де тарсыл -тұрсыл құлаққа естіліп жататын. Демек, сол кезеде осы «Возрождение » аралында химиялық, бактериологиялық қару салынып жатқан. Қазір бұл төңіректегіт оба ауруының ошақтарының әр жерден бұрық етуі менің пікірімше сол аурып өлген балықтардан, басқа су жәндіктерінен, суы қайтқан теңіз ұлатындағы олардың қаңқасынан болып отырған сияқты.Сол аралдағы қаупті қарудың қарудың қалдырғандықтарынан да, желмен ауаға ұшқан жағымсыз микробтардың әсерінен болуы да әбден мүмкін.Бұлай дейтінім қазыр облыс төңірегіндегі бір қатар мекендер мен шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдарына аусыл деген ауру шықты. Осы үстіміздегі жылдың маусым айында Қармақшы ауданындағы Жосалы қыстағында, III-ші интернационал басқа да біраз шаруашылықтарда мүйізді ірі қара малдары осы ауру мен ауырды Аудан территорясында карантин жарияланып, төрт жерге малдәрігерлік полиция бекеттері қойылды. Сөйтіп аудандағы барлық елді- мекеннің мүйізді ірі қара малдары малдәрігерлік тесеруден өткізіліп, оларға емдеу шаралары жүргізілді. Арал қаласындағы обаға қарсы күрес станциясы бұрын аудан көлеміндегі оба ошағын жандандаратын тышқандармен кеміргіштердіболдырмау мақсатында олармен аянбай жұмыс жүргізіп келгендігі осы өңірдің халқына аян.Ал қазыр қаржының тапшылығынан бұл аталған мекеме жабылып қалудың аз-аз алдында тұр.Бұрын осы тәріздес аудан орталығында шегірткемен аяусыз жұмыс жүргізіп келген мекеменің де жабылып қалғанына 3-4 жылдың жүзі болды.Құрып опат болып жатыр бәрі бар жерде Ал осының тақсыретін қазыр обылысымыздағы Арал мен Қазалы аудандары тартып отыр.Өйткені бұл аталған аудандар биыл шегіркелерден бас кқтере алмай қалды. Шегіркелер барлық жерде қырғидай тиюде. Осындайдан әлгі оба ошағындағы кемергіштер мен тышқандар көбейіп барады.Сондықтан Арал қаласындағы обаға қарсы күресу станциясының жұмысынан қалай да қайта жандандырып, оған керекті дәрі-дәрмектерді, басқа да құрал- жабдықтарды да толық жеткізу керек. Бұл бүгінгі күннің ең өзекті ісі. Кез- келген адам биосфера ішінде азды- көпті табиғи радиация әсерін алап тұратыны анық. Ол үш түрден құралады. Космостық радиация- протондар, альфа бөлшектері гамма сәулелер мен ауа, су, тамақ арқылы келіп біздің организмімізге араласатын радиактивті заттармен. Өсімдіктер түрлерінің радиоактивті заттармен зақымдануы адамдар денсаулықына үлкен қатер тударады.Өйтекні өсімдіктермен мал қоректенеді, ал мал етін жеп, болмаса сүтін ішкен адамдардың ішкі органдарына радиоактивті қалдықтардың концентрациясы артып, олардың функциясын әлсіретеді, тіпті адам өміріне қауіп тудырады. Дәрігерлер және биологтардың мәліменттеріне қарағанда радиоактивті заттармен жарақаттанған адамдар басқа ауруларға да тез шалдығады екен.Олардан балалар тумайды, кейбірінің дене мүшелері қисайып, кемтар және кескінсізболатынын бүгінде естіп те, көріп те отырмыз. Сондықтан адамдар өздері өмір сүретін ортасын, биосфераны бұзылудан, бүлінуден сақтаы керек. Ал «Возрождение» аралының қаупі территориялық орналасу жағдайына қарай Өзбекстанға тиіп отыр. «Возрождение» аралының қаупі екеніне мына әңгіме де куә. Қазақстан республикасы егемендігін алғаннан кейін Арал теңізін шаралап жүрген бір кеме капитаны қызық үшін сол «Возрождение» аралын көрейін деп әрі кемеге керекті механизм бөлшектері болса сол тұрған кемелерден алайын деген оймен баяғы «Возрождение» аралының шет жағына барады.Барса еш бір адамды көрмейді. Сөйтіп жатқанда Өзекстаннан тік ұшақпен әскери шені бар бір топ адамдар келіп бұларға тездетіп кейін қайтыңдар, мұндағы тұрған заттардың ешқайсына қол тигізуші болмаңдар,өйткеі ол өмірлеріңе қатер төндіреді, дейді. Әлгі капитан кері қайтып аман-сау еліне оралады.Бір күн сөз реті келгенде баяғы «Возрождение» аралынабарған кеме капитанынан с із осы аралдан неі көрдіңіз деген кезде ол «не жаныңа керекті заттардың бәрін ашық күйінде Аралға тастап орыстар Ресейге қаша жөнеліпті, - дейді». Әлгі кеме капитаны «егер мен сол сапарда аралдан бір зат ала қойған кезімде бүгінде өліп қалуым әбден мүмкін –ау деп осы күні өз- өзімнен жатып алып ойлаймын»,- деп өз сөзін түйіндепті.

Ол ол ма, бізге жақын «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы көп жылдан бері ұшырлып жатқан зымырандар да бұл өңірдегі атмосфералықауаның радиоактивтігін көбейтіп отыр. Өйткені байқоңырдан осы күні орташа есеппен жылына 20 зымыран ұшырылып тұрады екен. Онсыз да бұл өңірдің оңып тұрмағнауа құрамын әлгі ұшып жатқан зымырандар одан сайын улау үстінде. Жақында ғана «Протон» зымыранының жерге қулап одан 42 тонна гептильмайының ашық аспан астында тарауы бұл айтқан сөзімізге толық дәлел бола алады.

Сондай- ақ бұрын осындай жарты миллион киіктердің қырылып қалғаны белгілі.Ұшырылған зымырандардың бұл өңірдіңжер, су, және ауа құрамдарынулап жатқаны, республика бойынша адам өлімінің мұнда аса жоғары екендігі нақ осыдан. Мұнда адамның орташа өмір жасының тым қысқалығы, яғни 50-54 жасшамасында болуы сұмдық қой.

Біздіңше «Арал өңіріндегі экологиялық қасрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» қабылданған заңдағы жеңілдіктерді үстіміздегі жылы «қалтадағы» парламент депутаттарының алып тастауы тіпті түсініксіз жәйт. Сонда бұл жоғарыда отырған қолында билігі бар лауазымды мырзалардың Арал өңіріндегі адамдар өлмесе тұрмасын тіпті олардың саны азая берсін дегені ғой деген ой өз-өзінен тұындайды. Қорта айтқанда, айанышты Арал тағдыры үкімет дәрежесінде шешілуі керек. Бұрынғы Апал жөніндегі қабылданған заңды қайта қарап, оны тез арада іске асыру қажет. Бұл шұғыл шара алуды керек етеді. Осы өңірдегі тіршілік етіп жатқан адамдардың қарғысына қалмауы керек ел басшылары.

Қызылорда қаласы.

5 ДӘРІС. Қасірет аймағының құписы мен ақиқаты





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет